1-мәтін Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары»



Дата17.10.2019
өлшемі11,32 Kb.
1-мәтін

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың негізгі механизмдері көрсетілді. 

2-мәтін

Бүгінде бізді «Мәң­гілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді», – деді. Шындығында, бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде қазақ ұлтының үлесі - 63,6 %, орыстар – 23,3%, өзбектер – 2,9%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,1%, басқа ұлыстар 4,5% құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет