1. Тақырыбы: Биосферадағы антроногендi әсердiң негізгі түрлері. Антропогендiк әсер туралы түсінік. Аса қауiптi ластаушылар


Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері



бет2/7
Дата29.09.2023
өлшемі74,09 Kb.
#183027
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қоршаған ортаны қорғау материал
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум, Тілеу Бағдаулет слайд, КМ 08 8.3 мал ара шаруашылығы — практикамен (1), All English Tenses
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері
1.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануы
2.Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары

  1. Қоғам мен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру мақстаныда өндірістік және өндірістік емес ортадағы табиғи күштер және элементтер – табиғи ресурстар болып есептеледі.

Табиғи ресурстардың минералдық, климаттық, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, теңіздің көтерілуі, қайтуы және жердің ішкі жылуы т.б. түрлері болады.
Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдалануына қарай: отын-энергетикалық (мұнай, табиғи газ, көмір, шымтезек, уран рудалары); тау-кендік химия шикізаттары ( фосфарит, анатий, ас, калий, магний, тұздары күкірт т.б.), табиғи құрылыс материалдарды, сондай-ақ әшекейлік техникалық асыл тастар (мәрмар, гранит, алмаз т.б.), гидроминералдар (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға – күн мен жел энергиясы, жауын-шашынның түрлері, т.б. жатады.
Қалпына келетін ресурстар – биосффера маңындағы айналымда болатын заттар және де өзінен-өзі келетін барлық табиғи ресурстар(көбейту немесе табиғи циклді қалпына келтіру); адамның шаруашылық іс-әрекеті қарқынын салыстыруға келетін мерзім, сондықтан өсімдік, көлдердегі су – қалпына келетін ресурстар, ал көмір, мұнай басқа да минералдық байлықтар – қалпына келмейтін ресурстар болып саналады.
Қалпына келетін ресурстардың сандық және сапалық жағын айыру қажет: көбейту процесі арқылы қалпына келетін тірі сандық мөлшерінің түрі, ал қалпына келмейтін сандық жағдайда олардың жоғалып кетуі ( генофонның жойылуы)
Қалпына келмейтін ресурстар – табиғи ресурстардың бір бөлігі қазірде де және болашақта да оларды басқалармен ауыстыруға болмайды (мысалы, тірі табиғат, адамдардың өмір сүруі жағдайы т.б.). Бұрынғы одақ кезіндегі тоқырау жылдарында табиғи ресурстар жүйесіз, еспсіз жолмен пайдаланылып келгені мәлім, қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға көшуге байланысты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

  1. ТР қажеттіліг қаншалықты көп болмасада оларды пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау, тапшы ресурстардың бір түрін тапшылығы азырақ басқа түрлерімен өзгерту, қалдықсыз өндірісті дамытып, шикізаттарды екінші қайтара пайдалану қажет.

Қоршаған табиғи ортаның жағдайын үнемі қадағалап, ластандыратын заттардың түрлерін анықтау үшін не істеу керек екендігін белгілеу, сөйтіп, оларды мүлдем қысқарту немесе тіпті тоқтатып тастау жолдарын қарастырған жөн. ТР пайдалану бұл өндіріс шығындарын азайтып, олардың табыстарын арттыруға мүмкіндік туғызады.
Тр шаруашылық тұрғысынан үнемі пайдалану міндетінің барлығы бірінші кезекте қоршаған табиғи ортаны мүмкіндігінше сақтау, жаңа технологиясы жетілдіру зиянды заттарды азайту.
Сонымен, табиғатты пайдаланудың басты екі міндетін – ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауды шешкен жөн.
Әлеуметтік және экономикалық даму қарқынын тездетуі үшін 3 жолы бар:
1. Ұдайы өндіріс процесінде ресурстар мөлшерінің тиімділігін өзгеріссіз пайдалану;
2. Ресурстар мөлшерін өсіру және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру;
3. Олардың өндірісін өсірусіз ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру.
2) “Қазақстан - 2030” стратегиясы және табиғи ресурстарды пайдалану, оларды қорғау проблемалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет