№1 ситуациялық тапсырма



Дата25.12.2021
өлшемі12,69 Kb.
#105179
Байланысты:
Кожаева СРОП8 гин


№ 1 ситуациялық тапсырма

11 жастағы қыз балалар гинекологының жоспарлы тексерісіне жүгінді. Шағымдары жоқ. АНАМНЕЗДЕН: мерзімі жеткен жүктілікпен анасы өзі босанған, отбасындағы бірінші бала. Ол жасына сәйкес өсіп дамыды, дені сау. Гинекологиялық тексеру деректері: сыртқы жыныс мүшелері жасына сәйкес дұрыс дамыған. Қыздық перде сақиналы формада, бітеу.

РЕКТАЛДЫ: жатыр денесі алдына қарай орналасқан, жас нормасына сәйкес келеді, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Қынаптың артқы күмбезінен алынған жағындыда лейкоциттер 4-5 көру аймағында, коккты флора.

Сұрақ


1. Жағындыны зерттеуде қандай әдіс қолданылды? - Бактериоскопиялық әдіс

2. Бұл науқаста қынаптың коккты микрофлорасы не тудырды? - Жыныстық жетілу кезеңінің алдындағы эстрогендік жеткіліксіздік.

№2 ситуациялық тапсырма

23 жастағы науқас гинеколог дәрігерінен кеңес алды. Шағымдары қышу, сыртқы жыныс мүшелері аймағында күйдіру, көп мөлшерде бөлінділердің болуы, сол үшін соңғы 6 айда үш рет жергілікті саңырауқұлаққа қарсы дәрілер түрінде уақытша әсер ететін ем қабылданды.

АНАМНЕЗДЕН: тұрмыс құрмаған, жыныстық серіктестігі тұрақты. 12 ай ішінде регулон контрацепцияны қолданды. Етеккір функциясы өзгеріссіз. Жиі вирустық респираторлық аурулармен ауырады. ҚАРАП ТЕКСЕРУДЕ: жағдайы қанағаттанарлық, пульс 72 минут ішінде, ырғақты, іші ұлғаймаған, пальпация кезінде жұмсақ, төменгі бөлігінде ауырсыну бар.

ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Айнадан қараған кезде уретра инфильтрацияланбаған, қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойны бозғылт қызғылт, жағымсыз иісі бар сұр түстес көп бөлінділер байқалады. Бимануальды тексеру: жатыр ұлғаймаған, ауырсынусыз, екі жағындағы қосалқылары анықталмайды, күмбезі терең. Несепағардан және жатыр мойны каналынан шыққан жағындылардың

БАКТЕРИОСКОПИЯСЫ: лейкоциттер 6-10 көру аймағында, коккты микрофлора, «негізгі» жасушалары табылды.

Сұрақ


1. Сіздің диагнозыңыз қандай? - Бактериалды вагиноз

2. Аурудың қайталанатын эпизодтары неден туындайды? - ағза реактивтілігінің төмендеуі, КОК-тық контрацепцияны 12 ай бойы қабылдап, ағзаның гормоналды фонының өзгеруі мүмкін, анаэробтарға қарсы ем қабылдамаған.



3. Қандай зерттеулер қынаптық биоценозды толығырақ бағалауға мүмкіндік береді ? - Нақты уақыттағы полимеразды тізбекті реакция (ПЦР - РТ)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет