1. Негізгі бөлім Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар


-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері (авторы И. Нұғыманов)



бет7/8
Дата12.10.2023
өлшемі151,5 Kb.
#185047
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-6355
5000. ФИЗИКА, 1 сынып-10 тақырып Роботпен алғашқы танысуым, Рефарат Сүлеймен Аяжан, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестация сұрақтары
1.4 9-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері (авторы И. Нұғыманов).

Министрліктің бекітуімен жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулықтың өңделгеннен кейінгі құрылымымен танысатын болсақ.


Оқулық алғысөзден, 8-сыныптағы химия пәнінің негізіг тақырыптарын қайталау бөлімінен және төрт тараудан тұрады.
Бұрынғы дәстүрлі оқулықтарда осы жылы оқылытын жаңа материал бірден басталатын болса, 9-сыныптың жаңа буын «Химия» оқулығын бағдарламаға сәйкес 8-сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталаудан басталған. Бұл бөлімде «Атом құрылысы», «Д.И. Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі» мен «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтар» деген екі параграф қамтылды.
I тарауда электролиттер, бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация және диссоциациялану механизмі, ион алмасу реакциялары, тұздар гидролизі жөніндегі негізгі мәселелер, т.б. материалдар қамтылды. Иондардың қасиеттерін және олардың олардың арасындағы алмасу реакцияларының мәнін тереңдете ашу мақсатында иондық сапалық реакциялары және гидролиз кезінде индикаторлар түсінің өзгеруіне кестелер берілді.
II және III тараулар осы ретпен бейметалдар мен металдарға және олардың табиғи қосылыстары мен маңызына арналды. Бұрынғы оқулықтардан өзгешелігі ─ бейметалдар мен металдарды топшаларға бөліп қарастырылмаған. Оларға ортақ мәселелер жалпы түрде баяндалғаннан кейін, қосылыстары табиғатта жиі кездесетін және практикалық маңызы жоғары өкілдері мен олардың қосылыстары жөнінде білім беру көзделді.
Тағы бір ерекшелігі ─ бұл тарауларда бейметалдар мен металдарды және олардың қосылыстарын қолдануымен байланысты туындайтын экологиялық мәселелер, Қазақстанда кездесетін табиғи қосылыстары мен кен орындары жөнінде білім беріледі.
IV тарауда 9-сынып оқулығындағы басты жаңалықтардың бірі органикалық заттар жөніндегі алғашқы түсініктер берілді. Бұл тақырып жаңа білім беру реформасына сәйкес мектептің негізгі сатысында аяқталған білім беруді көздейді. Тарауда органикалық заттар жөнінде алғашқы түсініктер ғана берілгенін қайталай отырып, білім мазмұны мектептің жоғарғы сатысында немесе арнайы орта оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік беретіндей етіп қана іріктелген. Сондай-ақ химиядан 8, 9-сыныптарға арналған бағдарламада (2004ж.) көрсетілмесе де, оқулықта альдегидтер мен күрделі эфирлер жөнінде алғашқы түсініктер беріліп, қосымша материал ретінде кіші шрифтілермен терілді. Альдегидтер жөнінде материалдың берілу себебі органикалық қосылыстар (спирттер → альдегидтер → карбон қышқылдары) арасындағы генетикалық байланыстарды толық ашу және органикалық қосылыстар жөнінде бірізді жүйелі білім беру мақсаты көзделді. Күрделі эфирлердің құрылымы мен қасиеттері жөнінде бастапқы білімі жоқ оқушыларға майлар мен синтетикалық жуғыш заттар туралы айту тіпті қиын болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кейбір заттардың өндірісте өндірілуі жөнінде, мысалы, күкірт қышқылы, аммиак, шойын, болат өндірістері жөнінде де материалдар берілді.
Химия пәнін химиялық экспериментсіз оқыту мүмкін емес, сондықтан оқулықта әр тарау сайын оқушылар білімін бекітуге арналған зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар қамтылды. Бұл жұмыстар мазмұны теориялық білімді іс жүзінде дәлдеуге мүмкіндік беретін және орындалу техникасы кез келген мектептің жағдайына лайық тәжірибелер мен мүмкіндігінше әр зертханада бар, жеңіл табылатын реактивтерді пайдаланатын болады. Оларды мұғалім мектептің жағдайына лайықтап, өзгертіп қолдануына болады. Сондай-ақ әр параграфтың соңында жоғарыда айтылғандай тиісті жаттығулар, есептер, әр түрлі тапсырмалар деңгейге бөлініп, шартты белгілермен айшықталып берілген. Оқулық соңындағы қосымшада оқушыларға арналған химиялық тапсырмаларды орындауға көмегі бар кестелер және сан есептерінің жауаптары келтірілді. Кітап мұқабасының ішкі беттерінде ең қажетті болып табылатын «Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі» мен «Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі» кестелері басылды. Оқулықта берілген суреттер негізінен параграф мазмұнын ашатындай етіліп, екі түрлі түспен берілген. [2]
Оқулықпен бірге мұғалімдерге арналған «Химиядан әдістемелік нұсқау» және оқушыларға арналған «Химия есептері мен жаттығулары жинағы» да оқулыққа сәйкестендіріліп өңделді.
Әдістемеде химия оқулықтарын дайындау тұжырымдамасы, оқулықтағы негізгі мазмұнды таңдап алу ұстанымдары, құрылымы жөнінде, тақырыптық жоспар мен әр сабақтың жалпы түрдегі әдістемелері, Қазақстандағы химия ғылымынң дамуы, химик ғалымдар және маңызды кен орындары жөнінде материалдар беріліп, үлгі ретінде химиядан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі келтірілген.
Есептер мен жаттығулар жинағы оқу-әдістемелік кешендердің маңызды бөлігі. Онда оқулықта берілген теориялық материалдарды бекітіп, дамытатындай біртіндеп күрделену ұстанымы сақталып, деңгейлеген (алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) есептер, жаттығулар және қазіргі күн талабына сай бірнеше жауаптарынан дұрысын таңдау арқылы орындалатын тест тапсырмалары берілді. Сондай-ақ химиядан терең білім алғысы келетін оқушылар үшін жоғары шығармашылық деңгейдегі олимпиадалық есептер мен жаттығулар қамтылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет