1. Тақырыбы: Биосферадағы антроногендi әсердiң негізгі түрлері. Антропогендiк әсер туралы түсінік. Аса қауiптi ластаушылар


Экологиялық қауіпсіздіктің дегеніміз



бет3/7
Дата29.09.2023
өлшемі74,09 Kb.
#183027
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қоршаған ортаны қорғау материал
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум, Тілеу Бағдаулет слайд, КМ 08 8.3 мал ара шаруашылығы — практикамен (1), All English Tenses
Экологиялық қауіпсіздіктің дегеніміз:
• адамзат және жекеленген адамдарға, өмірлік тіршілікке табиғи ортаның көңіл аударарлықтай нұқсан келтіретін тура және жанама әрекет жағдайлары және өзгерістері;
• жерде және кез келген аймақтарда экономикалық балансчты тиісті дәрежеде қамтамасыз ететін кешенді түрдегі жағдай, құбылыс және әрекеттер.
Ол мемлекеттер ішінде және кез келген бөлімшелерде глобальды, аймақтық, локальдық және тура таңбалы шеңберде қаралуы мүмкін болады. Екінші сөзбен айтқанда, экологиялық қауіпсіздіктен қоғау шараларының тиімді жүйесі, сонымен бірге бұл адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден – бір аса қажеттілігі болып саналады. Адам өзін әрқашанда қауіпсіздіктен қорғайды, от жақты, тұрғын үйлер, плотиналар салды, арықтар қазды т.б. Егерде алғашқы қоғамның даму кезінде адамдарға қолайсыз тұрмыстық жағдай туғызатын табиғи орта болса, қазіргі жағдай мүлде басқаша болып өзгереді.
Нақтылы әлемде абсоюттік қауіпсіздік жөнінен табысқа жету қиынырақ болады. Әрине, берік, тиімді технологиялық жүйелер, залалсыз өнімдер тағы басқалар мүлде болмауы мүмкін емес. Тек қоғамға қолайлы қауіп деңгейін нақтылы белгілеу және оған барынша ұмтылу ғана болады.
Тақырыбы: Аз қалдықсыз және қалдықсыз технологиялар жасау

  1. Ресурстарды сақтау

  2. Қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру

Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық механизмінің ықпалымен жүзеге астын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономикалық дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек. Ресурстарды сақтау саясаты экономика мен басқару жүйелерін қайта құрудың жалпы концепциясы мен табиғи байланыста болып, алдағы мақсатқа жетуде қайшылық белгілері болмауы қажет.
Ресуртарды сақтау орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге ТМД елдері үшін де маңызы бар. Себебі, оларда да ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыс динамикасында тұтыну және қорлану арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорларын да ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан практикада ресурстарды сақтау қорлану заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.
Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты көзіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда 2 есе кем болады. Алайда өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өту өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізінде қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Қаржы-несие саясаты. Қаржы және несие жөніндегі мемлекеттің ресурстарды сақтау жөніндегі саясатты нарықтық экономика негізінде тікелей байланысты және кәсіпорындар мен банкілердің өзара қатынастарының принциптеріне бағынышты болады. Қазіргі кезде бірінші орынға ие екі шаруашылық серіктестіктерінің арасындағы несие қатынастарының қалыптасу. Сондықтан мемлекет тарапынан іске асырылатын ресусртарды сақтау шаралары бірінші кезекте банкі мен қарыз алушының шаруашылық есеп мұқтаждарына бейімделгені жөн.
Қазіргі кезде кәсіп орындардың өзін-өзі қаржыландыруға өтуіне байланысты ресурстарды сақтауды ынталандыру мақсатында экономикалық нормативтер есепке алынады.
Кәсіпорындарға берілген дербестік, мол құқық және сыйлықтар берудегі өз жүйелерін қолдану матералдық ресурстардың нақтылы түрлерін үнемдеуге жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру олардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары өнім бөлігінің материалдық сыйымдылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын, қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану, өндірістік процестерді отын-энергетика және тағы да басқа материалдық ресурстардың шығындарын азайту, шығындардың материалдық және екінші қайтарымды жылу ресурстарының тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу. Бұл жерде жаңа жағдайда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетігін және өндірістің әрбір учаскесінде, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек.
Материалдық-техникалық базаны сапа жағынан қайта құруды іске асыруда техникаларды қайта жабдықтау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта құру және жаңа құрылыстар салу жұмыстарын қолға алған жөн. Сондықтан іс жүзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, болашаққа Республикалық ресурстарды үнемдеу бағдарламасын қабылдау қажет.
Шикі заттың әрбір түрі пайдалы заттардың бір түрін құрап, жарамды өнімдерді өндіру үшін әр түрлі міндеттерді атқарады. Әрине бұл бірдей жағдайдағы шикізатты шығару және өңдеуді кешенді түрде тиімді пайдаланудың шешуші факторы болып табылады. Енді қазір қалдықсыз өндірісті бірте-бірте енгізудің техникалық мүмкіндііктері бар екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мысалы, ет өндіру өнеркәсібінде шикізаттарды екінші қайтарым пайдаға асыру, кейбір химиялық түсті металлургия кәсіпорындарында т.б. Мұнан былайғы өндіріс күшінің дамуы және ғылыми техникалық жетістіктердің шапшаңдауы, сөз жоқ, өндірісті қалдықсыз формаға өткізуіне толық мүмкіндік береді, еңбек құралдарын, оның ішінде бастапқы шикізаттарды ұтымды пайдалану саласында осы заманғы техникалық саясаттың бірден-бір негізін қалайды.
Әрине, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Олардың іске асуы қиыстыру, мамандандыру, аумақтаық кешендендіруді ұйымдастыру, сонымен қатар өндірісті басқару мәселелерінің жаңа ықпалынсыз шешілуі мүмкін емес. Қалдықсыз өндіріс – бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа, осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі. Қалдықсыз өндірісте жинақты үнемділік толық жүзеге асырылады. Біріншіден, осында материалдық ресурстарды пайдаланудағы рационализациялауға аз байланыстағы жекелеген шаралардан ең радикалды әдістерді пайдаға асыруды қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту, екіншіден, ол ірі кешенді әлеметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Республиканы шикізатпен қамтамасыздандыру деңгейін арттыру, еңбек жағдайын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды жақсарту т.б. Ресурстарды сақтау процесіндегі синтехдік нәтижесін білдіретін бірден-бір маңызды натуралды-құндық көрсеткіш материалдар сыйымдылығы болып табылады. Өнімнің материалдық сыйымдылы,ы мына формуламен анықталады:
Мс = Мж, Мс = Мш
Жө Ұт
Мұнда, Мс – материалдық сыйымдылық;
Мш – материалдық шығындар;
Жө - жалпы өнім;
Ұт - Ұлттық табыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет