1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет5/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Наша семья смотрит телевизор. 2.Мой брат пьет чай. 3.Его мама идет в магазин. 4.Их молоток здесь. 5.Ваша тарелка там. 6.Ваша тарелка чистая. 7.Твои дедушка спит на диване. 8.Наше общежитие здесь. 9.Где Ваше общежитие?



Основа оканчивается на согласный звук

Единственное число

Множественное число

I. Менің дәптер-ім «моя тетрадь»

I. Біздің дәптер-іміз «наша тетрадь»

II. Сенің дәптер-ің «твоя тетрадь»
Сіздің дәптер –іңіз «Ваша
тетрадь»

II. Сендердің дәптер-ің «ваша
тетрадь»
Сіздердің дәптер-іңіз «Ваша
тетрадь»

III. Оның дәптер –і «его тетрадь»



III.Олардың дәптер –і «их тетрадь»





2- тапрсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Это наш институт. 2.Мой друг Асан, твой друг Усен. 3.Ваша тетрадь на столе. 4.Чья это школа? –Это их школа. 5.Его дом здесь. 6.Вот Ваш стул. 7.Ваш друг - хороший молодой человек.


3-тапсырма. Сұрақ бойынша ой бөлісіңіз.

  1. Қазақстанның ұлттық рәміздерінде не бейнеленген?

  2. Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз ?



4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып шығыңыз. Ондағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтап орыс тіліне аударыңыз.

Мемлекеттік Ту


1996 ж. 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары (рәміздері) туралы Президенттің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстаң Республикасының мемлекеттік нышандары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген адамдар ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеуге міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар занда мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да айтылған.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі — ашық аспан түстес зеңгір көк. Түрлі рәміздерде қолданылатын түстердің өзіндік мән-мағынасы болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кестеге (ХVІІ ғ.) жүгінетін болсақ, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі екен. Қазақстанның туы - бірыңғай көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Туда бейнеленген шуақты күн — байлық пен берекенің, қыран — еркіндіктің белгісі. Ал, туда салынған ұлттық ою-өрнек қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді.
-Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, әуе кемелерінде және т.б. жерлерде тігіледі немесе орнатылады.
Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады. Ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет