1-ші аралық бақылау сұрақтары. «Философия» сөзінің қазақша мағынасын және анықтамасын жазып беріңіз


Сана дегеніміз не, оған анықтама беріңіз



бет6/8
Дата14.03.2023
өлшемі41,49 Kb.
#172294
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
философия
отчет за год Рашидовой
10. Сана дегеніміз не, оған анықтама беріңіз.
Сана – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлауқиялжадыерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсінуауырсыну тәжірибесісенімаңсарниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.


12. Сана мен мидың байланысына талдау жасаңыз.
Ми мен сананың өзара байланысын түсіну – аталмыш "сана-дене проблемасы" – философия тарихындағы қиын және өзекті мәселелердің бірі есептеледі. Осынау мәселеге берілген жауапқа қатысты үш негізгі философиялық мектеп қалыптасқан: дуализм, материализм және идеализм. Дуализм сананың мидан тәуелсіз өмір сүретінін, онымен қатар, пареллель екенін дәріптесе,ал материализм менталды феномендердің нейронды феномендермен бірдей екенін, яғни сана дегеніміз нейрондар белсенділігі екенін дәріптейді; ал, идеализм тек менталды феномендер ғана шын екенін, ал физикалық шындықтар сананың арқасында расталып қана қоймай, сана негізінде рас бар болатынын айтады.


13. Болмыстың негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат.
Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет