6-сынып. Оқылым. (1 балл). Мәтінді оқыңыз



бет1/9
Дата26.04.2024
өлшемі40,27 Kb.
#201441
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
емтихан материалы 6-сынып
тест косымша, Tourism, 8 е ктп, 5-сабақ .Мейоз. Мейоз фазалары, ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ

6-сынып.

  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.
Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған.
Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіпВавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.
Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне ВавилонияныңМидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдаттың оңтүстік жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.

1-тапсырма. Берілген мәтіннен негізгі ақпараттарды тап.
2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйене отырып, аспалы бақтың алып құрылыс екендігі туралы комментарий жаз.


2) Жазылым. (3 балл).
«Семирамида аспалы бағы – жеті кереметтің бірі» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келіспеу-келіспеу себептерін көрсету арқылы эссе жаз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет