1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет7/9
Дата07.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#8854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып

6 С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Алдыңғы бөлімдердегі тапсырмалардан және бейнелеу өнеріне байланысты түрлі көркемдік әрекеттер арқылы оқушылар көптеген көркем туындыларға баға бере алады, сонымен қатар жасаған жұмыстарына шолу және пікірлерін айтуға үйренді.




Тілдік мақсаттары
Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаттары

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар орындай білуі тиіс:

• қолда бар материалдан жасалған музыкалық аспаптарды және олар шығаратын дыбыстарды сипаттау.



Мыналарды қамтиды:

•қатырма қағаз, қолда бар материалдар, корпус, ішек, жіп, скотч/таспа;

• ұзын, қысқа, жіңішке, кең, күшті, әлсіз, күштірек, әлсіздеу;

•дыбыс шығару үшін саусақпен соққылау, шертіп ойнау, ызың, ішектерде саусақпен теріп ойнау, ысқышпен ойнау, үрлеу;

• ақырын, қатты, барынша ақырын, барынша қатты, қаттырақ, ақырын;

• табылған материалдардан жасалған аспаптардың атаулары, мысалы, түрлі қораптар мен ыдыстар және т.б.



Талқылауға арналған сұрақтар:

• Сіздің аспабыңыз неден жасалған?

• Ол қалай жасалған?

• Ол туралы сіз не айта аласыз?

• Ол қандай дыбыстар шығарады?

• Аспабыңызда сізге не ұнайды?

• Сіздің аспабыңыздың неге ұқсағанын қалайсыз?

Неліктен … екенін айта аласыз ба …?

• … сіз бұл материалдарды неліктен таңдап алдыңыз?

• … сіз аспабыңыздың осыған ұқсас болуын қалайсыз?



Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар осы бөлімде дәстүрлі өнерді, қазақ музыкалық аспаптарын зерделейді. Олар музыкалық аспаптарды қалай жасауға болатынын біледі. Визуалды пішіндерді жасау үшін құруда, бақылау және практикалық дағдыларын дамыту және көріп, сезіп тұрған жұмысқа арналған материалдар ерекшеліктерін түсінуін жалғастырады. Бұл бөлімнің мазмұныны бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін біріктіреді.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу


1.1.2.1

Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу





Қазақ халқының дәстүрлері

(С, Қ) Қазақтың ұлттық музыкасын тыңдаңыздар. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын талқылаңыз. Музыкалық аспаптар келесі топтарға бөлінетіндігін айтыңыз: ішекті, үрлемелі, ұрмалы аспаптар. Оқушыларды топқа бөліп, алдарына әр түрлі аспаптар (аспаптардың иллюстрациялары да болуы мүмкін) қойыңыз. «Мына аспап қандай материалдан жасалған»?, «Сендер неге олай ойлаңдар»?, «Ол дыбысты қалай және қандай ретпен шығарады»? деген сұрақтар қоюға болады.
(Т) Мұғалім сұрақ қойып жатқанда, топтардың аспаптарды зерттеу мүмкіншіліктері болады.
(Ө) Оқушылар бақылай отырып, өз аспаптарын қалай салу керек екенін ойластырып, альбомдарына нобайын салады.

Сабақты қазақтың ұлттық музыкасын тыңдатудан бастаңыз. Құрманғазы атындағы оркестр туындыларынан үзінді көрсетуге болады.


Оқушылар аспаптарды қолына алып, олардың құрылысын зерделейді. Бұл оларға сурет салуда пішінін түсінуіне көмек көрсетеді. Аспаптарды олардың суреттері бейнеленген фотосуреттермен алмастыруға болады.
Оқушылардан аспап атауларын және олардың қандай материалдардан жасалғанын сұраңыз.

Егер де оларға өлшем, масштаб және болашақ суреттің қағазда орналастырылуы туралы айта кетсе тиімді болар еді. Музыкалық аспаптың сұлбасын жасау үшін, қарындашты пайдаланған дұрыс. Себебі қарындашпен салынған суреттерді түзетуге болады.

Оқушылар аспатың нобайын салу барысында пішін мен сызықтарды ескерулері қажет.

Дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптары



http://www.bilu.kz/instrumenty_3.php
Дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарының фотосуреттері/
суреттері

«Women Art дизайн» қазақстандық суретшілер галереясы

https://www.lada.kz/company_news/22340-women-art-dizayn-galereya-nacionalnogo-iskusstva.html

Қазақстанды таныту - Домбыра жасау үрдісі

https://www.youtube.com/watch?v=JLj7hT1XJvQ


2.3 Дайындау технологиялары

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау





1.2.3.1

Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру


1.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану




Музыкалық аспаптар жасау

(С, К) Оқушылар қолда бар материалдармен дыбыс шығаратындай етіп, аспаптар жасауда тәжірибе жүргізеді. Қолда бар қарапайым материалдарды көрсетіңіз. Көрсету және түсіндіру үшін мұғалімге:

• қарапайым ұрмалы аспаптар;

• қарапайым ішекті аспаптар;

• маракастар/шулы аспаптар қажет.

Олармен қалай ойнау және оның қалай дыбыс шығаратынын көрсету үшін, еріктілердің көмектесуін сұраңыз.
(Ж, Т) Оқушылар жұптасып, қолда бар материалдармен тәжірибе жасайды және зерттейді. Мұғалімнің айтуымен дыбыс шығаратын қарапайым құрылыммен шабыттана отырып, дәстүрлі музыкалық аспаптар жасайды.
(Ө, Ж, Қ) Оқушылардан өз аспаптарын қалай құрастыратынын ойлануларын ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар өткен сабақта жасаған нобайларын байланыстыра отырып, қандай материалдардан аспап жасауға болатындығын ойланулары қажет.


Аспап жасау үшін, үлгі ретінде аз мөлшерде жарма салынған йогурттың пластмасса ыдысын қолдануға болады.

Қолданылатын материалдардың қайда орналасқанын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмыс соңында орындарының таза болуын қадағалау керек.




Қайта өңделген материалдардан жасалған музыкалық аспаптардың мұғалім дайындаған үлгілері
Қолда бар материалдар:

қатырма қағаз қораптар,

қатырма қағаз түтіктер,

кішкентай тастар,

резеңкелер

пластмасса контейнерлер, консерві банкілері,

эластикалық мата,

таяқшалар,

жұқалтыр қағаз.

http://www.7ya.ru/article/Muzykalnye-instrumenty-svoimi-rukami/




2.3 Дайындау технологиялары

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау





1.2.3.1

Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру


1.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану



Дыбыс жасау

(С) Өткен іс-әрекеттерге шолу жасаңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:

«Сендер қандай аспаптар жасадыңдар?», «Өз аспаптарыңды жасау үшін, қандай материалдар қолдандыңдар?», «Өз аспаптарыңнан сендерге не ұнайды?», «Олар қандай дыбыстар шығарады?», «Материалдар бір-бірімен қаншалықты жақсы біріктірілген?».

Өз жұмысын қалай жақсартуға немесе онда дыбыс шығарып ойнау үшін басқа аспапты қалай жасауға болатынын түсіндіріңіз.
(Ө, Т) Оқушылар өз бұйымдарынан шыққан дыбыстарды зерттейді және практикада тәжірибе жасайды. Алдында орындаған жұмыстарын және идеяларын дамытуға көмектесе отырып, басқа материалдармен жасауды ұсыныңыз. Оларға пайдаланатын материалдардың кейбір бөлшектерін өлшеуге, белгілеуге, біріктіруге көмектесіңіз.
(Т, Ж) Шағын топпен немесе жұппен жұмыс істей отырып, оқушылар сабақта жасаған аспаптарының дыбыстарын, музыкалық шығармаларда қалай қолдану керектігін талқылайды (ән, би). Аспаптардың дыбыстарын кейінгі жұмыстар үшін аудиоға жазып алу ұсынылады


Оқушылардан аспаптардан шыққан дыбысты қалай қолдануға болатынын ойлануын сұраңыз.

Олар осы дыбыстарды жазып алып, музыка сабақтарында қолдана алады.


Пайдалануға арналған материалдар қайда және қалай жатқанын тұрғанын қадағалап отырып, жұмысты аяқтап болған соң өз жұмыс орнын ретке келтіре отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылап отыру қажет. Ұсынылып отырылған іс-әрекеттер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.



Қолдағы бар материалдардан мұғалім жасаған музыкалық аспаптардың үлгілері.
Төмендегідей қолда бар материалдар:

қатырма қағаз қораптар,

қатырма қағаз түтіктер,

кішкентай тастар,

резеңкелер,

пластмасса контейнерлер,

консерві банкілер,

эластикалық мата,

таяқшалар,

жұқалтыр қағаз

http://www.7ya.ru/article/Muzykalnye-instrumenty-svoimi-rukami//


2.3 Дайындау технологиялары


1.2.3.4


Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану


Аспаптарды безендіру

(С, К) Оқушыларға музыкалық аспаптардың заманауи безендірумен жасалған иллюстрацияларды көруді ұсыныңыз.

Домбыраның қай бөлігі ерекше безендірілгеніні сұраңыз. Оқушылар бірінші домбыра ұлттық, ал екіншісі заманауи безендірілгенін айтуы қажет.


Сұрақ қойыңыз;

«Музыкалық аспаптарды не үшін безендірген?», «Өрнектер неге ұқсайды?».



(С) Оқушыларға өздерінің аспаптарын қандай өрнектермен безендіргілері келетіндігін ойлауды ұсыныңыз. «Аспаптың қай бөлігінде өз суреттерің мен өрнектеріңді орналастырар едіңдер?», «Қай өрнек ұлттық және заманауи бейнелеуді айқындайды?».

(К) Жасалған аспаптарды дәстүрлі және қазіргі дизайнмен қалай безендіруге болатынын көрсетіңіз.
(Ө, Ж) Оқушылар өз аспаптарын безендіру алдында, альбомдарына әр түрлі нобайлар салып көреді. Олар фломастерлерді, түрлі түсті қаламсаптарды, коллаж жасауға арналған материалдарды пайдалана алады.

Ежелгі уақытта музыкалық аспаптардың ұлттық ою-өрнектермен безендірілгеніне назар аударыңыз. Оған жануарлар мен өсімдіктер әлемі негіз болған. Сондықтан өрнектер өсімдіктер, жануарлар мен қарапайым геометриялық пішіндерді елестетеді. Оқушылардың назарын аспаптың безендірілген бөлігіне аударыңыз.


Оқушылар көркем безендіруге таңдалып алынған материалдардың дыбыс сапасына кері әсер етпейтініне көз жеткізуі керек.

Қазақ өрнегінің түрлері мен тарихы туралы сайт

http://www.oyular.kz/ru/istoriya-ornamenta.html

http://www.bilu.kz/ornament.php
Дәстүрлі қазақ аспаптары және/немесе олардың суреттері
Оқушылар жасаған аспаптар
Кітаптар, дереккөздер

Альбомдар


Әшекейге арналған материалдар, мысалы, қалам, бояу, қылқалам және т.б.




3.1. Таныстыру


1.3.1.1

Өзінің жұмысын (сұлба, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру





Музыкалық аспаптардың көрмесі

(С) Оқушылар өткен сабақтарда ойнаған аспаптардың аудио жазбасын тыңдап көріңіз.

(Ө, Қ) Оқушылар өздері жасаған бұйымдарының сұлбасын таныстырады және музыкалық аспаптарда ойнайды. Олар жұмыстың орындалу кезеңдерін түсіндіреді: аспапты безендіру, қолданған материалдары, сұлбаға сәйкес келуі.
(Ө, Қ) Сабақ соңында, соңғы бес сабақта не білгені туралы әңгімелеуді сұраңыз.


Оқушылар қолдарынан не келгені туралы, сұлбаны сақтанғаны жайлы бөлісе алады. Егер олай болмаса, неліктен өз аспабының дизайнын өзгерткен? Олар музыкалық апапты жасау барысында қандай қиындықтармен кездесті?



Ұлттық қазақ музыкасының үлгілері
Шығармашылық материалдар және сурет салуға арналған құралдар

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет