1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет5/9
Дата07.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#8854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып

4 В-бөлім: Бізді қоршаған әлем


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Алдыңғы бөлімдерді меңгере отырып, оқушылар пішіндер туралы білімдерін және оларды бейнелеу тәсілдерін жақсартты, түрлі материалдар мен визуалды элементтер арқылы тәжірибе жүргізе отырып, көркем құралдармен және материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Оқушылар тәжірибе арқылы идеяларын білдіруді, бақылау кезінде өз дағдыларын қолдануды және танытуды үйренді.




Тілдік мақсаттар

Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген.



Оқытудың тілдік мақсаттары

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар орындай білуі тиіс:
• фотосурет, бейне ролик, мультфильмдегі, суретшілердің туындыларындағы табиғат құбылысы мен ауа райын сипаттау

Мыналарды қамтиды:

  • пейзаж, кескіндеме, бояулар, қылқалам;

  • нүктелі сурет, сызықтық сурет, алдыңғы план, артқы план, бұлыңғыр, күңгірт, ашық түс, реңк;

  • фон, алдыңғы фон; жабыраңқы, реңк, түс;

  • қарқынды, бұлтты, көмескі, желді, шуақты;

  • жаңбыр, қар, қар аралас жаңбыр, бұршақ, найзағай;

  • суық, қатырылған, мұзды;

  • жылы, ыстық.

Талқылауға арналған сұрақтар

• Суретте не бейнеленген?

• Суретке қарағанда қандай сезім пайда болады?

• Бұл жұмыста қандай материалдар қолданылған?

• Суретші бұл әсерді қалай жасады?

Неліктен…екенін айта аласыңдар ма?

•…сендерге сурет қалай әсер етті?

•… осы материалдарды өз қиял аралдарыңа таңдап алар ма едіңдер?



Басқада тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімнің мазмұнында табиғаттың түрлі элементтерін зерделеу барысында оқушылар сызықтар, пішіндер, таңба салу, түстер, реңктер мен көлеңкелерді қоладана отырып, өз білімдері мен тәжірибелерін бекітеді. Олар жұмыстарын үш өлшемді кеңістікте жасау арқылы, табиғатты тану тәжірибелерін кеңейтіп, табиғат элементтерін жасап үйренеді. Оқушылар сурет салу тәсілдері туралы білімдерін кеңейтуін жалғастырады, материалдармен және құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре және визуалды пішіндерді жасай отырып, бақылау, дайындау бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттер

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну


1.1.1.1

Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.)





Ауа райы

(С) Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты пейзаж суреттерді көрсетіп таныстырады.

Бұл ауа райына қатысты фотосуреттер, фильмдер және көркем жұмыстар, кескіндеме болуы мүмкін. Мынадай сұрақтар қойыңыз: «Бұл суретте қандай ауа райы бейнеленген?», «Суретші әсерлерді көрсету үшін материалдарды қалай пайдаланған?».


Бояу, қылқалам, қылшақ, тушь, балауыз бор, саусақ, сорғыш сияқты әр түрлі материалдар мен әрекеттерді қолдана отырып, басу (таңбадақ) тәсілімен жұмыс жасап көрсетіңіз.
Жұмыс барысына:

  • сызық пен таңбадақтарды салу үшін саусақты қолдану;

  • қылқалам мен сорғышты қолдану;

  • тушьпен құрғақ және ылғалды беттерде сурет салу;

  • тақылдату және шашырату;

  • балауызбен жұмыс;

  • сабан арқылы тушьты үрлеу;

  • қағаздың парағына бояу жағып, сол бояу қағаз бетінде еркін жайылатындай жұмысты ұстап тұру кіреді.

(Ө, Т) Оқушылар өз практикалық жұмыстарында жоғарыда көрсетілген үдерістермен тәжірибе жасайды.
(С, Қ) Оқушылар сыныпты аралай жүріп, балалардың ауа райы тақырыбына байланысты салынған көркемдік тәжірибелерін бақылайды. Олардан жұмыстардың орындалу техникасын сипаттауын, суретте ауа райы қалай бейнеленгенін сұраңыз.

Оқушылар ауа райының түрлерін ажырата біледі (жаңбыр, қар, жел, қар аралас жаңбыр, ашық, бұлтты).


Оларға қоршаған әлемді түсіну үшін, ауа райының басқа суреттерін көрсету керек (мысалы, найзағай, дауыл және т.б.).

Ауа райының суретін салу кезінде суретшілердің көркем туындыларда қолданған әр түрлі тәсілдері мен тәжірибелеріне көңіл аудару керектігін айтыңыз.


Жұмыс барысында оқушылармен әңгімелесу осы тақырыпта ұсынылады.

Аспанды, тауларды және даланы суреттейтін Қазақстанның табиғат көрінісі (пейзаж) бейнеленген суреттер (картиналар)

http://www.youtube.com/watch?v=x3RRHkgmln4
Ауа райының әр түрлі типтері

Ә. Қастеевтің, Ф.Васильевтің, И.Э. Грабарьдың туындылары


Қағаз


Сия

Су құюға арналған ыдыстар

Қаламдар, қылшақ және ысқыштар

Сабандар

Балауыз борлар


2.1 Қоршаған ортаның бейнелері

1.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді

анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану


Менің Отаным

(С, К) Оқушылармен Отан туралы әңгімелесіңіз. Оқушылардан «Отан» деген сөзді қалай түсінетіндіктерін және олардан Туған елдің не екендігін сұраңыз.

Оқушыларға әр адамның туып-өскен жері, оның балалық шағы өткен, ата-анасы тұратын жері болатынын түсіндіріңіз. Ол жер адамға өте ыстық болады. Сол жерді туған ел деп атайды.



(С, К) Табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін зерттеуді пейзаж жанрдағы көркем жұмыстарды көрсетуден бастаңыз. Бұл этюдтер, суреттемелер болуы мүмкін. Бұл жұмысты мұғалім жыл мезгілдері және табиғаттың ерекшеліктері туралы әңгімемен бастауы мүмкін. Сұрақтар қойыңыз: «Бұл қалай жасалған?», «Қандай материалдар қолданылған?», «Қандай пішіндер, түстер, мысалдар көріп тұрсыңдар?».
(Ө, Қ) Оқушылар өз қаласын, ауылын және туған өлкесінің суретін гуашь бояуымен салады.

Қазақстанның табиғатының әсемдігі мен көптүрлілігі жайында бейнеролик көрсетіңіз. Оқушылардың назарын Отан үйгіштікке және өз Отанына құрмет көрсетуге шоғырландырыңыз.

Алғашқы білімді перспективаның заңдылықтары, көкжиек сызығының бейнесі, заттардың жақын және алыс орналасуы туралы бастапқы білімде қалыптастыру өте маңызды

Оқушыларға жақын орналасқан заттарды алыс орналасқан заттардан үлкен қылып салу керектігін және көкжиек сызығын парақтың дәл ортасынан сызу міндетті еместігін түсіндіріңіз.

Түсіндіру барысында гуашьпен жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы еске салыңыз.

Қазақстан суретшілерінің жұмыс үлгілері


Қазақстан суретшілері жұмыстарының сайты

http://www.arvest.kz/


Сабаққа қажетті материалдар.

Акварель бояулар, гуашь, қылқаламдар, банкалар

түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер,

түрлі түсті борлар



2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау





1.2.2.1

Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу


1.2.4.1

Материалдарды және құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолдану




Табиғаттағы өнер

(С, К) Сабақты суретшілердің табиғат аясында орындаған шығармаларын көрсетуден бастаңыз. Мысалы, құмда салынған сурет, мүсіндер, тастардан құралған, мұздан жасалған мүсіндер, құм және т.б. Сұрақ қойыңыз: Бұл пішіндер неден жасалған? Сен оларды қай жерлерде кездестіруің мүмкін?

Жерде жасалған бейнелер мен пішіндер лэнд-арт деп аталатынын түсіндіріңіз.



(Т, Т, Ж) Оқушылар топтарда немесе жұптарда табиғи материалдардан қандай өрнектер жасауға болатындығын талқылайды.

Оқушыларға өрнек жасау үшін материалдарды өлшеміне, пішініне, түсіне қарай таңдау керектігін түсіндіріңіз. Бұл шығармашылық жұмыс болғандықтан, табиғи материалдарды таңдау және өрнек құрастыру барысында еркіндік беріңіз.


(Т, Т) Топтарда оқушылар материалдарды өздерінің композицияларын жасау үшін іріктей бастайды және бұл материалдар ойындағыға қалай сәйкес келетіні жайлы ойланады.

Оқушыларға суретшілердің шығармаларының әр түрлі болатындығын түсіндіріңіз. Қағаз бетіне салынған суреттерді тегіс суреттер деп атаймыз. Кеңістікте жасалған пішіндер көлемді болады. Ол үшін әр түрлі материалдар, мысалы: қар, құм, саз және т.б. материалдар қолданылады. Оқушылар мұғалім ұсынған материалдарды (тас, кептірілген жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жаңғақтар, емен жаңғақтары және т.б.) қарастырады.


Оқушылар жұмыстағы қауіпсіздік шаралары мен жауапкершілік туралы толық түсінік алулары тиіс.

Джим Деневэн



http://www.jimdenevan.com/sand.htm#sand_images/02_Untitled-1.jpg

Ричард Лонг



http://www.richardlong.org/

Сыныпта немесе табиғатта шығармашылық жұмыс жасауға арналған табиғи материалдар, мысалы: құм, майда тас, кішкентай тастар, жапырақтар, талдың бұтасы, жаңғақ, гүлдер, ағаш қабығы, емен жаңғағы, т.б.


Құралдар: желім, қайшы.

2.3 Дайындау технологиялары

3.3 Жұмысты қорғау және талқылау

1.2.3.2.


Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдар және т.б.) қарапайым көлемді пішіндер жасау
1.3.3.1

Шығармашылық жұмысын түсіндіру



Таңғажайып арал

(С, К, Қ) Оқушылар әлемдегі аралдар мен теңіздердің суреттерін қарастырады, теңіз туралы әуен тыңдап, ондағы судың әр түрлі қалпы туралы (бұрқанған, тыныш, шулы) және суретшілер мен фотосуретшілердің жұмыстарында оның қалай көрсетілгендігі жайында ойланады

(Ж, Т) Оқушылар таңғажайып аралдың көлемді пішінін жасау үшін қосалқы материалдарды пайдаланады.
(К) Әр түрлі материалдардан арал мен теңізді қалай жасауға болатындығын көрсетіңіз. Сұрақ қойыңыз: «Теңізді қалай жасауға болады?», «Жарларды қалай жасауға болады?», «Мен қандай аралды жасаймын?», «Мен оны қалай таңғажайып мекен ете аламын?», «Бұл жердің климаты қандай болады?», «Бұл жер ыстық болады ма, әлде суық болады ма?», «Бұл жерлерде таулар немесе шөлдер болады ма?».

(Т, Т) Топтағы оқушылар өз таңғажайып аралына материалдар таңдай бастайды.

(Т, Қ) Оқушылар өз жұмыстарын аяқтап болған соң, сыныпта немесе сыныптан тыс жерде көрме ұйымдастырады. Оқушылар өз жұмыстары туралы айтып береді, оларға не ұнағанын және нені жақсартуға болатынын айтып өтеді.

Оқушылар аралды жасау мен үлгілеу барысы туралы ойланады.

Оқушылардың барлық ұсыныстары мен пікір алмасуын мадақтаңыз.

Оқушыларға жұмыстың аяқталу уақытын ескертіңіз.

Алдыңғы тапсырмадағы сияқты, бұл тапсырмада да оқушылар жұмыстағы қауіпсіздік ережесі туралы толық нұсқаулық алулары тиіс.


Теңіз бейнеленген суреттер



http://ivan.evart.ru/
Аралдар мен теңіздер

http://travel.nationalgeographic.co.uk/travel/beaches-islands/

Теңіз дыбыстарының жазбалары


Бояулар, қаламдар, басуға арналған материалдар және құралдар.
Үлгілеуге арналған қосалқы материалдар: картон, фольга, азық-түлік қораптары, қайшы, желім, бояулар, ермексаз



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет