1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Патанатомиялық қызмет және оның денсаулық қорғау жүйесiндегi маңызы



бет2/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá
2-сабақ Қаныш Сәтбаев, Ó÷åáíî-ìåòîäè÷åñêèé êîìïëåêñ äèñöèïëèíû ðóññêèé ÿçûê (Óðîâåíü Â1
2. Патанатомиялық қызмет және оның денсаулық қорғау жүйесiндегi маңызы.

Патологиялық анатомия тек қана теориялық ғылым емес, оның денсаулық сақтау жүйесіндегі де аса зор маңызы бар. Осы ғылым мамандары биопсиялық тексерулермен ашып көру нəтижесінде табылғанморфологиялық өзгерістерді аурудың клиникалық көріністерімен салыстыра тексеріп, əр түрлі патологиялық үдерістерді, əсіресе қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтауға да тікелей қатыса алады.


Аутопсия барысында клиникалық диагноз өлген кісі ағзаларындағы морфологиялық өзгерістермен салыстыра қаралып, аурудың ең соңғы патологиялық анатомиялық диагнозы қойылады. Өкінішке орай, кейбір жағдайларда клиникалық диагноздың дұрыс еместігі немесе ауруды емдеу кезінде дəрігерлер тарапынан жіберілген қателер, сəтсіз іс-əрекеттер (ятрогениялар) байқалады. Біздің медицинамыздың осындай клиникалық-анатомиялық бағыты аурухана жағдайында дəрігерлердің біліктілігін асыруға мүмкіндік береді. Ашып көрудің карантиндік инфекцияларды дер кезінде анықтаудағы орны ерекше. Ашып көру кезінде алынған материал жəне биоптаттар ғылыми тұрғыдан зерттеліп, білім беру, оқу саласында да пайдаланылады. Міне, осы аталған міндеттер патологиялық анатомияның медицина үшін қаншалықты мағызы барлығын көрсетеді. Қазіргі уақытта патологоанатомдар жұмысы клиникамен тығыз байланысты болғаны үшін оларды клиникалық патологтар деп атайды.
3. Дистрофиялар анықтамасы: дистрофия жасушалық метаболизмнiң бұзылуының көрiнiсi және зақымданудың түрi (альтерацияның).
Дистрофия (грекше dys – бұзылу жəне trophe - қоректендіремін) деп жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын патологиялық үдерістерді түсінеміз.
Даму механизмдері: инфильтрация, бұрмаланған синтез, трансформация және декомпозиция. • Тіндердің зақымданған құрылымдарына қарай дистрофиялардың келесі түрлерін ажыратады: / Паренхималық (жасушалық) / Строма-тамырлақ (мезенхималдық) / Аралас • Алмасуы бұзылған заттың түріне қарай бөлінеді: / Ақуыздық (диспротеиноздар) / Майлы (липидоздар) / Көмірсулы /
Зақымдану- ол ағза қызметінің бұзылыстарына алып баратын жасушалардың, жасуша аралықтарының затының және тіндердің өзгерістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет