1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет9/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Саяқ және үйірлі шегірткелердің айырмашылықтары.
Денесінің түсі бірдей, сонымен итальян шегірткесі басқа үйірлі шегірткелерден ерекше. Морфологиялық айырмашылықтары: ересек үйірлі шегірткелер үлкен келеді, ал үстіңгі қанаттары және қанаттары ұзынырақ саяқ шегірткелердің түрлеріне қарағанда әдетте, ересек шегірткелерді саяқ немесе үйірлі шегірткеге жатқызу үшін арнайы көрсеткіштері болады – денесінің мүшелері және олардың индексі. Әдетте көбінесе үйірлі шегірткеге үстіңгі қанатының ұзындығы (Е) қатынасы, артқы жамбасының ұзындығына (F). Ересек итальян саяқ шегірткесінің көрсеткіші аналықтары 1,40, аталықтары1,42, ал үйірлі шегірткенікі Е/F 1,60 ( аналықтары) және 1,625 (аталықтары) индекспен сипатталады.
Күбіршегі доға тәріздес, ұзындығы 22-42 мм, екі жағынан құрылған – арнаулы аналығы бөліп шығаратын сұйық затпен, қатайған топырақтан құралған күбіршекте жұмыртқа салады. Арнаулы бөлімнің ұзындығы 10-21 мм, диаметрі 3,5-4,0 мм, сұйығы ақшыл-мөлдір. Жұмыртқа орналасқан бөлігі 10-22, диаметрі 5,5-5,6, қабырғасының қалыңдығы 0,2-0,5 мм. Жұмыртқалары сары, саны 30-45 дана, төрт қатарға орналасқан, 45-80 градус бұрышта.
Саяқ шегірткелер
Атбасарлық саяқ шегірткесі–Dociostaurus krausci Ingen. Құрғақ және құмды аймақтарда таралған. Маңғышлақ және үстірт жайылымдарда атбасарлық шегіртке кейбір жылдары жоғарғы деңгейде дамуы тіркеледі, астық дақыл өсімдіктер және жусанмен қоректенеді. Ересек зиянкестің ұзындығы 16-26 мм. Денесі қоңырлау немесе топырақты сұр. Алдыңғы арқасында ашық айқышты суреті бар. Үстіңгі қанаттары аталықтарында кеудесінен ұзындау, аналықтарының аяғына жетпейді. Артқы жамбасы жуан, артқы балтыры қара.
Күбіршігі қалың, доғаша иілген. Ұзындығы 11-15 мм, көлденең 5-5,6 мм, қабырғалары жұқа қабықтан және сырты қатып қалған топырақтан тұрады. Күбіршікте көпірген сұйығы жоқ. Шығатын тесігі топырақпен жабылған. Күбіршіктің төменгі жағында 5-16 жұмыртқа орналасқан. Дернәсілдерінің шығуы ерте тіркеледі, Солтүстік Қазақстанда мамыр айының бірінші онкүндігінде, оңтүстікте наурыз айының аяғында болады. Дернәсілдердің дамуы 25-35 күнге созылады. Қанаттанғаннан кейін аналықтары шағылысып, жұмыртқалайды. Әрбір аналығы 3-5 күбіршікті жеңіл топыраққа салады. Атбасар саяқ шегірткесі
Қазақстанның оңтүстігінде зиянды айқышты шегіртке түрімен кездеседі. Бояуы қоңыр, сұр көрінеді. Денесінің ұзындығы аталықтарында 12-18 мм, аналықтарында 16-25 мм. Аналықтарының артқы аяғы қызыл, аталықтарында – сары. Аналықтарының үстіңгі қанаттары артқы аяғының жамбасына жетеді. Күбіршігінің ұзындығы 27мм, көлденең 4-6 мм, үстіңгі жағы түзу, күбіршікте 15-21 жұмыртқа. Атбасарлық шегірткелер көбейген жылдары, әсіресе зиянды айқышты саяқ шегіртке астық дақылды өсімдіктерге зиян келтіреді. Құмды және құрғақшылық жерлерде кездеседі. Оңтүстікте мақта алқабына зиян келтіреді.
Сібірлік саяқ шегіртке – Gomphocerus sibiricus L. Солтүстік аймақтарда ең көп зиян келтіретін шегіртке. Астық дақылды өсімдіктерді зақымдайды. Жылы жерлерді таңдайды, көбінесе сирек өсетін шөптерді, ескі айдалым жерлерде, мал жайылымында қоныстайды. Аталықтарының денесінің ұзындығы 15-20 мм, аналықтарында 19-25,9 мм. Бояуы сұр немесе көкшіл. Аталықтарының мұртшалары шеті тіреуіштей жуан. Алдыңғы арқасында ақшыл жолақтары орналасқан, ішінен қарайған, аталықтарының бас жағы қампиған. Үстіңгі қанаттары сұр, қанаттары түссіз. Алдыңғы балтырлары алмұрт сияқты. Артқы балтырлары сұр түсті немесе қызыл сары. Күбіршік ортасына қарай бүгілген, жартысынан жоғары немесе төмен жағы жіңішкеленген, асты жағы үшкірленген. Күбіршіктің ұзындығы 8-16 мм, диаметрі 4-6 мм. Қабырғасы топырақтан құралып, сұйық массамен цементтелген болып келеді. Ішкі жағы жұмыртқаларымен толтырылып, саны үш қатардан 9-18 дана тұрады. Шығатын тесігі жіңішке, қабықпен жабылған болады.
Шыртылдақ қоңыздар. Ауыл шарушалығы дақылдарына зияндылық келтіретін көпқоректі зиянкестерден әр түрлі өсімдіктермен қоректенетін қоңыздардың ең қауіпті және көп тараған түрлері Coleoptera - тобы, Poliphaga - топ тармағы, Elateridae - шыртылдақ қоңыздар, Tenebrionidae – қараденелілер, Scarabalidae - тақтамұртты қоңыздар туыстастарына жатады.
Ауылшаруашылығы дақылдарына зияндылық келтіретін көпқоректі зиянкестерден қаттықанаттылар тобына жататындардан шыртылдақ қоңыздар мен қараденелі қоңыздардың дернәсілдері жатады. Шыртылдақ қоңыздардың дернәсілдері көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестері болып табылады, әсіресе астық дақылдарының, картоп, қант қызылшасы, мақта, жүгері дақылы. Шөлді аймақтардан басқа Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.
Шаруашылық маңызға келесілері ие: егістік, жолақ, қара, жалпақ түрлері. Сымқұрттардың қоныстану тығыздығы жауын-шашын көп түсетін аймақта жоғары.
Қоңыздар - денелері ұзынша келген, ұзындығы 7-18 мм, орта кеудеге қарай кіріп тұрған алдыңғы кеуде өскіндері бар. Қалқаншасы анық, дөңгелекше келген, үшбұрышты немесе жүрек тәрізді. Үстіңгі қанаты нүктелі, кейде бір сызық бойына жиналған. Қоңыздары секіріп, арқа түсына аударылғанда, жеңіл шертпекті дыбыс береді, осыған орай атауы берілген.
Дернәсілдері құрт тәрізді, денесін қатты, серпінді, түсі сары немесе қоңыр тері жамылғысы қапталған. Бастары жалпақ, 3 жұп аяқтары бар. Оларды сымқұрттар деп атайды. Денесінің ұзындығы жастарына байланысты 7-20 мм аралығында.
Қуыршағы ересек наскемодарға морфологиялық жағынан ұқсас келеді.
Жамылғысы нәзік, жұмсақ. Түсі сүтті-ақ, кейде сары болып келеді.
Жұмыртқасы ұсақ, сопақга келген, ақшыл түсті, жылтыр. Топырақта анық көрінбейді.
Қыстауға әртүрлі жастағы сымқұрттары мен қоңыздары 15-100 см тереңдікке кетеді. Оңтүстік аудандарда наурыз айында, солтүстік аудандарда мамыр айында қыстық орындарынан шығады. Қоңыздарының ұшуы 1 айдан астам уақыт жүреді. Қоңыздары топырақтан шыққан соң 7-15 күннен соң жұмыртқа салады. Аналықтары 60-200 дана жұмыртқа салады. Эмбриональдық дамуы 20-40 күн. Жұмыртқаларын 1-5 см тереңдікке салады. Жаңадан жұмыртқадан шыққан сымқұрттары майда, ұзындығы 2-4 мм. Сымқұрттардың дамуына ең қолайлы орта, көпжылдық шөптер, астық дақылдары жамылғысы болып табылады. Екі жылда өсіп шыққан сымқұрттар көпжылдық шөптерден кейін егілген астық дақылдарына үлкен зияндылық келтіреді. Сымқұрттары жыл сайын түлеп, 5 мм-ге үлкейеді. Бірінші жылы үзындығы 5-6 мм, екінші жылы - 9-10 күн, үшінші жылы – 15-17 күн, төртінші күні - 20 мм. Түлеудің алдында сымқұрттар қоректенуін тоқтатып, топырақтың ылғалды төменгі бөлігіне кетеді. Шілде айында сымқұрттары қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін қоңыздары шығады, олар сол жерде қыстап қалады.
Астық дақылдарында сымқұрттары өсіп келе жатқан тұқымдарын және өскіндерін, кейін түтіктену кезеңіне жас өсімдікті залалдайды. Жүгерінің бүкіл вегетация кезінде зақымдайды. Бұл зиянкестердің зақымдауы ауа-райы жағдайына, егін егу мерзімі мен өскіндердің өсіп шығу кезеңіне байланысты.
Қара денелі (шабан) қоңыздар–Opatrum sabulosum L. Барлық жерде таралған. Қара денелілер тобына жататындардан көпқоректілері болып жүгері қоңызы, далалық шабан қоңызы, құм шабаны, қара шабан, кіші шабан табылады. Бидайды, күнбағысты, қытайбұршақты, қызылша, темекі, бақша дақылдарын зақымдайды.
Қоңыздары - денесі қара, тығыз, қатты хитинделген жамылғысы бар, жоғары бөлігі жұмсақ тегіс, бірең-сараң күрең түсті түтіктері бар. Дене тұрқы әр түрлі, ұзындығы 7-23 мм. Үстіңгі қанатында майда нүктелері бар, кейде бір сызық бойына жиналған. Дернәсілдері сымқұрттарға ұқсайды, оларды жалғансымқұрттар деп атайды. Сымқұрттардан бастарының дөңгелек болуымен, алдыңғы аяқтарының қатты дамығанымен ерекшеленеді. Денесінің түсі қою сары, күңгірт қоңыр болады. Ұзындығы 12-40 мм. Жұмыртқалары ақ, ақшыл, сопақша келген.Қуыршақтары сүтті-ақшыл немесе сары, жіңішке үлбіреген немесе жұмсақ жіпшелермен жамылған.
Қыстауға әртүрлі жастағы сымқұрттары мен қоңыздары 15-100 см тереңдікке кетеді. Аналықтары жұмыртқаларын топырақ бетіне салады. Жыл сайын 100-300 жұмыртқа салады. Қоңыздары бірнеше жыл өмір сүреді. Өсімдіктің жер асты мүшелерімен қоректенеді. Жалғансымқұртта бір немесе бір жылдан аса уақыт дамиды, ал құм қара денелілері – 2 ай дамиды. Күзде қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында қыстауға кетеді. Дернәсілдері, қоңыздарына қарағанда үлкен зияндылық келтіреді. Тұқымдарын, жас өсімдіктердің жер асты бөліктеріне үлкен зияндылық келтіреді. Сондықтанда жалғансымқұрттардың зияндылығы көктемде және күзде айқын байқалады. Қара денелілер құрғақ сүйгіш, жоғары ылғалдылықты нашар өткізеді, сондықтан да суғару олардың дамуына кері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет