1 Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы: «Халық ауыз әдебиеті» Таңдау бойынша пән Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата21.10.2023
өлшемі101,12 Kb.
#187295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
5-тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.


Сөздің мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Бәдік, бақсы
сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Халықтың алғыс, қарғыс,
бата беру салтына байланысты өлең жырлары.
6-тақырып. Үйлену салт өлеңдері.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбаиу,
той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Қайтыс болған
адамға байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау
өлеңдерінің салтпен байланысы.
7-тақырып. Лирикалық өлеңдер.
Халық
лирикасының
жанрлық
ерекшеліктері.
Классификациялану мәселелері. Тұрмыс-салт жырларымен
ұқсастығы және айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан
тақырыпта болуы. Қара өлең мен, тарихи өлеңдер. Идеялық-
көркемдік ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы.
Поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Тарихи өлеңдердің
тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ
халқының эстетикалық дүниетанымы.
8-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.
Мақал-мәтелдердің
жанрлық
белгілері
мен
классификациялаудың принциптері.Тақырыптық, логикалық-
семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің
жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы жалпы және
жалқы мағыналары. Қүрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері.
Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. Қанатты сөздердің,
афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің мақал-
мәтелдермен арақатынасы.
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.
Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары Жұмбақтардың
шығуына табудың әсері. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдердің өзіндік
ерекшеліктері. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік
тәсілдері.
9-тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер.
Ертегілер.
Қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері.
Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық
түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты., ырғақты қара сөз бен
өлең формасының аралас келуі. Шешендік сөздердің
аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би,
Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздердің


авторын анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік
маңызы.
Аңыз-әңгімелер. Жанрлық сипаты. Анықтамасы. Тарихи,
мекендік және күй аңыздары. Әпсана/ легенда/. Жанрдың
анықтамасы.
Әпсананың
түрлері.
Аңыз-әңгімеден
айырмашылығы. Ертегісімек /Былички/. Ескі наным-сенім,
халық демонологиясының көрінісі. Тақырыбы мен баяндау
тәсілдері.
Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және
ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі.
Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік
ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық
сипаты., ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы.
Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.
Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары.
Ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі. Астарлау (иносказание)
мен кейіптеудің атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық
сипаттары. 
Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері.
Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы.
Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу
мен классификациялау. Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-
эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының бірсызықты
дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік
формулалар. Батырлық ертегілер. Новеллалық ертегілер.
Сатиралық ертегілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет