1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы


Дәріс сабақтарының мазмұны Тақырып 1. Кіріспе. Цитология тарихы. Жасуша теориясының негізгі ережелері



бет2/4
Дата26.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#145171
1   2   3   4
Байланысты:
Цитология Биология-естествознание (1)
Энциклопедия өлең, Энциклопедия өлең, химия, 15 шк. Бектургенева, Ертедегі Египеттің табиғат жағдайы, 57-63

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе. Цитология тарихы. Жасуша теориясының негізгі ережелері.


Цитология – жасуша туралы ғылым. Цитология жасушалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.
Жасуша (жасуша) – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізін құраушы бірлігі. Тірі ағзалардың жасушалық құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және жетілуімен тығыз байланысты. 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Роберт Гук микроскоптың көмегімен кездейсоқ алынған өсімдік объектісі – тозағашының кесіндісінен ара ұясы тәрізді қуыстарды көріп, алғаш рет өсімдіктердің "жасушалық құрылысын” анықтайды. XVII ғ. 70 ж. Марчелло Мальпиги өсімдіктердің кейбір мүшелерінің микроскопиялық құрылысын зерттеді. 1682 ж. Н. Грю "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы”деген еңбегін жазды. XVII ғ. III жартысында голландиялық ғалым Антон ван Левенгуктың еңбектерінде жануарлар жасушасының құрылысы туралы зерттеулер орын алды. 1781 ж. Ф. Фонтана жануарлар жасушаларының небір құпияларын ашып, жануар жасушасын ядросымен қосып суретін салды. XIX ғ. I жартысында чех ғалымы Ян Пуркинье микроскоп техникасын жетілдіріп, жасуша ядросын ("ұрық көбігі”) сипаттап, жануарлар мүшелерінің әр түрлі жасушаларын зерттеді. Ол жасуша ішіндегі сұйықтыққа "протоплазма” деген ұғымды қолданды. 1831 ж. Роберт Браун жасуша ядросын маңызды да тұрақты құрылым ретінде сипаттап, "nucleus” – ядро ұғымын енгізді.
Жасуша туралы өздеріне дейінгі мәліметтерді жинақтап және өз зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана отырып, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн жасуша теориясының негізін қалады.

Жасуша теориясының негізгі қағидалары:


- барлық ұлпалар жасушалардан түзіледі;
- өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысы ұқсас, өйткені барлық жасушалардың пайда болуы бір заңдылыққа бағынады;
- әрбір жасуша дербес, ал ағзаның тіршілік етуі жеке жасушалардың тіршілігінің жиынтығы салдарынан туады;
Жасуша теориясының негізі алғаш қаланған кезде жасуша ағзада қалай пайда болатындығы шешілмеген мәселе болды.
Жасуша теориясын ары қарай дамытуға неміс ғалымы Рудольф Вирхов өз үлесін қосты. Ол ағзадағы жасушалар саны олардың бөлінуі нәтижесінде көбейетіндігі және жасуша тек жасушадан туындайтындығын дәлелдеді.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 2. Жасушалар мен ұлпалардың қазіргі заманғы зерттеу әдістері


Цитологиялық әдістерді оптикалық, цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады. Жасуша органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі. Жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия әдістері фиксацияланған жасушалардың құрылысы мен ультрақұрылымын зерттеуге қолданылатын болса, дифференциалды центрифугалаудың көмегімен алынған жеке органоидтар цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және т.б. әдістермен зерттеледі.
Жануарлар жасушалары мен ұлпаларын зерттеу үшін жасуша өсінділері (культуралары) әдісі пайдаланылады. Кейбір ұлпаларды жеке-жеке жасушаларға бөлгеннен кейін, жекеленген жасушалар өз тіршіліктерін жалғастырады, тіпті көбею қасиетін жоғалтпайды. Тірі жасушаларды бақылау көбінесе фотосуреттерге түсіру арқылы тіркеледі.
Дегенмен жасушаның құрылымы мен қызметі туралы мәліметтер фиксацияланған жасушалардан көбірек алынады. Фиксацияның мәні – жасушаларды өлтіру, жасушаішілік ферменттердің белсенділігін тоқтату, жасуша компоненттерінің ыдырауын тоқтату, сондай-ақ, құрылымдар мен заттарды жоғалтпау, тірі жасушаларға тән емес құрылымдардың пайда болуына жол бермеу. Фиксаторлар ретінде альдегидтер, олардың басқа заттармен қосындысы, спирттер, сулема, осмийдің төрт тотығы қолданылады. Цитологияда түрлі биохимияның аналитикалық және препаративті тәсілдері пайдаланылады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 3. Цитоплазма, гиалоплазма және органеллалар. Қосындылар


Цитоплазма — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Жасуша цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орташа қалыңдығы. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал мембранасыз компоненттерге центриольдар, рибосомдар, микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 4. Биологиялық мембраналардың жалпы қасиеттері және плазмалық мембрананың құрылысы мен функциясы


Электронды микроскоптан мембрананың үш қабаттан тұратынын анық көруге болады. Ортаңғы ашық қабат бимолекулалы май қабатынан, ал шеткі күңгірт қабаттары ақуыз молекулаларынан түзіледі. Жасушаның сыртқы қабаты (плазматикалық) оны сыртқы ортадан бөліп тұрады, ал ішкі мембраналар көпіршік түрінде келіп, өзінің құрамындағы заттарды цитоплазмадан ажыратады. Жасуша цитоплазмасындағы мембраналар қуыстар, түтікшелер немесе көпіршіктер жасап, өздерінің ішіндегі заттарды гиалоплазмадан бөліп, күрделі тор құрайды. Мұндай мембраналарға митохондрия, пластидтер, эндоплазмалық торлардың мембраналары жатады.
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестеринге бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалыңдығы 3-4 мм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты әр түрлі өсінділер болады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 5. Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесі (рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум)


Эндоплазмалық тор (ЭТ) жасушадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, заталмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi жасушаның жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң жасушаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр жасушаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай жасушаларда көп (өсiмдiк тұқымдары). Бұдырлы мембраналар қызметi – рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке жасушаларында көп. Сонымен, эндоплазмалық тор – каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы жасушашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында жасушаның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 6. Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесі (Гольджи аппараты)


Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi – мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi. Гольджи комплексi белокты сөл бөлетiн жасушаларда, нейрондарда, овоциттерде жақсы дамыған. Гольджи комплексiнiң цистерналары эндоплазмалық тор каналдарымен байланыстырады. Эндоплазмалық тор мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер, майлар Гольджи комплексiне тасымалданып, оның құрылымының iшiне жиналады және бөлiнуге дайын, немесе жасушаның тiршiлiк процесiнде пайдалануға дайын сөл түрiнде оралып – «буылады».
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 7. Лизосомалар жүйесі және пероксисома


Лизосомалар (грек lysis- ерiту және soma — дене) – мембранамен қапталған, диаметрi 0,4 мкм болатын кiшкентай сопақша денешiктер. Лизосомаларда ферменттердiң 30 дан аса түрлерi бар, олар белоктарды, нуклеин қышқылын, полисахаридтi және басқа заттарды ыдырату қабiлетi бар. Ферменттер көмегiмен заттың ыдырауын лизис деп атады. Осымен органоид атауы да байланысты. Лизосомалар не Гольджи комплексiнiң құрылымдарынан, не эндоплазмалық тордан түзiледi. Олар пиноцитоз немесе фагоцитоз вакуольiне жақындап, олардың қуысына өзiнiң затын құяды. Сонымен, лизосоманың ең негiзгi қызметi – қоректiк заттардың жасушашiлiк қорытылуына қатысу. Лизосомалар жасушаның өлген жағдайында, эмбриондық дамуында және т.б құрылымдарын бұзу қасиетi бар.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 8. Жасушаның энергиямен қамсыздандыру жүйесі


Митохондриялар – бiржасушалы және көпжасушалы организмнiң барлық эукариотты жасушаларында болатын органоидтар. Олардың формалары әртүрлi – дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Олардың мөлшерi 0,2-1,0 мкм диаметрi, және 7 мкм дейiн ұзындықта болады. Әр түрлi ұлпаларда митохондрия саны бiрдей емес және жасушаларының функциональдi белсендiлiгiне тәуелдi синтетикалық процестер қарқынды жүретiн мысалы, бауырда және энергия шығыны мол жерлерде олар көп (мыс, жақсы ұшатын құстардың көкiрек бұлшықеттерiнде). Митохондриялар эндоплазмалық тор мембранасын тығыз байланысқан, олардың каналдары митохондрияларда ашылады. Митохондриялар саны бөлiнуiмен артады. Митохондрия қабырғасы 2 мембрана – сыртқы немесе iшкi мембранадан тұрады. Сыртқы мембрана тегiс, iшкi мембранадан органоид iшiне кристалар кiредi. Криста мембранада энергия алмасуына қатысқан көптеген ферменттер орналасады. Криста саны жасушалар қызметiне байланысты. Бұлшықет митохондрияда олар өте көп, олар органоидтың iшкi қуысын толтырып тұрады. Митохондрияның негiзгi қызметi көзi – АТФ синтезi. Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май қышқылдарының аминқышқылдарының тотығуы арқылы алады.
Жасушада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол тек макроэнергиялық байланысқа АТФ-ке ауысады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.
Тақырып 9. Жасушаның тірек-қимыл жүйесі (цитоқаңқа)
Жасуша өзінің өмір сүру процесінде күрделі қимылдар жасайды. Ондай қимылдарға хромосомдардың полюстерге жылжуы, жасуша органеллаларының көпіршіктерінің қозғалуы, жасушаның үстіңгі бетінің қозғалысы сияқты қимылдарды айтуға болады. Барлық қимыл қызметтерін атқаратын құрылымдардың жалпы ұқсас молекулалық механизмі болады. Цитоскелеттің құрамы жіпше тәрізді ақуыздар кешендерінен немесе филаменттерінен тұрады. Химиялық құрамы, нәзік құрылысы және қызметтері жағынан филаменттердің үш түрін атап өтуге болады. Ең жіңішке микрофиламенттер, олардың диаметрлері 6 нм шамасында, құрамы актин белогінен тұрады. Екінші түрі - диаметрі 25 нм, құрамы ақуыз тубулиннен тұратын - микротүтікшелер. Үшінші топтың құрамы - аралық филаменттерден тұрады. Олардың диаметрі 10 нм, негізінде құрамы жағынан туыстас ақуыздар болып келеді. Осы айтылған үш құрылым жасуша компоненттерінің және жасушалардың қимылдау және қаңқа қызметтерін атқаруда үлкен рөл аткарады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 10. Жасуша орталығының құрылысы мен функциясы. Арнайы органоидтар: талшықтар, кірпікшелер, базальды денешік


Жасуша орталығы жануарлар жасушаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді. Интерфазада центриольдер бір-біріне перпендикуляр орналасып дуплет немесе диплосома құрады. 2 центриольдің біреуін «аналық», екіншісі одан пайда болган жас центриоль деп анықтауға болады. Екінші центриоль біріншіге перпендикуляр эрі проксимал жағы бірінші центриольдің үстіңгі бетіне қарай орналасады. Аналық центриольдің дистальды бетінде амофорты материалдар өсінді түрінде кездеседі, екінші центриольде ондай өсінділер болмайды. Диплосомада тек «аналық» центриольдердің, қосымша құрылыстары болады. Аналық центриольдердің сыртында 9 шар тәрізді тығыз заттардан тұратын сателлиттер орналасады. Центриольдер сателлиттерімен «аяқшалары» арқылы жалғасады. Әр центриольдердің сыртында құрылымсыз немесе жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.
Жасуша орталығы бөлінетін жасушаларда ұршық жіпшелерін құруда үлкен қызмет атқарады. Центриольдердің көмегімен интерфазада жасушалардың полюстерін анықтауға болады. Жасуша орталығы Гольджи аппаратына тақау орналасады және жасуша ядросымен тығыз байланыста болады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 11. Жасуша ядросының құрылысы мен функциясы (кариология)


Ядро – жасушаның маңызды құрамдас бөлiгi. Жасуша ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген жасушаларда 1 ядро бар. Кейде 1 жасушаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр жасушасында. Ондаған ядролары бар көпядролы жасушаларда белгiлi. Ядроның формасы жасуша формасына байланысты болады. Ядро қабықшасының кедiр – бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және ядро мен цитоплазманың құрылымдардың байланысын арттырады. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi.
Ядроға тән тағы бiр құрылым – ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi жасушалар ядросында, және 1 жасушаның ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi. Диаметрі 1-3 мкм. болатын сфера тәрізді денешік. Ол негізінен белоктан және РНК-дан тұрады. РНК-ның молекуласы, ДНК-ның молекуласы секілді нуклеопротеидтердің тізбегі болып табылады. Бірақ РНК-ның нуклеотидінде дезоксирибозаның орнында рибоза, ал тиминнің орнында урацил болады. РНК-ның молекуласының, ДНК-ның молекуласынан айырмашылығы сол, ол нуклеодиттердің бір ғана тізбегінен тұрады.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 12 Хромосомалардың молекулалық және кеңістіктік ұйымдастырылуы


Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады. (грекше chroma — түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар – ол гетерохроматин (грекше heteros — әр түрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әр түрлi дәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады. Генетикалық белсендi хроматин – эухроматин (грек eu -толық) толығымен диспиральданған және жарық микроскоппен көрiнбейдi. Хроматиннiң эухроматиндi бөлiктiң құрамына өнiмдерiне нақты жасушаның құрылысы барлық ерекшелiгi мен функциональдi белсендiлiгi кодтанған гендер кiредi.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 13. Жасушаның тіршілік циклы. Митоз


Көбею — тірі организмдердің негізгі қасиеттерінің бірі. Жасушалар санының көбеюі алғашқы жасушаның бөлінуі арқылы жүреді.
Жасушалық бөлінудің екі типін ажыратады: митоз немесе кариокенез және амитоз. Митоздық (жасушалық) цикл интерфаза мен митозға бөлінеді. Интерфаза — екі митоз-дық бөлінудің арасындағы кезең. Интерфазада жасуша өсіп митозға дайындалады.
Интерфаза үш кезеңнен түрады: 1) постмитоздық (пресинтездік) кезең, 2) ДНҚ-ның синтезделу кезеңі, 3) постсинтездік немесе премитоздык кезең - бөлінуге қажетті белоктар - тубулиндер синтезделеді.
Постмитоздық кезең митоздық бөлінуден кейін жүреді. Осы кезеңде жасуша цитоплазмасының өсуі байқалады және ДНҚ-ның синтезіне әзірлік жүреді. Электрондық микроскопиялық мәліметі бойынша цинтриольдар екі еселенеді. Жасушаның бөлінуге дайындығындағы маңызды кезең синтездік кезең. Бүнда ДНҚ синтезделеді және хромосомалар екі еселенеді. Премитоздық кезеңде жасушада энергия жиналады және митоздық аппаратты түзуге қатысатын ерекше белоктар синтезделеді. Осыдан кейін жасушаның митоздық бөлінуі басталады. Митоз кезінде жасушада синтез процесі токтайды. Митозға жасуша толықтай қатысады. Өзгерістер ядрода және цитоплазмада да жүреді. Жасушаның бөліну процесі ядроның бөлінуі немесе кариокинез бен цитоплазманың бөлінуі немесе цитокинезден түрады. Екі құбылыс бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 14 Жасушалардың дифференциация және патологиясы


Онтогенездегі бластомерлер арасындағы айырмашылықтардың пайда болуын жəне əр түрлі клеткалардың, ұлпалардың пайда болуын, əр түрлі мүшелердің түзілуін дифференциация процесі деп атайды. Дифференциация дамып келе жатқан организмнің құрылыстық, биохимиялық өзгерісі. Оның нəтижесінде клетка, ұлпа, мүше жəне организм бір түрліден көп түрліге айналады. Сонымен дифференциация – жаңа ферменттік жүйенің, ерекше белоктардың, мембраналардың жаңа қасиеттерінің түзілуі жəне физикалық, химиялық өзгерістері, жаңа ішкі ортаның түзілуі.
Клетка құрылымы мен функциясын әр түрлі ауру тудыратын ықпалдар бұзады. Клеткалардың зақымдануы алуан түрлі себептерге байланысты. Мұндайда олардың өзара әрекеттесу процестері және органдардағы клетка аралық заттар өзгереді, органдар мен жүйелердің функциясы бұзылады-нәтижесінде ауру пайда болады.
Организмдегі патологиялық деп , әр түрлі формадағы кемістікті немесе клеткалардың, тканьдердің немесе органдардың шектен тыс өсіп көбеюін айтады. Клетка мен тканьдердің жеткіліксіз өсіп көбею процестерін гипобиотикалық деп атайды. Гипербиоз - клеткалардың, тканьдердің шектен тыс өсіп көбеюі.
Клеткалық зақымдану себептеріне мынандай факторлар әсер етеді:
1) физикалық (радиация, осмостық қысым, жарық, ауа ылғалдылығының өзгеруі)
2) химиялық (қышықылдар сілітілер,органикалық заттар)
3) биологиялық (ферменттер, гормондар, бактериялар, вирустар)
4) функционалдық ауыртпалықтың тым жоғары немесе тым төмен болуы
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 15. Клетканың өлуі: некроз және апаптоз


Жасуша өлімі – бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын өсуге, көбеюге қабылетін жоғалтқан тоқтауы. Жасушаның қартаюы катабиозға («ката» -төмен, «био»- өмір) және жасушаның өліміне алып келеді. Жасушаларда өмір сүру ұзақтығы әр түрлі болады.
Апоптоз – бұл генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, жасуша өлімінің белсенді процесі. Бұл жасушалы өлімнің ерекше түрі. Апоптоз дефекті жасушаларды жоюға бағытталған. 
Некроз - тірі организмдегі жасуша мен тіндердің өлуі.Қан және жұқпалы ауруларға шалдығу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді. Некроз – бұл жасушаның зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын процесс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизмі жұмыс істемейді. Некроз өте жылдам өтеді, мембрана бұзылады, оның өткізгіштігі бұзылады, жасуша ісінеді, лизосома зақымдалған кезде жасушаның автолизі басталады (өзін-өзі сіңіру).
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

7. Практикалық сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Прокариот пен эукариот жасушаларының құрылыс ерекшеліктері
Мақсаты: электронды микроскопиялық фотосуреттерден прокариот пен эукариот жасушаларының құрылыстарының ортақ белгілерін қарастыру
Тапсырмалар:
1) бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жасушаларының морфологиялық және функционалды ерекшеліктерін табыңыздар, оларды ортақ және айырмашылық белгілерін сипаттаңыздар.
2) Прокариот жасушалардың: бактериялар, микоплазмалар, көк-жасыл балдырлардың сипаттамасы бейнеленетін кестені толтырыңыз

Белгілер

Морфофункционалды ерекшеліктер

бактериялар

микоплазмалар

Көк-жасыл-балдырлар

3) эукариот жасушалардың құрылысының құрылымдық ерекшеліктерін қарастырыңыздар. Жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіздер.
4) эукариот және прокариот жасушаларының құрылысына салыстырмалы сипаттама беріңіздер.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 2. Жасушаны зерттеу әдістері


Мақсаты: гистологиялық препаратты дайындаудың негізгі кезеңдерінің мазмұнымен танысу; гистологиялық препараттарды микросокптау әдісін бекіту.
Тапсырмалар:
1.Дәптерге гистологиялық препаратқа қойылатын талаптарды жазыңыз.
2.Кестеге гистологиялық препаратты дайындаудың негізгі кезеңдерінің атауын белгілеп, қысқаша сипаттамасын жазыңыз

Препараттарды дайындау кезеңдері

Кезеңнің мазмұны







3. Кестеде бояғыштардың негізгі топтарын атап, бояуды қабылдайтын құрылымдарды көрсетіңіз. Бояғыштарға мысал келтіріңіз.



Бояғыштардың топтары

Боялатын құрылымдар

Бояғыштардың мысалы










4. микроскопияның негізгі түрлерін, осы түрге жататын микроскопиялаудың әрүтүрлілігін белгілеп, әрбіреуінің мақсатын тұжырымдап, кестені толтырыңыз.



Микроскопия түрлері

вариациялары

Қолдану мақсаты












Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 3. Биологиялық мембраналардың жалпы қасиеттері және құрылысы


Тапсырмалар:

  1. Беттік кешеннің молеклалық ұйымдастырылуының сызбанұсқасының моделін жасаңыз




Биологиялық мембрананың сұйықтықтық-мозаикалы моделі:
1 – липидтік биқабат; 2 – интегралды ақуыздар; 3 – микрофиламенттер ; 4 – холестерол; 5 – олигосахаридтер, 6 –экстражасушалық матрикстің гликопротеидтері;
7 – гликолипидтер,8 – перифериялық ақуыздар.

2. Беттік кешеннің құрылымдық ерекшеліктерін жазыңыз



Беттік кешеннің қабаттары

Химиялық заттар







3. Заттардың активті және пассивті тасымалын сипаттайтын кестені толтырыңыз



Тәсіл

Тасымал бағыты

Тасымалданатын заттар

Энергия шығыны

Тәсілдің сипаттамасы

сызбанұсқасы



















4.Сыртқы орта мен жасуша арасындағы зат алмасу тәсілдерін көрсетіңіз



Жасушаға заттардың түсу тәсілдері

Жасушадан заттардың шығарылу тәсілдері







5.Беттік кешеннің (плазмалемманың) незгі қызметтерін жазыңыз


6. Ойланып, жауабын бер: плазмалемманың сыртында жасушаның ішімен салысырғанда концентрациясы аз ион бар. Осы иондардың жасушаға енуі мүмкін бе?




Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 4 Жасушааралық байланыстар


Мақсаты: жасушааралық байланыстарды ажырата білуге үйрену; органоидтар мен қосындылардың сипаттамаларын жасушаның функционалдық күйін сипаттауда қолдануға үйрену.
Тапсырмалар:

  1. Кестеге суреттегі сандарды қоя отырып, толтырыңыз

Суреттегі сандар

Механикалық қызмет атқаратын жасушалық байланыстар

Заттардың тасымалын қамтамасыз ететін байланыстар











2) Ұлпаның культурасында жасушалар субстратқа және бір-біріне беки алады. Бұған жасушаның қандай құрылымдары қатысады?




Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 5. Цитоплазмалық құрылымдар


Тапсырмалар:
1) Кестені толтырыңыз

Органоидтар

мембраналы

мембранасыз







2)Қосындыларға мысал келтіріңіз:


1) трофикалық; 2) секреторлық; 3)экскреторлық; 4) пигментті

3) Ойланып, жауабын беріңіз:



  • органоидтардың құрамына кіретін барлық мембраналардың құрылысы бірдей екені белгілі. Дегенмен олардың қызметінің ерекше болуын қалай түсіндіресіз?

  • Ағзаның қарқынды физикалық жүктемесі кезінде жасушада трофикалық қосындылар азаяды. Бұл немен байланысты?

  • Күнге күйген кезде терінің жасушаларында пигменттің түйіршіктері пайда болады. Осы түйіршіктер жасушаның қандай құрылымдық элементтеріне жатады?



Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 6. Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесі (рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум)


Мақсаты: Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесіне кіретін органоидтар туралы білімді бекіту.
Тапсырмалар:
1)Қандай органоидтардың қатысуымен жасушада төменде көрсетілген процестердің жүретінін есіңізге түсіріп, кестені толтырыңыз:

Процестер

Органоидтар

Процестер

Органоидтар

Липидтер мен холестериннің синтезі


Ақуыздарға қанттардың қосылуы


Гликогеннің синтезі


Секреттердің конденсациясы


Улы заттардың детоксикациясы


Мембрана ақуыздарын синтездеу


Жасушада заттардың тасымалы


Лизосомалардың ферменттерін синтездеу


Экспортталатын ақуыздардың синтезі


Гиалоплазманың ақуыздарын синтездеу


Ақуыздардың үшінші және төртінші реттік құрылымдарын қалыптастыру


Жасушаның өсуіне қажетті ақуыздарды синтездеу


Полисахаридтердің синтезі


Секреторлық өнімдерді жинақтау


Күрделі ақуыздық-полисахаридтік кешендердің түзілуі


Пероксидтерді зарарсыздандыру


Секреттерді шығаруға қатысу


Энергияны АТФ түрінде түр өзгерту және қорға жинау


Лизосомалардың түзілуі

Гольджи кешені

Жасушаның тірек-қимыл аппаратын қалыптастыру


Жасушаны зат алмасудың өнімдерінің жинақталуынан сақтау


Бөліну ұршығын қалыптастыру


Бактерияларды зарарсыздандыру, фагоцитоз


Жиырылғыштық функция


2) Жасушаның цитоплазмасы түйіршікті эндоплазмалық тордың цистерналарына толы. Осыған қарап жасушаның қызметі туралы не айтуға болады?

3) Рибосомалардың құрылысын сипаттаңыз



Белгілері

Прокариоттық рибосома

Эукариоттық рибосома

Мөлшері

20х17х17 нм


Седиментация коэффиценті

70S – 50S+30S


Кіші суббірліктің құрамы



Үлкен суббірліктің құрамы



4) Бос және бекітілген рибосомалардың өте көп болуы жасушаның қандай қызметінің көрсеткіші?
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 7. Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесі (Гольджи аппараты)


Тапсырмалар:

  1. Цитоплазмадан пластинкалы кешеннің диктиосомасын тауып, оның құрамынан:

1) каналшықтар жиынтығын; 2) тасымалдаушы көпіршіктерді; 3)вакуольдерді белгілеңіз.



  1. Кестені толтырыңыз

Гольджи кешенінің бөлімдері

Жүретін процестер







3) Жасушада пластинкалы кешен жақсы көрінеді. Гранулярлық эндоплазмалық тор мол, митохондриялар мен жасуша орталығы бар. Екінші жасушада митохондриялар, лизосомалар көп, біраз түйіршікті және түйіршіксіз эндоплазмалық тор бар. Осы жасушалардың қызметі қандай? Оларда ақуыз синтезделе ме?




Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 8. Лизосомалар мен пероксисомалар


Тапсырмалар:

  1. Лизосомалар мен пероксисомалардығ құрылысы мен қызметі туралы кестені толтырыңыз.

Органоидтар

морфологиясы

Жасушадағы мөлшері

Түзілетін орны

Атқаратын қызметі



















  1. Жасушаға лизосомалардың түрлері мен атқаратын қызметін сәйкестендіріп, кестені толтырыңыз




Лизосомалардың түрлері

Түзілу жолы

Атқаратын қызметі










3.Ойланып, жауап бер:


А)жасушаға лизосомалардың мембранасының бірұтастығын бұзатын фактор енді. Қандай өзгерістерді күтуге болады?
Б) иондаушы радиацияның әсерінен кейбір жасушалардың құрылымдары зақымдалды. Олардың қалдықтарын жасуша қалай жояды?
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 8. Митохондриялар


Тапсырмалар:

  1. Кестені толтырыңыз. Митохондриялардың морфофункционалды құрылысы

Митохондрий құрылымдары

Сыртқы мембрана

Мембранааралық кеңістік

Ішкі мембрана

Субмитохондриалық бөлшектер

Матрикс

Құрамы
















Қызметі



















  1. Кестені толтырыңыз.

Жасушалық тыныс алу кезеңдері

Нәтижесі

Жүретін орны

АТФ молекулаларының саны
















  1. Неліктен қысқы ұйқыға кеткен суырлар мен қыстайтын жарқанаттарда жүрек бұлшықет жасушаларында митохондрия саны күрт төмендегенін түсіндіріңіз.



Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 9. Цитоқаңқаның ұйымдасуы мен қызмет етуі


Тапсырмалар:
1) Кестені толтырып. Суретін салыңыз



Цитоқаңқалық филаменттер

диаметрі

Протеиндік суббірліктері

Атқаратын қызметі

суреті
















2)Жасуша орталығында бір центриоль мен сәулелі сфера жоқ жануарлар жасушасына болашақта не тосып тұр?


Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 10. «Ядро, оның маңызы»


Тапсырмалар:
Кестені тотырыңыз.

Интерфазалық ядроның құрамдас бөліктері

Олардың функционалдық маңызы










  1. Хромосомалардың құрылысын, ұйымдастырылу деңгейлерін сипаттаңыз. Суретті белгілеңіз.



  1. Хромосоманың құрылысын салыңыз, оның құрылымдық бөліктерін көрсетіңіз.

3) Центромераның орналасуына байланысты хромосомалардың түрлерінің сызбанұсқасын салыңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 11. «Жасушаның тіршілік циклы. Митоз».


Тапсырмалар:

  1. Жасушаның тіршілік циклының кезеңдерінің сипаттамасын кестеге толтырыңыз

Интерфаза

Әріптік белгіленуі

Кезеңдер

Негізгі процестер




Постмитоздық немесе пресинтетикалық


































  1. Кестені толтырыңыз – Митозға тән негізгі ерекше белгілерді көрсетіңіз

Белгі

Сипаттамасы

Митоз фазаларының сызбанұсқасы

Биологиялық маңызы




-

Бөліну саны

1

-

Жас жасушалардағы хромосомалар жиынтығы

2n2C

-

Профазада өтетеін негізгі процестер







Метафазаның негізгі оқиғасы







Анафазаның ерекшелігі







Интерфазаның ерекшелігі







Соңғы өнім







4) Эксперименталдық жолмен жасушаны екі бөлікке – ядромен, ядросыз бөлді. Бөліктердің тіршілік қабілеттіліктері қандай?


5) Жасуша митоз кезеңінде. Жасушада «экспортталатын» ақуыздар синтезделе ме?


Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

Тақырып 12. «Жасушалардың өлімі: некроз и апоптоз»


Тапсырма:
1.Апоптоз бен некроздың морфологиялық белгілерін салыстырып, нәтижені кесте түрінде бейнелеңіз
2. Жасуша өлімінің екі түрінде-некроз және апоптоз-жасуша ядросында тән өзгерістер болады. 1) бұл өзгерістер қалай аталады? 2) өзгерістердің осы түрлерінің әрқайсысы немен сипатталады? 3) некрозда жасуша ядросының өзгеруінің қандай түрі болады, бірақ
апоптозға тән емес пе?
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Мәліметтерді жүйелеп, кесте құрыңыз, жасушалардың сызбанұсқаларын салып, суреттерді талдаңыз.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер: Н:1-4, Қ:1-4; ИК: 1-3.

8.Зертханалық сабақтар мазмұны - қарастырылмаған


9. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма





Тақырып атауы

БӨЖ мен БОӨЖ тапсырмаларының мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

Жасушалық биологияның негізгі жетістіктері. Р.Гуктың, А.Левенгуктың, Ф.Фонтанның, Я.Пуркиньенің, Мальпигидің, Грюдің, Браунның, Т.Шванның, М.Шлейденнің, Р.Вирховтың және т.б. еңбектері

мәліметтерді жүйелеп, хронологиялық кесте құру

ауызша



1


2

Прокариоттар және эукариоттар жасушаларының құрылыстары мен құрамдарының ұқсастықтары мен өзгешіліктері

мәліметтерді жүйелеп, кесте құру, жасушалардың сызбанұсқаларын салу

ауызша, суреттерді талдау

1

3

Өсімдіктермен жануарлар жасушаларының ұқсастықтары мен өзгешіліктері

мәліметтерді жүйелеп, кесте құру, жасушалардың сызбанұсқаларын салу

ауызша, суреттерді талдау

1

4

Электронды микроскопия

мультимедиялық презентация жасау

жобаны қорғау

2

5

Қосындылар

мәлімет іздестіру, қосындылардың түрлерін сипаттау

ауызша

3

6

Плазмалемманың рецепторлық қызметі

мәліметтерді жүйелеп, конспектілеу

жазбаша

4

7

Өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, прокариоттардың жасуша қабықшалары

мәліметтерді жүйелеп, кесте құру, жасушалардың сызбанұсқаларын салу

Ауызша
сызбанұсқаларды талдау

4

8

Тегіс эндоплазмалық тордың ультрақұрылымы, атқаратын қызметі, жасушада орналасуы. Саркоплазмалық тор

мәліметтерді жүйелеп, конспектілеу

жазбаша

5

9

Сферосома

конспектілеу

ауызша

6

10

Вакуоль

мәліметтерді жүйелеп, конспектілеу, сызбанұсқасын салу

Ауызша
суреттермен жұмыс

6

11

Лизосомалар патологиясы

Мәлімет іздеу, конспектілеу

жазбаша

7

12

Пластидтердің шығуы, құрылысы мен қызметі

Пластидтердің құрылысын бейнелейтін модельдер құрастыру

Жазбаша,
қорғау

8

13

Прокариотты және төменгі сатылы эукариотты жасушалардың фотосинтездік құрылымдары

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

жазбаша

8

14

Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

Фотосинтездің жарық және қараңғы фазаларын сипаттайтын сызбанұсқаларды талдау

8

15

Арнайы органоидтар: кірпікшелер, талшықтар. Базальды денешік

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

сызбанұсқаларды талдау

9

16

Жасушаның тіршілік циклында (центросомды цикл) центриолярлы жүйенің функционалдық өзгеруі

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

жазбаша

10

17

Хромосомалық цикл

мәліметтер іздестіру, жинақтау, кесте түрінде бейнелеу

жазбаша

11

18

Кариотип

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

Адамның кариотипін талдау

12

19

Митоздың түрлері. Амитоз

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

Конференция-сабақ

13

20

Митоздың ынталандырушы факторлары

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

13

21

Прокариоттық жасушалардың бөлінуі

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

13

22

Жасушаішілік репарация

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

Конференция-сабақ

14

23

Бағаналы жасушалар, олардың маңызы, қолдану перспективалары

мәліметтер іздестіру, жинақтау, мультимедиялық презентация дайындау

14

24

Жасушаның қартаюы

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

14

25

Ісікке трансформация

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

14

26

Аутофагия, оның биологиялық маңызы

мәліметтер іздестіру, жинақтау, конспектілеу

жазбаша

15

Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру ағымдағы семестр бойынша БОӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.


9. Ұпай қою саясаты мен критерийлері


Кредиттік технология жағдайында оқу процесін ұйымдастыру элементтерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану болып табылады. Ұпай қою саясаты объективтілік, ашықтық, икемділік және жоғары саралаушылық принциптеріне негізделеді.
Пәнді оқыту барлық өтілген материалды қамтитын, әртүрлі формада (жазбаша немесе ауысша емтихан, тестілеу) емтихан қабылдаумен аяқталады. Емтихан тапсыруға рұқсат алудың негізгі шарты – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет