1. Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырыбы: Астық тұқымдас, дәнді және бұршақ дақылдардың зиянкестері. Күресу шараларын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты



бет8/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Тақырыбы: Астық тұқымдас, дәнді және бұршақ дақылдардың зиянкестері. Күресу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдас, дәнді және бұршақ дақылдардың зиянкестері, олармен күрес шараларымен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін тура қанаттылар отрядының көп қоректі зянкестері және оларға қарсы күресу шараларын ұйымдастыру.
2. Ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін қатты қанаттылар отрядының көп қоректі зянкестері және оларға қарсы күресу шараларын ұйымдастыру.

  1. Ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін қабыршақ қанаттылар отрядының көп қоректі зянкестері және оларға қарсы күресу шараларын ұйымдастыру.



Әдебиеттер:
Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  1. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  2. Технологические приемы и средства защиты полевых культур от болезней, вредителей и сорняков (НАУЧНОЕ РУКОВОДСТВО): ФГБНУ НИИСХ ЦЧП им. В.В. Докучаева, авторы – составители: Велибекова Е.И., Турусов В.И., Мосолова М.М. – Воронеж: издательство «Истоки», 2018. – 337 с. niidokuchaeva.ru

  3. Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf

  4. Список пестицидов, разрешенных к производству (формуляции), ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории Республики Казахстан на 2022-2031 годы/ URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/documents/details/65651?lang=ru

1. Турақанаттылар тобы. Аса қауіпті және саяқ шегірткелер. Анықтау әдістері және қорғау шаралары.


Дәріс желісі:Зиянды шегірткелердің барлығы турақанаттылар (Orthoptera) тобының нағыз шегірткелер (Acarididae) деп аталатын тұқымдасына жатады.
Қазақстанда олардың 270 түрі таралған: Азиялық шегіртке - Locusta migratoria migratoria L., мароккалық шегіртке - Dociostaurus maroccanus Thunb, итальяндық шегіртке – Calliptamus italicus italicus L.; кресті кішкене саяқ шегіртке – Dociosturus brevicolis Ev., ақжолақты – Chortippus albomarginatus D.G., кресті – Pararcyptera microptera F.- W. , қоңырқанатты - Stauroderes scalaris F.- W., далалық атбас шегірткелер - Euchorthippus pulvinatus F.-W. саяқ шегірткелер және басқалар. Олар астық, техникалық, көкөніс дақылдарына, жайылымдарға, шабындықтарға зиян келтіреді.
Шегірткелерге тән негізгі белгілер: артқы аяқтары секіріп жүруге бейімделген, алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда қалың, жарғақ терілі және енсіз жіңішке, мұртшалары қысқа-денесінің ұзындығының жартысына жетпейді, табандары үш буынды, ұрғашы шегірткенің жұмыртқа салғыш қынабы бұл отрядтың басқа тұқымдастарының өкілдеріне қарағанда қысқа 4 жармалы болады. Зиянды шегірткелердің барлық түрлерінің жылдық даму циклі бір генерациялы, яғни жылына бір рет өсіп-өніп көбейеді. Олар жұмыртқа фазасында топыраққа салынған күбіршенің ішінде қыстайды. Көктемде дернәсілдердің шығу мерзімі шегірткелердің қандай түрге жататындығына және сонымен қатар олардың мекендеген жерлерінің ауа райына және тағы басқа жағдайларына байланысты.
Үйірлі шегірткелер
Мароккалық шегіртке –Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанда Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарында таралған. Балашықтайтын қоңырбас пен шөлқияқ өсімдіктері өсетін сазды- құбылмалы шөл өлкелерді мекендейді. Оның ең көп кездесетін жерлері Шымкент облысында – Сырдария өзенінің маңайында сары топырақты шөл дала, Жамбыл облысында – Қырғыз Алатауының етегі мен Мойынқұм шөлінің шеткі жақтары. Қазақстаннан басқа Орта Азияның тау бөліктеріндегі шөлейтті жерлерде, Күнгей Кавказда және Қырымның шығыс жағында таралған.
Ересек шегіртке сарғылт-сұр немесе сұр түсті. Денесінің алдыңғы, артқы бөлігінде ақшыл айқыш тәрізді сурет болады. Қанаттары мөлдір. Үстіңгі қанаттары құрсағынан асып тұрады. Артқы сандарының ішкі жағы сарғылт немесе қызғылт, артқы сирақтары қызғылт. Ұрғашысының ұзындығы 28-38 мм, еркегінікі 20-28 мм.
Ұшқыш шегіртке сияқты бұл да үйірлі шегірткелер тобына жатады. Ересек шегірткелердің үйірі едәуір жерге ұшып бара алады. Дернәсілдері сәуір айының басында шығады да 25-35 күннен кейін ересек шегірткелерге айналады. Олар көп кешікпей, 5-10 күн өткен соң, жұмыртқалай бастайды. Әр ұрғашы шегіртке 2-3 күбіршеден салады. Күбіршелері цилиндр пішінді, аздап доғаша иілген, ұзындығы 16-32 мм, қалыңдығы 4-5 мм. Әр күбірше ішіндегі жұмыртқалардың саны 18-40 болады. Шегірткелер жұмыртқаларын өсімдігі селдір, топырағы тығыз (тапталған) жерлерге салады. Ал өздері шөбі қалың, ылғалды жерлерге ұшып барып, сонда қоректенеді.
Мароккалық шегіртке дәнді дақылдармен қатар техникалық және көкеніс дақылдарын да қатты зақымдайды. Оңтүстік Қазақстанда ол мақта егістігі үшін аса қауіпті зиянкестердің бірі.Дернәсілі 5 жастан өтеді.
Саяқ және үйірлі шегірткелердің айырмашылығы
Саяқ шегірткесінің айырмашылық белгісі қара дақтары қанаттарында орналасқан, араласып байланған, ал үйірлі шегірткеде үстіңгі қанаттары ашық, кей біреуінде қоңыр дақ тіркеледі. Бірақ та ең жоғарғы айырмашылығы саяқ шегірткесінің 3 қара дақтары артқы жамбасында көрінеді, жамбастың бер жағына жіпшеленіп, қиғаштанып кетеді. Осы дақтар саяқ шегірткелерде жақсы көрінеді, өткінші кезеңінде сәл жойылғаны тіркеледі, ал үйірлі шегірткеде түгел жойылады.
Түстің айырмашылығынан басқа, үйірлі шегірткелерден саяқ шегірткелер кішірек. Саяқ шегірткелердің аталықтарының ұзындығы 16,5-28,5 мм, үйірлі шегірткелерде 25,0-38,0 мм. Саяқтың аналықтарының ұзындығы 20,5-28,5, үйірлі шегірткелерде 25,0-38,0 мм. Индекс E/F саяқ шегірткелердің 1,30-1,57 (орташа 1,45-1,47), үйірлі – 1,58 – 1,83 ( орташа 1,69-1,71). Күбіршіктері – түзу немесе бүгілген, ұзындығы 16-35 мм, диаметрі 4,5-5,5 мм. Қабырғасының қалыңдығы 0,3-1,0 мм, төменгі жағы қаттылау. Шығатын тесіктері майысқан, топырақтан қақпақ, қабырғасына қатты жабысқан. Шетіндегі қабырғасы қақпақтан көтеріліп тұрады, енінің ұзындығы 0,5 мм. Күбіршіктегі сұйығы жылтыр, ақшыл, майда көпіршікті. Жұмыртқаның саны 18-42 дана (орташа 30- 36 дана) 3-4 қатарға орналасқан. Қабырғаның бұрышына, көпіргіші аздау.
Итальяндық шегіртке – Calliptamus italiсus. Қазақстанда өте кең таралған. Көбінесе дала, құмды дала және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін учаскелерін мекендейді. Ал оңтүстік аудандарда көгал жерлерде де кездеседі. Қазақстаннан басқа Ресейдің европалық бөлігінің бірқатар облыстарында, Алтай өлкесінің оңтүстік далалық аудандарында және Орта Азия республикаларында таралған.
Имаго – денесі орташа келген, мығым аталықтарының ұзындығы 14,5-28,7 мм, аналықтарының ұзындығы 21,9-41,6 мм. Көздері дөңгелек, ұзындығы көлденеңінен екі есе ұзын. Қанаттары жақсы дамыған ( аталықтарының ұзындығы 10,4-22,2 мм, аналықтарының ұзындығы 14,2-32,0 мм) түтіктенуі сирек.
Артқы қанаттары үстіңгі қанаттарынан қысқарақ. Артқы жамбастары толық және қысқа, жамбасының ұзындығы әртүрлі. Көбінесе қоңырқай түсті, сұр қоңырқай, кейде ақшыл болады. Көбінесе көлденең ақшыл жолақтар (әсіресе арқасының бауыр жағында) және дақтары болады.
Артқы қанаттары түп жағынан күлгін түсті болады. Артқы жамбастары үстіңгі жағынан 1-3 қара жолақтардан тұрады, іш жағынан қызыл, күлгін, көбінесе 2 қара жетпейтін көлденең жолақтары үстіңгі жағынан өтетін. Артқы балтыры қызылша келген немесе күлгін, кейде ақшылдау. Орташа құрғақ салмағы аталықтары – 0,083, аналықтары 0,27 гр.Дернәсілі 5 жастан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет