1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Хромопротеидтер алмасуының бұзылуының себептерi, түрлері



бет12/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá
2-сабақ Қаныш Сәтбаев, Ó÷åáíî-ìåòîäè÷åñêèé êîìïëåêñ äèñöèïëèíû ðóññêèé ÿçûê (Óðîâåíü Â1
Хромопротеидтер алмасуының бұзылуының себептерi, түрлері

Хромопротеидтер алмасуының бұзылуы. Хромопротеидтер (грекше chroma – рең, бояу) немесе эндогендік пигменттер адам өмірінде өте маңызды қызметтерді атқарады. Мысалы, гемоглобин пигменті эритроциттердің құрамында оттегінің тасымалдануын қамтамасыз етеді; меланин пигменті организмді ультракүлгін сəулелерден қорғайды; өт пигменттері асқорытуға белсенді қатынасады; ферритин организмдегі темірдің қоры болып есептелінеді.
Эндогендік пигменттер патологиясы осы пигменттердің организмде жиналып қалуымен немесе олардың жеткілікті түзілмеуімен байланысты. Хромопротеидтер: гемоглобиногендік, протеиногендік жəне липидогендік пигменттерге бөлінеді.


10 .Минералдар алмасуының бұзылуы оның түрлерi
Адам организмінде Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің сексен бірі табылған. Олардың 12-сі макроэлементтер деп аталады (C, O, H, Na, Mg, Сa, Ғе, K, S, P, F, CL) жəне олар барлық химиялық элементтердің 99% құрайды. Қалған элементтер организмде өте аз мөлшерде болады. Сондықтан олар микроэлементтер деп аталады. Микроэлементтердің ішіндегі ең маңыздылары: J, Cu, Zn, Cr, Se, Mn, Co, V, Mo, Ni, Li, As. Химиялық элементтер жасушада биокатализатор рөлін атқарып, фермент, гормон, витаминдер құрамына кіреді.
Мысалы, организмде йодтың жетіспеуі эндемиялық жемсау (зоб) деген сырқатқа соқтырады.
Калий мөлшері өте азайып кеткенде (гипокалиемия) жүрек бұлшықеттерінде майда некроз ошақтары пайда болады.
Калий алмасуының бұзылыстары натрий алмасуымен тікелей байланыста болады. Жасушалық мембраналардағы натрий-калийлік АҮФ-аза (натрий-калий насосы) калийді шығарады. Жалпы калийдің 98% жасуша ішінде болады. Калийдің қанда азаюы (гипокалиемия) калийдің бүйректер арқылы шығарылуы күшейгенде, организмнен диарея, құсуға (мысалы, холерада) байланысты калий көп мөлшерде шығып кеткенде, алколоз жағдайында байқалады. Гипокалиемия бұлшықеттердің əлсіздігіне, тыныс алудың салдануына, кейде жүректің аритмиясына, микронекроздарына соқтыруы мүмкін.
Гиперкалиемия калидің бүйрек арқылы шығарылуы азайғанда (бүйрек ауруларында), Аддисон ауруында (бүйрекүсті бездерінің жетіспеушілігінде), ацидозда, гемолиз үдерісі күшейгенде, жарақаттарда, қант диабетінде кездеседі. Гиперкалиемия жүректің тоқтап қалуының себебі болуы мүмкін.
Натрий (Nа) – жасушадан тыс электролит, калидің антагонисті. Натрийдің жасушаға кіруі организмде судың жиналып қалуына соқтырады, себебі натрийдің бір молекуласы судың 400 молекуласын қосып ала алады. Калий мен натрий арасындағы арақатынастың өзгеруі су-электролит алмасуының бұзылуы түрінде көрінеді.
Мыс (Cu) алмасуының бұзылуы гепатоцеребралдық дистрофия (Вильсон-Коновалов синдромы) түрінде белгілі. Белоктармен байланыспаған мыс иондары бауырдың жəне мидың жасушаларына токсиндік əсер етуі мүмкін (қалыпты жағдайда металдардың 95-99% белоктармен кешен түзеді).
Темір гемоглобин құрамына кіргені үшін оның қандағы мөлшерінің азаюы анемияға алып келеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет