1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау



бет1/50
Дата19.04.2024
өлшемі211,72 Kb.
#201045
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
1 сынып КТЖ 399 2023-2024 о ж
1 аралық бақылау сұрақтары

1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 33 оқу аптасын құрайды.
1– сыныптардағы демалыс кестесі





Демалыстар

уақыты

1

күзгі каникул

7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан -5 қарашаны қоса алғанда)

2

қысқы

9 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда)

3

көктемгі

10 күн (2024 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда)

4

Қосымша каникул

7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда)

Оқу жүктемесінің көлемі



Пәндер

аптасына

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

жылдық

1

Әліппе, Ана тілі

6 сағат

49

47

58

44

198 сағат

2

Математика

4 сағат

32

32

39

29

132 сағат

3

Жаратылыстану

1 сағат

8

8

9

8

33 сағат

4

Дүниетану

1 сағат

9

9

8

7

33 сағат

5

Еңбекке баулу

1 сағат

9

8

9

7

33 сағат

6

Бейнелеу өнері

1сағат

8

9

9

7

33 сағат



Әліппе Күнтізбелік –тақырыптық жоспар
(Барлығы – 96 сағат,аптасына -6 сағат)
Түсінік хат
1. «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:

дыбыспен жаттығу

оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту

әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу

білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу

3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

оқу әрекетіне бейімдеу

коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру

дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру

тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету

мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту

тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу

дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету

танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту

дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету

ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту

сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру

жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу

жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру

тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру

сөздік қорын байыту

физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау

«Әліппе» пәнінің мазмұны «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.Оқу пәнінің мазмұны:

қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен

қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан

негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс)

орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады

«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
«Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет