1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет1/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)




1. Оқытушы туралы мәліметтер.


Дәріскер: «Биология, өсімдікті қорғау және карантин» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Есенбекова Гулзат Туйешиевна, gulzat_es@mail.ru иден.номер 9446358456; пароль 123456 кабинет 5102. Консультация беру уақыты дүйсенбі 14.00-16.00
2. Курстың қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқыту мақсаты: Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының өсімдіктермен өзара байланысын, биологиялық ерекшеліктерін, зияндылықтарын шектейтын факторларды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын сақтау және жоғарылату мақсатында күресу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру.
Пәнді зерделеу міндеттері: Өсімдіктердің зиянкестерінің түр құрамын және талауын оқып-үйрену; Өсімдік ауру қоздырғыштарының және ауруларының түр құрамын және талауын оқып-үйрену; Зиянды ағзалардың өсімдіктермен өзара байланысын, биологиялық ерекшеліктерін және зияндылықтарын ажырата білу; Шектейтін факторларды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын сақтау және жоғарылату мақсатында күресу шараларды жүйелі түрде құрастыру; Өсімдіктердің фитосанитариялық жағдайларын басқару және реттеу жөнінде теориялық білім және практикалық тәлім алу.


ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ



Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)

Дескрипторлардың сипаттамасы
.

1

ON7 - Зиянды организмдердің морфо-биологиялық ерекшеліктерін ажырату, сипаттау, дақылдардың фитосанитарлық жағдайын талдау, ауылшаруашылық дақылдары үшін вегетациялық кезеңдер үшін агроэкожүйелерді фитосанитарлық оңтайландыру технологияларын әзірлеу

Білу, түсіну және академиялық адалдық қағидалар мен мәдениетінің маңызын ұстану. Пәнді меңгеру барысында студент ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен қоздырғыштарының өсімдіктермен өзара байланысын, биологиялық ерекшеліктерін, зияндылықты шектейтін факторларды ескере отырып, ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптерімен күресу, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын сақтау және арттыру бойынша іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды игереді.
Тәжірибеде білімді және түсінікті пайдалану, алған білімді қолдана білу. Мәдени дақылдарының өнімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында зиянды ағзалардан келетін шығындарды ескеріп, күресу шараларын жүйелі түрде пайдаланып, өсімдіктердің фитосанитариялық жағдайларын басқару және реттеу;
Биоэтика принциптерін, шаруашылықтың өсімдік құралдарына мұқтаждығын; зиянды ағзаларға қарсы өсімдік қорғау құралдарын қолданудың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігін есептеудің заманауи әдістерін білу, коммуникативтік дағдыларын игеру.
Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау саласындағы ғылыми және арнайы әдебиеттерді қолдану; Ойын айтуға, идеяны бағалауға және қорытынды шығаруға қабілеті - өздігінен пікір шығаруды игеру, Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгеру, оларды зерттеу саласында қолдана білу.
Қазақстанда Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерінің түрлері туралы ғылыммен таныстыру. Ғылымның осы бағыттағы жетістіктерімен таныстыру. Ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу және өсімдік ауруларымен күресуде озық тәжірбиені пайдалану, тәжірибелік дағдыларын игеру.

ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: Бұл пәнді меңгеру үшін агрометеорология, организмнің жалпы биологиясы, бейорганикалық және органикалық химия т.б. сияқты пәндерінен білімі жеткілікті болуы тиіс.
ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ «Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау» пәнін оқып-білу басқа арнайы пәндерді: агрохимия, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы және т.б. пәндерін терең игеруіне мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет