1. Синдромдарды анықтаңыз: Буындық(артралгиялық ) синдром Диспепсиялық синдром Интоксикациялық синдром Сарғаю синдромы Диагнозды құрастырыңыз



Дата31.10.2022
өлшемі14,71 Kb.
#155869
Байланысты:
Науқас Абдраманова А
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Науқас Абдраманова А,.35 жаста,дәрігер-анестезиолог,клиникаға дене температурасының жоғарылауына,оң қабырға астындағы ауырсынуға,тізе және білек буындарындағы ауырсынуларға шағымданып келді.
Науқас 3 күннен бері өзін ауру санайды.Дене қызуын төмендету үшін аспирин және анальгин таблеткаларымен өз бетінше емделген,бірақ жағдайы нашарлаған.Денесінде ірі дақты бөртпе пайда болған,басы айналған,оң қабырға астындағы ауырсыну тоқтамаған,жүрек айнуы күшейген,қайталамалы құсу болған,зәр түсі өзгерген,дене температурасы 39,7 *С-қа дейін көтерілген.
Объективті:жағдайы ауыр,денесінің түсі сарғыш,буындары ауырсынады.Пульс -90 рет /мин,жүрек тондары бәсеңдеген.АҚҚ 110/70.Іші ісінген,пальпацияланғанда оң қабырға асты ауырсынады.Қабырға шетінен 4 см төмен бауыр пальпацияланады.Көкбауыр ұлғайған,асцит.
Қанның биохимиялық анализінде:тура билирубин-160 мкмоль/л,тура емес билирубин-85 мкмоль/л,АлАТ-200 мкмоль/сағ*мл,АсАТ-125 мкмоль/сағ*мл,Тимол сынамасы -21 Б,альбумин-20%,у-глобулин-31%
ИФТ нәтижесі:HBcAg және және HDV-ке IgM анықталды.
1.Синдромдарды анықтаңыз:
Буындық(артралгиялық ) синдром
Диспепсиялық синдром
Интоксикациялық синдром
Сарғаю синдромы
2.Диагнозды құрастырыңыз:
HDV/HBV суперинфекциясы (жедел вирусты гепатит Д+созылмалы вирусты гепатит В),ауыр ағым.
3.Диагнозды нақтылауға қажетті зерттеу әдістері:
ИФТ,қанның биохимиялық анализі.Ең ақпараттысы-ИФТ,ол арқылы маркерлерді анықтауға мүмкіндік туады.
4.Емі:
Вирусты Д гепатит емі А және В гепатитіне ұқсас.
*Төсектік тәртіп
*Сұйықтықты көп мөлшерде қолдану
*Диета №5
Қайта-қайта құсатын науқастарға парентеральді глюкоза,Рингер сұйықтығы құйылады.
Диагноз ауыр ағымға сәйкес келгендіктен ауыр ағымды дезинтоксикациялық шаралар қолданылады:5% альбумин,қан сарпысуы және протеин-250-500 мл.Гемодез күнде 400 мл/тәу 4 күн қатарынан.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет