1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Протеиногендік (құрамында белок бар) пигменттер алмасуының бұзылуы



бет10/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá
2-сабақ Қаныш Сәтбаев, Ó÷åáíî-ìåòîäè÷åñêèé êîìïëåêñ äèñöèïëèíû ðóññêèé ÿçûê (Óðîâåíü Â1
Протеиногендік (құрамында белок бар) пигменттер алмасуының бұзылуы.
Бұл пигменттер құрамында негізінен тирозин белогы болуына байланысты оларды тирозиногендік пигменттер деп те атайды. Оларға: меланин, адренохром жəне энтерохромаффин жасушаларының пигменті кіреді. Меланин қоңыр-қара түсті пигмент, терінің, шаштың, көздің реңі осы пигменттің аз-көптігіне байланысты. 1 г меланин бүкіл теріні қара түске бояй алады. Меланин организмге күн нұры əсерінен сақтау қызметін
атқарады. Меланин меланоцит жасушаларында тирозин белогынан тирози- наза əсерінде пайда болған дегидроксифенилаланиннен түзіледі. Меланоцит жасушалары тері эпидермисінде, көздің торлы жəне пигментті қабатында, мидың жұмсақ қабаттарында табылады. Əлі толық жетілмеген меланоцит жасушалары меланобласт деп, ал меланинді өзіне обып алатын жасушаларды меланофагтар деп атайды. Организмдегі меланин мөлшері тұқым қуылаушы белгілермен, нервжүйесімен, гормондармен реттеледі
Меланин алмасуының бұзылуы оның мөлшерінің көбейіп кетуі (гипермеланоз) немесе азайып кетуі (гипомеланоз) түрінде көрінеді.
Меланин мөлшерінің көбейіп кетуі (гипермеланоз) жергілікті жəне жалпы түрге бөлінеді. Меланиннің жергілікті көбеюіне теріде туа пайда болатын қал (мең) мысал бола алады. Қал (невус) пигмент түзуші жасушалардың бір жерге топталып қалуының нəтижесінде дамитын тума ақаулар қатарына жатады. Кейде ол аса қауіпті ісіктің – меланобластоманың – туындау көзі болады. Тоқ ішек меланозы да жергілікті меланин алмасуының бұзылуына кіреді, пигмент шырышты қабат стромасының жасушаларында көрінеді. Бұл жасушалар меланин пигментін түзбейді, тек өзіне сіңіреді деген пікір бар.
Меланин мөлшерінің жалпы көбеюі Аддисон ауруында кездеседі. Бұл ауру бүйрекүсті безі қызметінің туберкулезге, ісіктерге байланысты немесе аутоиммундық реакциялар əсерінен өте нашарлап кетуімен сипатталады. Осы жағдайда адреналиннің организмде аз түзілуіне байланысты меланин пайда болу үдерісі шектен тыс күшейеді, себебі, адреналин мен меланиннің пайда болу көздері бір. Меланин теріге жиналып қалып, теріні қоңыр-қара түске бояйды (гиперпигментация).
Меланин мөлшерінің жергілікті азайып кетуі витилиго (пес) деп аталады. Бұл кезде теріде пигментсіз ошақтар пайда болады, олар əсіресе бетте, мойында, қолда көп байқалады. Ауру себебі толық анықталмаған негізінен вегетативтік жəне эндокриндік жүйелер бұзылыстарынан дамиды деген пікір бар. Теріде күйгеннен кейін, мерез, алапес ауруларынан соң пайда болған, ақтаңдақтану ошақтарын лейкодерма деп атайды, бұл меланогенез үдерісінің жергілікті бұзылуы.
Организмде меланин пигментінің бүтіндей болмауы альбинизм деген тума сырқатта кездеседі. Бұл сырқатта тирозиназа ферментерінің белсенділігінің жеткіліксіздігінің нəтижесінде тирозин меланинге айнала алмайды.
Альбиностар күн сəулесіне төзімсіз, сондықтан олар ыстық аймақтарда тек түнде ғана жұмыс істей алады, өздерін «ай баласымыз» деп атайды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет