1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Концентрацияның тепе-теңдікке әсері



бет7/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Концентрацияның тепе-теңдікке әсері. Тұрақты температурада және қысымда азоттың немесе сутектің концентрациясын көбейтсе, химиялық тепе-теңдік бұл заттардың концентрациясының кему жағына қарай, яғни аммиак түзілу бағытына қарай ауысады. Егер азоттың немесе сутектің концентрациясын азайтса, химиялық тепе-теңдік бұл заттардың концентрацияларының көбею жағына қарай, яғни аммиактың сутек пен азотқа ыдырау бағытына қарап ауысады.
Температураның тепе-теңдікке әсері. Жүйенің температурасын арттырғанда химиялық тепе-теңдік жылу сіңіре жүретін реакцияның бағытына қарай ауысады.
Бекіту сұрақтары

  1. Химиялық реакция жылдамдығы қалай анықталады?

  2. Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  3. Әсер етуші массалар заңының анықтамасы

  4. Вант-Гофф ережесінің формуласы қандай?

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.9-9.10 Тақырыбы: Ерітінділер


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дисперстік жүйелер. Ерітінділер.
2. Еру процесі. Гидраттар мен кристаллогидраттар.
3. Ерігіштіктің жылу эффектісі.
4. Ерітінділердің концентрациясы.
5. Идеальды ерітінді туралы ұғым.Осмос.
Дәріс тезисі
1. Дисперсті жүйелер табиғатта кең таралған. Қандай да бір затқа екінші заттың өте ұсақ бөлшектерінің араласуын дисперсті жүйе деп атайды.
Ерітінділер дегеніміз екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын біртекті жүйе.
Ерітінді компоненттері еріткіш (орта) және молекула мен иондар түрінде еріткіште біркелкі тараған еріген заттар болып табылады.
Ерітінділер еріген зат және еріткіштен тұрады.
Еріткіш деп ішінде еріген зат молекула немесе ион түрінде біркелкі араласатын ортаны айтады
Еріген зат деп ерітіндіде ерітілген затты айтады.
Ерітінді = еріген зат + еріткіш
Мысалы: NaCl (ерітінді) = Н2О + NaCІ
Құрамындаға еріген зат мөлшеріне байланысты ерітінділер жіктеледі.
Қаныққан ерітінді дегеніміз белгілі температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.
Еріген заттың жаңа мөлшерін әлі де еріте алатын ерітіндіні қанықпаған ерітінді деп атайды.Іс жүзінде қаныққан ерітінділер аз, көбінесе қанықпаған ерітінділер қолданылады
Д.И. Менделеев еру процесін таза физикалық құбылыс деп есептеуге болмайтынын айтты, себебі еру кезінде еріткіш пен еріген зат бөлшектерінің арасында химиялық әрекеттесу жүреді, нәтижесінде сольваттар деп аталатын қосылыстар түзіледі, еріткіш су болса, гидраттар деп аталады.
Көбіне гидраттанған су кристалл құрамына кристалдану кезінде де енеді. Бұл су кристалданған су деп аталады, ал қосылыс кристаллогидрат деп аталады.
Мысалы: СиSО42О Na2SO4 10H2O
Заттардың табиғатына байланысты ерігіштігі әр түрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет