1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық сөз a аталы сөзге арсыз таласар



бет1/3
Дата14.11.2022
өлшемі22,09 Kb.
#158087
  1   2   3
Байланысты:
10 нұсқа


10 нұсқа
Құлақ беру
Қонақтарға ет тартылып, дастарқанға бата жасалғаннан соң, бас ұстаған қария бастың езуінен бір кесіп, өзі ауыз тиеді де, оң құлағын сол үйдің кіші баласына береді. «Жақсы сөзге құлағың үйір, саққұлақ бол!», «Аталы сөзді аттап өтпейтін атпал азамат бол!» - деген секілді тілек айтады. Мұның тәлім-тәрбиелік мәні бар. Үнемі қариялардың қолынан дәм татып, өнегелі үлкенді сыйлайтын, сөз қадірін, сөз мәйегін түсінетін ұғымтал болуға құлшынады. Халқымыз небір қасіретті қиын замандарды бастан кешірсе де, балаға сергек сезім, сенім ұялататын «құлақ беру» дәстүрін жалғастырып келеді. Қаланың асыра «мәдениетті» балалары құлақ жемегенімен ауыл баласы аталардан әлі күнге дейін құлақ күтіп елеңдеп тұрады.

1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық сөз


A) Аталы сөзге арсыз таласар.
B) Ұсталы ел озар.
C) Жақсы дәстүр жан семіртеді.
D) Балалы үй – базар.
E) Озар елдің ұлы өнерлі.

2. Қариялардың қолынан дәм татқан балада болатын қасиет


A) Құлақ беру дәстүрін жалғастырады.
B) Епсіз азамат болады.
C) Сөз түсінер ұғымтал болады
D) Қала балаларынан озық болады
E) Басты қадірлейтін болады.


Ен салып, енші беру
Малдың құлағын тіліп немесе ойып, белгі - ен салады. Ол малы жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен деген түрлері бар.
Енші беру – ата-ана баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығару дәстүрі. Малынан мал, мүлкінен мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып, отау тігеді. Егер ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі артында қалған балаларына бөлініп беріледі. Әке орнында әке болып отырған қара шаңырақ иесінің мұраны бөліспеуі, тасбауырлық болып есептеледі. Сондықтан ата-аналары балаларының арасында алауыздық болмауы үшін, алдын ала еншілерін бөліп берген. Бұл аға мен іні арасын бірлікте ұстауға, өзара қиындықта қарайласуға септігін тигізген.
3. Ен түрлері
A) Тесік ен, кесіп ен
B) Кез ен, кесік ен
C) Тілік ен, тез ен
D) Бұрыш ен,еншібас
E) Мүлік, қиық ен

4. Енші беру


A) Бөлек шыққан баласына мал-мүлкінен бөліп береді
B) Малдың құлағына тіліп, ойып ен салады
C) Жас жұбайларға қыз төркіні мал береді
D) Ағасы інісіне мал-мүлік береді
E) Ата-анасы жоқ балаға дүние-мүлік беріледі

5. Балаға енші беріп, бөлек шығару себебі


A) мал-мүлкі көбейгендіктен.
B) ағайын басын қосу үшін
C) аға-іні бір-біріне сенбегендіктен
D) өз күнін өзі көре алатындықтан
E) ата-ана қадірін білсін дегендіктен

6. Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой


A) Ас көп болса, кәде көп
B) Алтын алсаң, санап ал
C) Елі мықтының, белі мықты
D) Әлін білмеген – әлек
E) Қазақтың ақылы салтында




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет