1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика



бет3/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)
Үш фазалы тізбек, охт 6 апта, Жанұзақова Айғаным.Пед-011
Қатаю аксиомасы. Деформацияланатын дененің КЖ-нің әсерінен болған тепе-теңдік қалпы, оған қосымша байланыстарды орнатса, тіпті денені қатайған (абсолют қатты) дене ретінде қарастырса да, өзгермейді.


4.Тоғысатын күштер жүйесі және оның тең әсерлісі. Тең әсерлі күшті графикалық әдіспен анықтау


Жалпы күштер жүйесін мына түрлерге бөліп қарастырамыз : тоғысатын күштер жүйесі, параллель күштер жүйесі, кез келген күштер жүйесі. Ендігі кезекте біз тоғысатын күштер жүйесі туралы қозғайтын боламыз.
Тоғысатын деп күштердің әсер ету сызықтары (ӘС) бір нүктеде қиылысатын күштер жүйесін айтады. Тоғысатын күштер жүйесі бір күшке эквивалент, яғни оның әр уақытта да тең әсерлі күші болады.
Теорема. Жазық жинақталатын күштер жүйесінің тең əсерлі күші сол күштердің векторлық қосындысына тең, оның əсер сызығы күштер жинақталатын нүктеден өтеді.
Жинақталған күштерді қосуға болады. Параллелограмм ережесіне сүйеніп, алғашқы екі F1 мен F2 күштерін қосып олардың тең əсерлі күшін аламыз : R1 = F1 + F2 . Одан кейін, R1 жəне F3 күштерінен параллелограмм құру арқылы R2 күшін табамыз : R2 = R1 + F3 = F1 + F2+ F3
Келесіде R2 жəне F4 күштерінен параллелограмм құрамыз да R3 күшін табамыз :
R3 = R2 + F4 = F1 + F2+ F3 + F4
Енді R3 пен F5 күштерін қосып R күшін табамыз R = R3 + R5 = F1 + F2+ F3 + F4 + F5 ,
мұндағы R – берілген бес күш жүйесінің тең əсерлі күші.
Осы ретпен кез келген жинақталатын күштерді қосып, нəтижесінде олардың тең əсерлі күшін анықтауға болады : R = F1 + F2 + ... Fn немесе ықшамдап жазсақ : R =
Берілген күштердің тең əсерлі күшін үшбұрыш ережесін пайдалана отырып анықтауын қарастырайық. Алдымен F1 жəне F2 күштерін қосайық. Ол үшін кез келген О нүктесінен бағыты мен масштабын сақтай отырып, F1 күшін тұрғызайық, оның ұшынан F2 күшін салайық. О нүктесін F2 күшінің ұшымен қосып, осы күштердің тең əсерлі күшін анықтайық, яғни R1 = F1 + F2 .
Сонан соң R1 күшінің ұшынан үшінші F3 күшін салайық. Тағы да, О нүктесін соңғы F3 күшінің ұшымен қосып, осы күштердің тең əсерлі күшін табамыз :
R2 = F1 + F2+ F3 . R2 күшінің ұшынан F4 күшін жүргізейік. О нүктесін F4 күшінің ұшымен қосып,
R2 жəне F4 күштерінің қосындысын аламыз : R3 = F1 + F2+ F3 + F4 .
Осы R3 күштің ұшына соңғы F5 күшін тұрғызып, соңғы күштің ұшын О нүктесімен қосып R күшін немесе берілген жинақталатын күштер жүйесінің тең əсерлі күшін аламыз :
R = F1 + F2+ F3 + F4 + F5 = 
Іс жүзінде, аралықтағы R1 , R2 жəне R3 векторларын тұрғызбайақ, жоғарыда көрсетілген ретпен күштерді бағыты мен шамаларын сақтай отырып, бірін-біріне тіркестіре салып жəне алғашқы күштің бас нүктесін соңғы күштің ұшымен қосып, тең əсерлі күшті анықтауға болады.
Тұрғызылған көпбұрышты күштер көпбұрышы деп атайды. Осы көпбұрыштың тұйықтаушы қабырғасы берілген күштер жүйесінің R тең əсерлі күшін кескіндейді. Тең əсерлі күш бағыты əрдайым тиісінше біртіндеп берілген күштерді қосумен тұрғызылған көпбұрыштың орғыту бағытына қарама-қарсы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет