1 Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы: «Халық ауыз әдебиеті» Таңдау бойынша пән Кредит саны мен оқу мерзімі



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата21.10.2023
өлшемі101,12 Kb.
#187295
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


1 Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы:
«Халық ауыз әдебиеті»
Таңдау бойынша пән
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 4 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Аудиториялық сабақтар – 60 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 30 сағат
CӨЖ – 120
Соның ішінде CӨЖМ – 30
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 180 сағат
Бақылау формасы 
Емтихан – 2 семестр
Пререквезиттер: 
- Қазақ әдебиетінің тарихы;
- Көне дәуірдегі әдебиет;
- Шетел әдебиетінің тарихы;
- Әдебиеттануға кіріспе.
Постреквизиттер:
- Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
- Әдебиеттің ғылыми-философиялық негіздері;
- Әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар.
Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары 
Аты-жөні: Жүсіпов Нартай Қуандықұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.д., профессор, «Қазақ филологиясы» 
кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан. 
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
2 Пәні, мақсаты мен міндеттері:
«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы 
халқымыздың сан ғасыр бойында жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық 
мұраларды терең таныстыру мақсат етілді. 
Пәннің мақсаты: 
Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, 
дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. 
жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер шығарып 


және оны ауызша айту арқылы таратқан. Фольклорлық мұралар ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық 
әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын 
танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.
Пәннің міндеті:
Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің ішінде 
фольклордың алатын орны. Фольклортанудың ғылымдарға қатысы.
Фольклорлық мұралардың көп қырлы табиғаты, туу, таралу-сақталу 
ерекшеліктері. Халықтық сипаты, қоғамдық маңызы.
Ауызша айтудың дәстүрлілігі, формулалығы, стильдік кестесі.
Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер және оның жанрлары.
Жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет