1. Шизофрениямен науқастың психикалық статусын сипаттау



бет1/4
Дата31.05.2022
өлшемі87,54 Kb.
#145642
  1   2   3   4
Байланысты:
навык псих
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык

1. Шизофрениямен науқастың психикалық статусын сипаттау.
Шизофрениямен ауыратын науқастың психикалық статусын сипаттау.
-Әсер ету сандырағы немесе басқа сандырақ ойлар.
- Ойлау үрдісінде бөтен араласулар сезімі.
- Тұрақты вербальды галлюцинциялар (псевдо галлюцинациялар).
- Ойлау үрдісі формальды мағынасыз логика мазмұн алады (резонерлік үзілу. паралогия, символизм).
- Катониялық синдром.
- Аутизм, апатия, эмоциональды тұрақсыздық, оғаш қылықтар, әрекетсіздік.
Параноидты шизофрения.
салыстырмалы тұрақтылық,жиі параноидты, сандырақты, көбінесе есту галлюцинацияларымен жүретін , қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді. Сана-сезім, ерік, ойлау бұзылыстары, кататоникалық симптомдар әлсіз көрінеді. Шизофренияның параноидты түрінде ауру күйінде сандырақ идеялар басым келеді. Көбінесе галлюцинациялардың байқалуымен қоса жүреді. Бір жағдайларда ауру жедел басталып, бас кезінде үзік-үзік және ауытқымалы пікірлер нақты сипатта көрінеді(“бейнелі” сандырақ
Гебефренді шизофрения
гебефренді синдром. Мінез құлықтың үзік-үзіктігімен қатар келеңсіздігі, сөздің ерекшелігі, сезімнің айқын орнықсыздығы білінеді. Ауру бет-аузын қисайтады, оның әрекеті ерекше сиықсыздығымен ерекшеленеді, кейде сотқарлық немесе есерлік сипат алғандай болады. Сезімдік әсер шектен тыс орнықсыз және дәлелсіз болған жағдайда құрғақ өнімсіз эйфория басым болады. Біршама қолайсыз уақыттан кейін ойлаудың үзік-үзіктілігі айқын байқалатын кемақылдық тез басталады. Ал кейбір жекелеген жайдайларда едәуір терең ремиссия байқалады.
Кататоникалық шизофрения
Бұл қозғалыс бұзылыстарының басым болуымен сипатталады. Кататоникалық ступор науқастардың ыңғайсыз, жасанды, шаушау сезімін сезінбей ұзақ уақыт бір қалыпта(позада) тұруымен ерекшеленеді. Мысалы, ауалы жастықша симтомы, капюшон симптомы, ұрықтық қалыпты сақтайды. Бұл кезде бұлшықет тонусы күрт жоғарыланған. Ол науқас тардың ары қарай бір қалыпты сақтауына көмектеседі. Примитивті рефлекстер тежеледі. Науқастарға негативизм және мутизм тән. Кейбіреулеріне кататоникалық қозулар тән. Кататонияның басқа симптомдарына қозғалысты, мимиканы, сөздерді қайталау (эхопраксия, эхомимия, эхолалия) тән.
Қарапайым шизофрения
Бұл түрі қызығу жоғалуының өрши түсуімен, босаңдықтық, сезімдік немқұрайлылықтың, тұйықтықтың, парасат жағынан өнімісіздіктің өсе түсуімен сипатталады. Бұл жағдайда, әдетте, дыбыс беру түріндегі жұтаң және қарапайым есту галлюцинациясы орын алады.ойлау дәйексіздігі байқалып, уақыт өте келе үзік-үзік түрде неғұрлым анық көрінетіндей күйге жетеді. Бұл түрі үшін аурулық құбылыстардың баяу өсуі тән. Бұл жағдай аурудың беті қайтуы сирек байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет