1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық сөз a аталы сөзге арсыз таласар



бет2/3
Дата14.11.2022
өлшемі22,09 Kb.
#158087
1   2   3
Байланысты:
10 нұсқа

Сырмақтыңкөлеміментүрлері
1. Халқымызда сырмақ жасайтын шеберлер көп. Олар өз жұмыстарын жақсы білген ісмерлер болған. Ең алдымен, сырмақ жасаушы шеберлер өзі білетін немесе қолында бар ою үлгілерінің қайсысын алып, оны қалай орналастыруды қарастырады. Сонан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектердің қағаз бентеріге түсірілген үлгісін киіздің үстіне салып, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен немесе қайшымен мінсіз етіп қиып алады да, сырмақ бетіне салады. Оң беті қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі. Сырт оюлары ақ киіздің шетіне келіп, ақ киіздің ортасы осы қара шеттің ішінен орналастырылған, екі түсті, оны жөрмеп тігеді. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы беті құрастырылып болған соң, ою жапсарларының үстінен боялған жиек бастырады. Мұны «жиектеу» дейді. Оюларын жиекпен басып болған сырмақты астар төсеп, бетпен қоса сыриды. Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі – жеке жіптің өзімен әрлі-берлі тік шаншып сыру арқылы тігу де, екіншісі – қос жіппен сырып тігу. Бұл әдіс инедегі жіптің астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып, сыру арқылы іске асырылады. Мұндай тігіс тігін машинасының тігісіне ұқсайды.
2. Сырмақты сыру үнемі ою-өрнектердің бағытымен оюлана сырылады. Сырылып болған соң, сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады. Жиек жіптер неғұрлым ашық түсті, ұяң ақ жүннен иіріледі. Ақ жүнге бояу жақсы қонады. Жиек жібін иіру алдында одан істегелі отырған бұйымының көлеміне қарап, қанша метр немесе қанша құлаш керектігін алдын-ала есептеп шамалайды.
3. Қазақ халқының ескі ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға ретінде белгіленгені тәрізді, үй-іші төсенішінің, үй мүліктерінің де жас мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болған. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың ескі ғұрпында көбінесе, оң жақта отырған қыздың астына немесе қара жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін. Ал дебіске сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектер мен күйеу жігіттерге төсейтін. Дебіске сырмақты тұскиіз орнына да пайдаланған.

7. Сырт оюлар орналасатын киіздің бөлігі


A) Ақ киіздің ортасына
B) Ақ киіздің бұрышына
C) Ақ киіздің жиектеуіне
D) Ақ киіздің шетіне
E) Ақ киіздің тігісіне

8. Жиек жібін иіру алдындағы әрекет


A) Қанша құлаш жіп керек екендігін есептейді
B) Жиек жібін сырып алады
C) Жиек жібінің жүнін бояп алады
D) Жиек жібін иіруге адам тағайындайды
E) Сырмақты сырып алады

9. Сырмақ жасаушылардың бастапқы әрекеті


A) Сырмақ жиектейтін жиек жіпті иіріп алады
B) Сырт оюларды сырмаққа орналастырады
C) Сырмақтың оюлы бетін орналастырып алады
D) Қолындағы оюларды қалай орналастыруды ойластырады
E) Сырмаққа арналған киіздің оң бетін оң бетін еденге жаяды

10. Сырмақ сырудың бағыты


A) Ою-өрнектердің бағытымен
B) Жиек жіп бағытымен
C) Киіздің сыртқы бағытымен
D) Сырмақтың тегіс шетімен
E) Сырмақтың ортасымен
11. Мәтін мазмұнын ашатын даналық ой
A) Өнер сыры – өрнекте
B) Жігітке жеті өнер де аз.
C) Өнерден сауған өлмес.
D) Өнер – қанат, білім – сағат
E) Ұста пышаққа жарымас

12. Мәтіннің соңғы азатжолындағы айтылған ой


A) Сырмаққа қатысты ғұрыптар
B) Сырмақтың жиектелуі
C) Сырмақтың сырылуы
D) Сырмақтың жасалуы
E) Сырмақтың оюлары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет