1 Тақырыбы: Балабақша және мектеп. Мақсаты



бет8/11
Дата20.06.2018
өлшемі203,67 Kb.
#43859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Күтілетін нәтиже: даладағы еңбек пен ауылшаруашылығы еңбегінің ерекшелігін ажырата алады.

Білуі тиіс: басқа жыл мезгілдеріндегі еңбек пен көктемгі еңбектің айырмашылықтарын білу.

Түсінігі: табиғат қорғау жұмыстарының қажет екендігін түсінеді.

Көрсете білуі: табиғат бұрышындағы өздерінің еккен гүлдерін көрсетеді.

25-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.

Мақсаты: 1. Наурыз- жыл басы, күн ментүнніңтеңелуі,табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру.



    1. Көктем мезгілінде табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

    2. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: салт-дәстүр, ырым, т.б.

Іс-әрекет

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

бөлімдері




іс-әрекеті

Ынталандыру.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар өлең

Сезімді оя гу




жолдарын айтып,




Арайлап таң атты,

бір-бірімен




Алтын сәуле таратты.

сәлемдеседі:




Жарқырасын даламыз,

- Қайырлы таң!




Жайнай берсін қаламыз.

- Қайырлы күн!

Ізденістер.

- Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн»

Балалар өлеңді

Ұйымдастыру

деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс

зейін қоя




Халықтарының ортақ мейрамы,

тыңдайды,




ұлыстың ұлы күні деп аталады.

түсінеді, көктем




Ә.Табылдының «Наурыз тойы»

мерекесін сезінеді,




өлеңін оқу.

қуанады.




Күн менен түн теңелді:

Наурыз




Жер шуаққа кенелді,

мерекесінің




Соны тойлар ел енді.

мағынасын




Наурыз тойы салтымыз:

ұғынады.




«Көгерсін!» - деп, халқымыз







Көшеге, аулаға тал егеді.







Балаларға жылдың басы наурыз







болып саналатынын, бүл кезде күн







мен түннің теңелетінін, наурыз







көктем мерекесі екенін, наурызда







бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп







беру.







Сергіту жаттығуын өткізу.







Көтеріліп шаңырақ,

Өлең жолдарын




Уықтары шаншылар.

қайталап, жаттығу




Керегелер керіліп,

жасайды.




Өрімдей боп өрілер.







Бәріміз жүрсек айналып,







Киіз үй боп көрінер.







Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

а) Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып қор. э ) Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес келетін кілем түрін көрсет.

Табиғатқа қамқор болу үшін ағаш егу керектігін түсінеді. Көшеде қоқыс тастамау керектігін ұғады.

Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды. Түсінбеген тұстарын сұрап біледі, ұғынады.

Қорытындылау

Оқу іс-әрекеті барысында балаларды осы дәстүрлі істерді жалғастыруға, еңбек етуге, табиғатқа қамқор болуға жетелеу.

Табиғатқа, туған өлкеге

қамқор болуға,

келіседі.

Қуанады.

Күтілетін нәтиже: наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда
бүкіл табиғат оянып, тазалықжұмыстары жүргізілетінін ұғынады.

Білуі тиіс: наурыз жыл басы екенін білу.

Түсінігі: күн менен түннің теңелуін түсіну.

Көрсете білуі: наурызда ағаштар, көшеттер егіп, ауланы


көгалдандыруға үлес қосады.

26-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.



Мақсаты: 1. Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға
келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.


      1. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту
        және оларға жағдай жасауға үйрету.


      2. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қора, азық, т.б.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

  1. Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Төлдер» әнін орындатады.

Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?

  1. Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды.

  1. Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарын келтіреді.

  2. «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді.

Ізденістер. Ұйымдастыру

  1. Кіріспе әңгіме

- Төрт түлік мал - халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат - ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы - мінсең көлік, жесең ет. Сиыр - жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы - нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығы - халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі.

Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.

  1. Сұрақтар мен тапсырмалар:

Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.

Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді.


59



  1. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

  2. Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер.

  3. Үй құстарын ата.

  4. Малдың төлдерін атаңдар.

3. Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен кұстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш.

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Үй жануарлары мен үй құсы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтешті тауып, оларды бояйды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лактың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады.

Сурет арқылы малдың төлдерін табады.

Күтілетін нәтиже: төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білуі тиіс.

Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.

Көрсете білуі: үйіндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптау.

27-оқу іс-әрекеті



Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Байқоңыр - ғарыш айлағы.

Мақсаты: 1. Байқоңыр жайлы түсіндіру.

        1. «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру.

        2. Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.

Сөздік жұмыс: айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату. Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді.

Балалар ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады. Мысалы: Мен Жермін. Жерде тірқілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық, аламыз.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагогтің түсіндіруі: - Байқоңыр - ғарыш алаңы (айлағы). Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Педагогті тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Каталог: uploads -> doc -> 0e81
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e81 -> Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» кмм мерзімі 09. 2016 Мұғалімі
0e81 -> Күні: 07. 09. 2016 Сабақтың тақырыбы: Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет