1 Тақырыбы: Балабақша және мектеп. Мақсаты



бет4/11
Дата20.06.2018
өлшемі203,67 Kb.
#43859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Күтілетін нәтиже: жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы білімдерінің болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

13-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты:

      1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік

беру.

      1. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

      2. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Отан, карта.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсыпкөгершін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагог Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді.

- 16 Желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, оз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды.

Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді. Үлгі жауап: Мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным - Қазақстан...


33



Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды казактың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.







  1. Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

Өлеңді тыңдайды, Сұрақтар қояды.




4. Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады.

Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.




Халықтың ортақ үйі - Отаны.







4. Сергіту сәтін өткізу.







«Отан» өнін тыңдату.

5. «Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.

Әнді қосылып орындайды.




6Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады.

Қорытындылау.

Сабақта алған білімдерін

Сұрақтарға жауап

Өзін-өзі бағалау

пысықтайды.

береді.




Сұрақтар:







1. Отан деген сөзді қалай







түсінесіңдер?







2. Қазақстан Республикасының







рәміздерін ата.







3. Біздің елордамыз қай қала?







4. Тәуелсіздік монументі қай







қалада орналасқан?




Күтілетін нәтиже: Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін
түсінуі.

Білуі тиіс: Отанын, ата-мекенін ардақтау керектігін.

Түсінігі: өз Отанын мақтан ету.

Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.



14-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.



        1. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы
          балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.


        2. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер,
үйшіктер.



Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Кел,балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік.

Бәрі қосылып айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Қорытындылау

1. Қыс мезгілінің ерекшелігін

әңгімелейді. Т. Молдағалиевтің қыс

туралы өлеңі оқылады.

2. «Құстар қалай қыстайды?»

ертегісін оқу арқылы құстардың

қысқы тіршілігімен таныстырады.

Құстардың қысқы тіршілігі

бейнеленген суреттер арқылы

балаларға құстардың тіршілігі

жөнінде түсінік беру.

Қыс мезгіліндегі құстардың азығы,

олардың немен қоректенетінін

әңгімелеу. Адамдардың құстарға

жасайтын көмектері туралы

мағлұмат беріледі.

3. Сергіту жаттығуын орындату.

Күнде аспанға қараймыз,

Қайтқан құсты санаймыз.

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

4. «Құстар» дидактикалық ойыны.

Шарты: суреттер бойынша

құстарды екі топқа топтастыру.

Жыл құстары және отырықшы құстар.

5. Сабақты қорытындылау.

Балалардың білімдерін бекіту үшін

төмендегідей Сұрақтар қойылады:

1. Біздің өлкемізде қандай құстар

қыстап қалады?

2. Олардың тіршілігі туралы

әңгімеле.

3. Қыстап қалатын құстарға

адамдар қандай көмек көрсетеді?

Тыңдайды, Сұрақтар

қояды, сұрақтарға

жауап береді.

Балалар сурет

бойынша қыс мезгілі

туралы әңгімелейді.

Құстарға өздері қалай

көмек көрсеткендері

туралы айтады.

Өлең мазмұнына

байланысты

қимылдар жасайды.

Сурет бойынша

жыл құстары мен

отырықшы құстардың

аттарын атайды.

Оларды екі топқа

топтап айтады.

Сұрақтарға жауап

береді, бір-бірінің

сұрақтарын

толықтырып айтады.


35
Күтілетін нәтиже:құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы оз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

15-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты:

          1. Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

          2. Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

          3. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қуыс, апан, ін, үйір.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Ормандар, жап-жасыл ормандар, Орманды отаушы болмаңдар! Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды, Отанды қорғаңдар!

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагог жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсіндіреді. Мысалы:

- Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.

Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

2. «Дауысынан таны» дидактикалық

ойыны. Шарты: аудио таспадан әртүрлі

жануарлардың дауыстарын тыңдатып,

олардың атын атату. Сонан соң сол

жануардың қысқы тіршілігі туралы

әңгімелеу. Педагог балалардың

жауаптарын толықтырып, жаңа

мәліметтер береді:

• Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде

тығылған құрттарды тұмсығымен

теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған

кезінде құрттардың біразы жерге

түседі. Қар бетіне түскен құрттармен

шымшық, торғайлар қоректенеді.

Орманнан тоқылдақтың «тоқ - тоқ»

деген дыбысын жиі естуге болады.

• Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз

бойы табанына жинаған майын

жалап жатады.

• Қасқыр, түлкі - жыртқыш аңдар.

Олар өздерінен әлсіз жануарларды

ұстап қоректенеді.

• Сұр қоян қыста түсін өзгертеді.

Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын

кеміріп күнелтеді.

3. Сергіту сәті:

Музыка әуенімен жануарлардың

қимылын келтіріп билейді. Қоян

сияқты секіреді, түлкі сияқты

денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.

5. «Жануарлар тіршілігі» дидактикалық

ойыны. Педагог балалардың

жауаптарын толықтырып тұрады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта

алған білімдерін қорытындылайды.

1. Жабайы аңдарды ата.

2. Қоян қыста түсін қандай түске

өзгертеді?

Балалар

жануарлардың

қысқы тіршілігі

туралы

әңгімелейді.

Тыңдайды.

Түсінбегендерін

сұрайды.

Би қимылдарын

орындайды.

Үлгі жауап:

Аю апанында

қысқы ұйқыға

кетеді...

Балалар жабайы

аңдар мен үй

жануарларын

салыстырып

айтады.

Каталог: uploads -> doc -> 0e81
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e81 -> Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» кмм мерзімі 09. 2016 Мұғалімі
0e81 -> Күні: 07. 09. 2016 Сабақтың тақырыбы: Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет