1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Психологияның заты мен міндеттері. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері



бет85/86
Дата31.07.2020
өлшемі195,74 Kb.
#75734
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
3 курс ЕІК методичка ПСИХ
Новый документ, силлабус Паллиативті көмек және онкологиялық профилді пациенттерге күтім, Тәрбиенің мақсаты
8.Ұйымдастыру кезеңі: 6 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 26мин (30%)

Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Еңбек психологиясының объектісі — индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. Қазіргі заманғы еңбек психологиясы өндіру және тұтыну деген ажырамас екі цикл болады, адам оларда кезекпен және тәуелсіз түрде әуелі өндіруші, одан кейін тұтынушы ретінде көрінеді деген түсініктерден бас тартты. Еңбек психологиясының тұрғысынан индивидтің жұмыс уақыты мен бос уақыты еңбек және жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз байланысты. Еңбек психологиясының негіздері медицинаныңфизиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал-әсерімен қалыптасты. Қайсыбір пәннің еңбекті жетілдіру мәселелерін шешуге қатыстырылуы үшін бастау-негіз мынадай қағиданың танылуы болды: еңбектің ұйымдастырылуы оның өнімділігін еңбекті қарқындатудан гөрі көбірек арттырады. ал жұмыскерге жұмсалатын (оның білім алуына, медициналық қызметпен қамтуға, тұрғын үй-тұрмыстық және экологиялық жағдайларын жақсартуға) экономикалық шығындар өндіріс саласындағы пайда түрінде қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек психологиясын дамытуға, оның міндеттерін тұжырымдауға өз үлесін қосты. Еңбек психологиясының өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасуының бастамасы деп І.Мюнстербергтің "Психология және өндіріс тиімділігі"(1913 және "Психотехника негіздері"(1914) атты еңбектерінің шығуын есептеу қабылданған. Еңбекті зерттеге И.М. Сеченов өз үлесін қосты. Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйымдастыру және еңбек қарекетін жобалау мәселелері зерттеле бастады. Алайда еңбек психологиясының эклектикалықтан арылып, өзінің пәнін саралап алуына дейін ұзақ уақыт өтті. Еңбекті зерттеудің инженерлік психология, авиациялық және ғарыштық психология, эргономика, басқару психологиясы секілді жаңа бағыттары қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек ұжымының (тобының) психологиялық кейпін анықтап, реттелуге бағыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) психологияда іс- әрекеттің түрі ретінде силатталады. Еңбек— адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиенің өзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек— адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет