1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері


Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары



бет4/5
Дата29.04.2018
өлшемі1,27 Mb.
#40303
1   2   3   4   5

2.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары

Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды.Біз жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық:

1) Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі

2) Е.Я.Голанд, И.Т.Огородников, С.П.Петровский) : сөздік әдіс (әңгіме, әңгімелесу, дәріс т.б.) ; көрнекілік (демонстрация, көрсету т.б.); практикалық ( сарамандық жұмыс, шығарма т.б. [31].

3) Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша – Лернер – Скаткин топтаған әдістер жүйесі: баяндау – иллюстративті әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық баяндау әдісә, ішінара – іздену немесе эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдіс [32].

4) Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша – Ю.К.Бабанскийдің әдістер жүйесі, бұл оқыту әдісіне 3 үлкен топ әдістер кіреді:

а) оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру (сөздік, көрнекілік, практиаклық, репродуктивті және проблемалық индуктивті,

өзіндік жұмыс ).

б) бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған бақылау, т.б).

в) оқу танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушыылқты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау; оқытуда жауапкершілік пен міндетті қалыптастыру оқытудың қоғамдық және жеке тұлғайлық маңызын түсіндііру, педагогикалық шарттарды ұсыну [33].

Оқушы мен мұғалімнің ішкі және сыртқы іс-әрекеттерінің сабақтастығы бойынша – М.И.Махмутовтың әдістер жүйесі: проблемалы дамыта отырып оқыту әдістері орта мектеп жағдайында жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда тиімділігі тәжірибе жүзінде анықталды.Әдісті нақты жағдайда қолдану үшін оны төмендегідей жоспар бойынша талданды: белгілері – анықтамасы – негізгі қызметі – ережесі – қолданылуы – басқа әдістерден айырмашылығы [34].

Оқу үрдісіндегі әдістердің маңызын физиолог И.П.Павловтың сөзімен көрсетуге болады, ол: «... жақсы әдіспен өте талантты емес адам да көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді»,- деген болатын [35]. Осы орайда біз педагогтың кәсіби біліктілік әлеуетінің құрылымының компоненттерін ғылыми зерттеулер негізінде көрсеттік. Педагогтың кәсіби біліктері әлеуетін анықтау педагогтың кәсіби білімдері, қабілеттері мен біліктері: белсенді ойлауы, өзінің ниеті мен жоспарын өмірде жүзеге асыру , нәтижеге жетуі ретінде белгілі болады. Педагоготың кәсіби біліктілік әлеуеті – бұл мұғалімнің біріккен әр алуан деңгейдегі әрекеті мен дайындық аспектілерін, кәсіби іс-әрекетке қатынасын білдіреді. Педагогтың кәсіби әлеуеті педагогикалық мамандыққа жүктелген міндеттерді орындаудағы еңбекте педагогикалық үрдістің мәнін жеке түсінуі мен оқу- тәрбиелеу әрекетін үйлестіру мүмкіндігі ретінде қаралады.

Сондай-ақ М.И.Махмутовтың зерттеулер нәтижелері танымдық белсенділіктің көрсеткіштері мен өлшемдерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Даму деңгейлерін анықтай отырып танымдық белсенділігін деңгейлерге бөліп қарастырды [36].

2-кесте. Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері.




Оқушының оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігінің деңгейлері

Оқушының оқу белсенділігінің сипаты.

1.Жоғары деңгей.

( шығармашылық)



1.Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады.

2.Обьектіні тани біледі, сипаттай алады, танымдық міндеттерді өз бетінше қояды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, өз бетінше айқындайды.

3.Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігі сақталынады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды.

4.Республикалық олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады; семинар сабақтарында баяндама, реферат жазады, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.



2.Орташа деңгей

( эвристикалық)



1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.

2.Оқушылардың мотивін, мақсаттық қатынасы өзіндік жұмысқа шығармашылық компоненті ретінде қалыптасқан, бірақ өзіндік әрекетін басшылыққа алу керек.

3.Ынталық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.


3.Төменгі деңгей

( жаңғыртушы)



1.Танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбеуі (тақтадан, сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмауы жатады.

2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша баяу орындайды.

3.Танып білуде белсенділік танытпайды, қиыншылықты жеңу ниеті тқмен.

Біздің ойымызша оқушыларды белсендіруде мұғалім оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, сыныпта жақсы ахуал орнату, олардың ар-намысына тимеуді және жетістіктерін мақтау, тиімді әдістер арқылы, шығармашылық сабақтар ұйымдастыру, өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік беру т.б. қажет. Оқушыларды белсендіру жолдарын біз 3 кестеде бейнелеп көрсетуге тырыстық.



3 – кесте Оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру.

Қабілеттері мен қызығушылығын ескеру

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе айтарымыз, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.



Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды ұсынамыз:

    • Танымдық

Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие.Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

  • Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин,Т.Рибо).

  • Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)

  • Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)

  • Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)

  • Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.А.Половников)

  • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А.Низамова)

  • Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)

  • Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

    • Әдіснамалық

    • Коммуникативтік

    • Шығармашылық

Шығармашылық – танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім менбіліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы. Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері баррефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінтиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ – танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсенеқатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ – ізденіске ұмтылады, бірақшығармашылық тапсырмаларды орындауға барлықуақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді. танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерінтабуға құлшыныс білдіреді; тапсырмалардыорындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ – шығармашылық сипаттағытапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігітөмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмалардыұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оныорындауда көмекті қажетсінеді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет[37].

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

-шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

-шығармашылық тапсырмалыр түрлі деңгейде болуы;

-кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

-білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

-тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

-оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек;

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс тәсілдердің маңызы жоғары, бірақ қазіргі кезеңде орта мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту ( репетитор, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу, алыстан білім алу), ұжымдық сабақтар ( шығармашылық сабақтар, семинарлар, мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т.б.), жеке ұжымдық жұмыстар арқылы (шығармашылық күн, пәндік және ғылыми апталықтар, жобалар), оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады.(4 –кесте)


4 –кесте Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формалары



Өз бетімен білім алу

Олимпиада

Жобалар


Практикум

Факультатив

Экскурсия

Оқудағы белсенділік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке түрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделеді.

Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы әрекеттерінің міндеттеріне тоқталсақ:



  • білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

  • білімді шығармашылқ пен қолдануға дағдыландыру және оқу

проблемаларын шешуде шеберліктерін арттыру;

  • оқу тапсырмасын орындау үрдісінде оқу операцияларын қолдануға

үйрету; оқытудың ғылымилығын арттыру;

  • ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т.б.

Өзіндік жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.

Ауыл мектебінің білім ошақтарының қашықтығы мен білім алу кеңістігінің шектеулігіне байланысты оларды оқытуда аудандық және облыстық жарыстарға қашықтықтан интернен арқылы қатысу тиімді болып табылады.

Қазір алыстан оқыту технологиясы және Интернет желісі көмегімен жүзеге асатын алыстан білім берудің кейбір мақсаттарына тоқталсақ:

1) Оқушыны жеке оқу пәні бойынша емтиханға дайындау;

2.Оқушыны жоғары оқу орнына түсуге дайындау;

3.Мектеп бағдарламасының тарауындағы немесе мектептен тыс курстар тақырыптарын терең оқыту;

4.Әр оқу пәнінен оқушының білім,білік , дағдыларының толымсыз тұстарын толықтыру, т.б.

Алыстан жарыстарға қатысу 5 түрін бөліп көрсетуге болады:

1-түрі:˝Мектеп -Интернет˝

2-түрі:˝Мектеп-Интернет-Мектеп˝

3-түрі:˝ Оқушы-Интернет-Мұғалім ˝

4-түрі: ˝Оқушы-Интернет-Орталық ˝

5-түрі: ˝ Оқушы-Интернет ˝

Алыстан оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының жеке білім алуына , оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға жағдай жасайтын алыстан оқытудың 3 түріне тоқталып өтеміз:

1-і түрі: Оқушы-Интернет-Мұғалім. Бұл сабақ электрондық пошта, чат, веб-ресурстар көмегімен өткізіледі және тақырыпты немесе құбылысты терең оқытуды, жоғары оқу орындарына түсуге дайындауды мақсат етіп қояды.Сабақ алыстан оқыту курсы, семинарлар, консультациялар түрінде өтіледі.Оқытудың бұл түрі мектептегі қосымша оқыту қызметін атқарады.

2-і түрі: Оқушы-Интернет-Орталық.

Алыстан оқытудың бұл түрі білім беруде жеке тұлға ерекшеліктеріне сай оқытуға бағытталады.Теллекомуникация технологиясының міндеті-оқушылардың жеке бағдарланушылығын күшейту, оқушыларға жалпы білім беру дайындығының деңгейін, формасын, қарқынын таңдауға мүмкіндік беру.

Оқушылар бір мектепте оқымаса да, дистанттық орталықтан білім ала алады,жеке тұлғалық қабілеттеріне байланысты шығармашылық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беріледі.Мұндай түрдегі алыстан білім беру жүйесін ұйымдастыру үшін аса қуатты құрал-жабдықтар, білім беру үрдісін басқаратын және оны жүзеге асыратын арнайы білім беру бағдарламалар, серверлер қажет.

Осы жағдайда білім беру алыстан оқытуды, жекелеп оқытуды және оқушының шығармашылығын қамтиды.

3-і түрі: Оқушы-Интернет.

Алыстан білім алудың бұл түрінде оқушы бір мезгілде бірнеше мұғалімдерден әр түрлі оқу пәндері бойынша білім ала алады.

Ауыл және қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін талдай отырып,оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білмеуі және оқу материалдарын талдау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білмеуі байқалады.Алынған мәліметтерді талдай отырып, оқушылардың танымдық білігі өзіндік білім алуы төмен дәрежеде екенін көрдік [38].

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы «Жезкент кентінің мектеп лицейі»КММ-де диплом алды практиканы өту барысында кішігірім зерттеулер жургіздік. Ауыл мектептерінің оқушылары компьютерді пайдалана білгенімен Интернетпен жұмыс жасап көрмегені белгілі болды. Қазір ХХІ заманында ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибелерін оқу үрдісінде қолданылады десек те,ауыл мектептері жағдайында бұл жүзеге аспай отыр. Интернет дүнижүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез-келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады. Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді. Сондай-ақ , олар жаңа технологиямен жұмыста пайдалы тәжірибе жинақтайды.

Мектептерде дәстүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында, өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарында мынадай тәсілдерді кең қолдана отырып , танымдық белсенділігін арттыру тиімді болады:

- оқу материалындағы ортақ заңдылықтарды таба білу;

- тапсырмаларды жүйелі беру;

- өзін-өзі бақылай және өз жұмысын тексере білу;

- қосымша ақпараттар жинау;

- теориялық материалдарды практиакда қолдана алу т.б.

Жезкент кентінің мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы мынадай болды: оқуға қызығушылығы төмен ­ 56% (10 сынып); өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған 43% (11 сынып); өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды- 40% (10 сынып), негізгіні бөліп көрсете алмайды-30% (11 сынып), қарапайым жалпылауды білмейді - 51% (10 сынып), күрделі емес тақырыпты, жағдайды өз бетінше талдай білмейді - 55% (10 сынып).

Зерттеу барысында 10,11 сынып оқушыларының арасында сауалнама, пікір алысу ұйымдастырылды.

Жауап бергендердің 12,2% танымдық деңгейін дамытатын болса, 57,3% "жоқ", 30,5%- " кейде" деген жауап қайтарды.

Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне , біліктері мен дағдыларын сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Көптеген оқушылар өзіндік жұмысқа мән бермейді.38%-і өзіндік жұмысты мүлдем жоспарламайды, 32%-і жоспар құрғанымен оны орындамай тастайды, 14%-і әр күнге жоспарлайды, 10%-і бір аптаға, 6%-і бір айға жоспарлайды.

Зерттеулеріміздің барысындағы нәтижесін талдай келе мынадай қорытынды жасадық : орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін қайта қарау, танымдық белсенділікті қалыптастыруда оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі басты шарты деген тұжырым жасадық.

Жоғарыда келтірілген педагогикалық әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру және педагогикалық іс-шаралар ( сынып сағаттары, сайыстар, диспут, шығармалар, танымдық тапсырмалар) ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады, алған білімдерін практикада еркін пайдалануға , т.б. дағдыланады.

жұмыстарын қорытындылай келе, танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық әрекеті мен шығармашылығы, белсенділігі, ізденімпаздығы қоғамдағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылатынын баса айтқымыз келеді.


Каталог: uploads -> doc -> 0bad
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bad -> Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық валюта»
0bad -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Айнымалылар типтері. Меншіктеу операторы»
0bad -> Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация Сабақтың мақсаттары: Білімділік
0bad -> Сабақтың тақырыбы: «Қызықты биология елінде!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет