1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері


Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ақпараттық технологияларды



бет5/5
Дата29.04.2018
өлшемі1,27 Mb.
#40303
1   2   3   4   5

2.3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі

Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады. «Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мұлахаза (ой,пікір алысу), екінші-мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаһантінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай дұрыс айтқан.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа , дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практиға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады [39].

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ , сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар, флипчарттар(интерактивті тақта) және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

-компьютерлiк үйрету бағдарламалары

-электрондық оқу құралдары

-компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

-электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

-аудио және видеоматериалдар

-Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi.



1 сурет Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.


ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасырды деп жай атамаған. Компьютер адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Дүниежүзілік қоғамдастықты қоғамдық өмірдің барлық саласы жаһанды ақпараттандыру процессі дамытылуда.

Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарың анықтайтын технологиялық- педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.


    1. Сұрақ –жауап диалогы. Білімгерлер сұраққа құралған лексика граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.

    2. Тандамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.

    3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.

    4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар. Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.

    5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады :

Сөздердің синонимдік пен антонимдік қатары тауып алуға комегін туғызады. Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнауы мынадай бағдарламалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ә) Мэтчмастер ( сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған бағдарламалар); Б)Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын бағдарламалар); В)Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған бағдарлама); Г) Кроссводмастер (кроссводтарды толтыруға уйрететін бағдарлама); Д)Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдырландыру бағдарламасы); Е)Юнилекс (мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы); Ж)Гэпмастер (жеберілген бос орындарды толтыруға дағдарлындару бағдарламасы); З)Пинпойт (іздену, шешу, табу дағдырларын қалыптастыруға арналған бағдарлама); И) Спидрит (білімгерді шапшаң оқуға дағдырландыратын бағдарлама); Қ)Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған бағдарлама) [40].



Ағылшын тілібүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Бұл программа мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:



    • лексиканы оқып үйретеді;

    • сөйлеу ырғағын;

    • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

    • хат жазуға үйретеді;

    • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймыз және жұмыс барысымда қолданамыз. Диплом алды практикадан өту барысында “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолдандым. “English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

“Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;

• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады; Өз тәжірибемізде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамыз.

Компьютер арқылы оқыту оқушылардың төмендегідей қабілеттерін қамтиды:



- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;

- оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;

- дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;

- ойлау қабілетін дамыту;

- ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.

- компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімдылыгі артады;

- компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;

- оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады.

Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі: «Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл, сөз жок, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барсыныда оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пәні мүғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пәкеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Компьютерлік технологиялар арқылы өтетін оқу үрдіс оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шағармашылық қабілеттерін дамытып өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашады. Компьютерлік технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді.

  1. өзіндік оқу, шетел тілінің әр түрлі атыларындағы іскерліктерді игеру,

дамыту;

  1. оқытушының басқаруымен шетел тілінің белгілі бір тақырыбы

бойынша білімдерін тексеру;

Қорыта келе, АКТ - ны пайдалану ,барысында жеткен жетістіктеріміз:



  1. оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға

мүмкіндік берді;

  1. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін

кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;

  1. оқушылардың оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.

  2. АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық

деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;

  1. Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;

  2. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;

  3. Тіл байлығын жетілдірді;

  4. Жан - жақты ізденушілігін арттырды;

Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікір-талас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңес-тігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе, 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуға жалпы орта білім беру мазмүнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңестігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың ролі артады. Әсіресе 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бірі болып табылады. Бүл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенді-лігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың эрі формасы, эрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мүғалім мен оқушылардың бірлескен оқу эрекетінің өзара байланысты техноло- гиясы ретінде қолдануға болады. Ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивтік тақтаны қолданудың да маңызы зор. Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалып-тастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Оқытудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дүрыс өткізіл- ген сабаққа оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жүмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптасты-руына мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1. Алфавитті дұрыс меңгерту;

2. Орфографияны дүрыс оқыту;

3. Дүрыс оқу дағдысын қалыптастыру;

4. Лексиканы меңгеру;

5.Оқушылардың ойын дамыту, дүрыс жазу, дүрыс айту, дүрыс білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мүғалім өз сабақтарында жаттығуды бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақ қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру қүралы ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мүғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар қүрып алуы керек. Сонымен бірге мүғалім ойынға қойылатын әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Ол әдістемелік түрғыдан алғанда мынадай бөліктерден түрады:

1) Ойынның өтілетін сабақтардың мазмүны мен тақырыбына сай болуы;

2) Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу;

3) Ойынның ойналу түрі-топ болып ойнау;

4)Ойынға қажетті материалдық түгел дайындалып қойылуы;



5) Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең тыңдау;

6) Ойындардың өту барасының жоспарын жасау. Мүғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны үшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара түлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мүғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана эрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-эрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы: сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолдаған жөн. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world Board Race Order Race Question race Bingo Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бүл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсудің, әрі пысықтауды көздейді. Бүл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жүмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта - ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада айтылған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Ойын үйымына түсінік берсек, бүл баланың мінез-қүлқына өзі басқарумен қатар топпен жүмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне комектесу, тек ойлау қабілетін, алға үмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үстінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын тілі пәнінде көбіне рөльдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын - оқу, еңбек іс- әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Баланың дене қозғалысы жақсарады. Оқушылардың қызығушылығы артады. Топпен жұмыс істеуге ¥йымшылдық қабілеті пындырады. дағдыланады. артады, дамиды. Танымдық әрекеттерді жетілдіреді. Ойлау қабілеті артады. Осы іс-әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөльдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Осы ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмүнына неғүрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымды-лығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Ойын сабақтың эр кездерінде, тақырыбына қарай мүғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы дипломдық жұмысымда тілді меңгерту мақсатында қолданып түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.

1. What’s in the bag? «Сомкеде не бар?» ойыны.

Мүғалім алдымен балаларға бір сөмке алып келеді. Балалардан сүрайды. Балалар сомкеде не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мүғалім бүл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа создерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мүғалім сөмкенің ішіндегі заттармен таныстырады. Сомкеде не бар? Мүғалім оқушылардан What’s this? сүрағы арқылы затты корсету арқылы сүрайды. Мысалы: a pen, a copybook, a pencil, a ruller, a rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді үмытпау керек. Сосын оқушыларға сөмке ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сүрақ арқылы сүрауға болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімге екенін табу керек. Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының сабаққа деген қызығушылығын артып, сөздік қорларын молайып, есте сақтау қабілетін арттады [41].


  1. Board race «Тақта сайысы» ойыны

Бұл ойынның шарты: Мүғалім оқушыларды екі топқа боліп, ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мүғалім түстер, сандар, создер айтады сол айтылған создерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы эрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жондеп қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы: Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қате-сін жондеп қай жақтың жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады [42].

3. Question Rase «Сұрақтар» сайысы Бұл ойынның шарты: Мүғалім сол сабаққа қатысты сүрақтар қойылады. Осы сүрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сүрақтарға дүрыс жауап беру керек. Мысалы: жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сүрақтар арқылы қолдануға болады. 1. How many seasons are there in a year? 2. What are they? 3. How many months are there in a year? 4. What are they? 5. What season is it now? 6. What month is it now? 7. How many days are there in a week? 8. What are they? Осы сүрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылығы артады. Қорыта келегенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту қүралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізді. Нәтиже:

1. Әр оқушының шығармашылығы артады;

2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

3. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

4. Оқушы топ жаруға ұмтылады;

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды;

6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.



Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор. Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меігеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, өорытынды жасауға дағдылананды. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушының таным түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін [43].

Шет тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелік психологиясын, ойынның дидактикалық ерекшеліктерін ескере отырып тіл дамыту, жаттықтыру ойындарын немесе ойын элементтерін жиі жүргізген жөн. Кейбір қызықсыз материалды балалардың санасына ойын арқылы әсерлі етіп жеткізуге болатын ұстаздардың іс-тәжірибесінде дәлелденген.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданылудың маңыздылығы төмендегілерден көрінеді:

1)Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктері;

2) Видиефильмдер мен мультимедиалық призентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын пайдалану;

3)Ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тіл үйретудің әдіс- тәсілдерін меңгерту;

4)Ағылшын тілін үйрету процессіндегі мультимедиа мен видиеофильмдерді пайдалану;

5)Интерактивті тақтаның жаңа сабақты оқушыға сондай-ақ, күрделі тақырыптарда уақытты үнемдеуге өте тиімді;

7)Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру




Қорытынды

Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері пайымдалып «танымдық қызығушылық» ұғымына анықтама бердім. Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесіндегі алатын орны айқындалып, ақпараттық технологиялардың түрлері анықталды. Зерттеу барысында негізделген теориялық қағидалар және оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру негізінде жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер зерттеудің дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

- Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, білім салаларындағы өзгерістерге байланысты орта мектептердегі оқушыларға білім беру сапасын қайта қарап, жақсартуды талап етеді;

- Танымдық әрекеттегі белсенділік компоненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік;

- Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.

- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой-өрісін арттыруға болатынын эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады.

Дейтұрғанмен, шет тілін оқыту үдерісінде жеткіншектерді шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқыту мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, шет тілінің пән ретінде, атап айтсақ, ағылшын тілінің, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие болып отырған ақпараттық құзыреттілік мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді.

Дипломдық жұмысымызда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:

- Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек.

- Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап, іске ендіру керек.

- Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.

- Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау. Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.

Қоғамның әлеуметтік дамуына сай, келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.

Зерттеу нәтижесінде алынған оқушылардың ақпараттық тәрбиелілік деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштері салыстырылып біз ұсынған жүйенің тиімділігіне көз жеткіздік.

Зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамына сәйкес келесі міндеттері орындалды: шет тілі сабағында ақпараттық технологиялар негізінде оқытудың танымдылық белсенділігін арттыру жолдарын анықтадық.

- шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздерін ашып көрсеттік;

- психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «танымдық-қызығушылық» ұғымы толықтай тоқталып өттік;

- ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесіндегі алатын орны;

- ақпараттық технологиялардың түрлері;

- шет тілін оқытудың негізгі принциптер;і

- ақпараттық технологиялардың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларға шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана оқытудың теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Демек, болашақ педагогтар осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Ол үшін әрбір оқытушы мүмкіндігінше сабақта АКТ-ны қолдануы қажет. Зерттеу барысында АКТ -ны сабақта пайдаланудың тиімді жолдарын айқындадық:

1) Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

2) Ақыл-ойын дамытады;

3) Шығармашылық белсендігін арттырады;

4) Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

5) Тіл байлығын жетілдіреді;

6) Жан-жақты ізденушілігін арттырады.

Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту – бүгінгі заман талабы. Оны жүзеге асыру – әрбір шет тілі мұғалімінің міндеті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. - Алматы, 2005. – 200 б.

2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. №2, 2004. – 4-16 б.

3 Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы //. - №32-33, 19 ақпан, 2005.

4 Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы //Егем.Қазақстан. 2 наурыз, 2006.

5.Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы // Егем. Қазақстан. №55, 1.03.07.

6. Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ. Философиялық сөздік. Алматы, 1996ж. - 525 б

7. Павлов Иван Петрович Советская энциклопедия, 1969

8.Дьюи, Дж. Школа и общество / Дж. Дьюи. – М.: Госиздат, 1924

Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения.– М., 1974.-584 с.

9. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы //Егем.Қазақстан. 5 наурыз, 2007.

10.Құлекеев Ж. Білім реформасы - елдіктің ісі : /Саясаттанушы-ғалым Әзімбай Ғалидың газетіміміздің №10 санында жарияланған ұсыныс-хатына Білім және ғылым министрінің жауап хаты / Ж.Құлекеев// Қазақ әдебиеті. - 2004. -№13,2 сәуір. - Б. 3.

11.Г.Е. Ермахан Бiлiм берудегi менеджмент=Менеджмент в образовании Нравственное воспитание школьников в народные традиции // Бiлiм берудегi менеджмент=Менеджмент в образовании, 2004. - № 4

12. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.

13. В.Оконь [Электронный ресурс] // Сидоров С.В. Сайт педагога-исследователя. – URL: http://si-sv.com/publ/21-1-0-212 Источник:http://si-sv.com/publ/21-1-0-212

14. Кузовлев В.П., Пассов Е.И. Коростелев В.С. Памятка как вспомогательное средство обучения. В кн.: Общая методика обучения иностранным языкам. Хрестоматия. / Сост. Леонтьев А.А. - М.: Русский язык, 1991.

15. Бим, Инесса Львовна. Концепция обучения второму ино- странному языку (немецкому на базе английского) : [учеб. пособие] / И.Л. Бим. – М. : Титул : Titul, 2001. – 45 с.

16. Якиманская И.С. Личностно-ориентированное обучение в современной школе. — М.: Сентябрь, 1996. — 96с.



17. Селевко Г.К., Черво Ю.Ю. Программа педагогической коррекции трудновоспитуемости подростков. - М., 1997

18. Харламов И. Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 1999. – 520 с.
19. Аяпова, Т. English. Ағылшын тілі: 5-сыныпқа арналған оқулық / Т. Аяпова, Д. Ұқбаев. - 2-бас., өңд. - Алматы : Атамұра, 2005. - 208 с.

20. Ағылшын тілі/Аяпова Т., Әбілдаева З. - 2002

21. Т. Аяпова, З. Әбілдаева, Ж. Тұтбаева. Издательство - Алматы, "Атамұра", 2003.

22. Кузнецова, Т. Д. English. Английский язык [Текст] : учеб. для 8 кл. общеобразоват. шк. / Т. Д.Кузнецова, П. Г. Козлов. - Алматы : Мектеп, 2004. - 238 с.

23 Құраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, Т. 2, 1991.

24 Түркістан халықаралық энциклопедия // Бас редакторы Нысанбаев Ә. Алматы, 2000. – 655

25 Ысқақов Б. Қорқыт ата кітабы. Түркі тілінен аударған Ысқақов Б. - Алматы: Жазушы, 1994. – 160 б.

26 Әл-Фараби Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 382 б.

27 Егеубаев А. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік эстетикалық ізденістер мен түрленулер– Алматы, 1999. – 282 б.

28 Ахметов Т.А. Ж.Баласағұнның педагогикалық. – Алматы, 2003.

29 Ж. Баласағұн. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, - 1986. – 607 б.

30 Махмұт Қашқари. Түрік Сөздігі (“Диани лұғат-ит-түрік”) Аударған алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазып, баспаға дайындаған Егеубай А.Қ. – Т. I, – Алматы, 1997; Т. II, - Алматы, 1997; Т. III, - Алматы, 1998;

31 Қазақстан Ұлттық Энциклопедия // Бас редакторы Нысанбаев Ә. Т. I, - Алматы, 1998. - 719 б.

32 Қазақ даласының ойшылдары: (IX-XIIғ) – Алматы, 1998.

33 Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал-мәтелдері.

34 Үш пайғамбар // Құрастырған Нысаналы А. – Алматы: Дәуір, 1992.– 184 б.

35 Қалиұлы С. Төле би // Төле би әңгімелер, аңыздар, қанатты сөздер және шешендік толғаулар. - Алматы, 1992. – 194 б.

36 Жаңабаева Р. Шоқан шығармаларының патриоттық тәрбие бастаулары // Қазақстан мектебі, 2006, № 11, 40-44 б.

37 Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы: Жалын, 1991. – 240б.

38 Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы, 1961. - 692 б.

39 Құнанбаев А. Қарасөз. – Алматы: Рауан, 1995. – 224 б.

40 Социалистік Қазақстан, 28 декабрь, 1988.

41 Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 558 б.

42 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318 б.

43 Әбсеметов М. Оян, қазақ! – Алматы: - Н. Б. – Алтын Орда, 1991. – 80 б.

44 Дулатов М. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1991. –380 б.

45 Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. Т. II, - Алматы: Жазушы, 2002. – 189б.

46 Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 2002. – 205 б.

47 Молдағалиев Ж. Жиырма бес. // Дастандар мен өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1965. – 408 б.

48 Момышұлы Б. Т. I, - Алматы: Жазушы, 2001. – 479 б.

49 Қайсенов Қ. Ағалар туралы аңыз әңгімелер. // Естелік әңгімелер. – Алматы: Балауса, 1992. – 144 б.

50 Егемен Қазақстан, № 23, 5 ақпан, 2005.

51 Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы IV томдық; // Өлеңдері мен поэмалары. Құрастырған Оразақын Асқар. Т. I, 2001. - 448 б.

52 Ерғалиев Х. Өмір өрнегі. – Алматы: Жалын, 1986. – 383 б.



53 Мұқанов С. Шыңнан шыңға.– Алматы: Жазушы, 1965. – 320 б.


Каталог: uploads -> doc -> 0bad
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bad -> Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық валюта»
0bad -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Айнымалылар типтері. Меншіктеу операторы»
0bad -> Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация Сабақтың мақсаттары: Білімділік
0bad -> Сабақтың тақырыбы: «Қызықты биология елінде!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет