1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ



бет8/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка
The best place in the world, волонтеры Эконом, Инструкция по модулю ССВ для студентов, ПЕД технологиялардан тапсырма
3 ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының түсінігі және ерекшеліктері. Азаматтық процесссуалдық құқық қатынастарының алғышарттары. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектілері. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері, олардың жіктелуі.


Дәріс
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының түсінігі және ерекшеліктері.
Құқықтық қтынас- құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттерден тұратын құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұның құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процесттің қатысушылары арасындағы азаматттық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында.
Құқықтық қатынас- құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен анықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар.
Азаматтық процесссуалдық құқық қатынастарының алғышарттары. Жалпы танылған ереже бойынша құқық қатынастарының жалпы теориясымен аңықталған , заңмен бекітілген, яғни құқық қатынастарынан туындайтын алғышарттар ретінде айтамыз.
Бұл алғышарттар екі түрге бөлінеді: жалпы ( абстрактілі) және негізгі.
Жалпы алғышартқа: құқық нормалары; құқық субъектілік;
Негізгі алғы шартқа: құқықтық қатынастың туындау негізі; заңдық факт (әрекет , әрекетсіздік, оқиға, жағдай немесе заңдық фактілердің жиынтығы танылады.
Осыдан қорытындылайтын болсақ, азаматтық процессуалдық құқық қатынастың туындауына үш алғышарт қажет:
1. азаматтық процессуалдық құқық нормалары;
2. процессуалдық құқық қатынасқа қатысушылардың құқық субъектілігі;
3. заңдық факт;
Азаматтық процессуалдық құқық нормалары - бұл құқықты соттар арқылы жүзеге асыруда процеске қатысушылардың, соттық әрекеттерін реттейтін жалпы танылған ереже. Процессуалдық құқықсубъектілік: процессуалдық құқық қабілеттілік және процессуалдық әрекет қабілеттіліктен тұрады.
Процессуалдық құқыққабілеттілік – құқықтарға ие болу мүмкіндігі. Ол адам туғаннан бастап өмірінің ақырына дейін болады.
Процессуалдық әрекет қабілеттілік – есі дұрыс және кәмілетке толаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алу мүмкіндігі. 14 пен 18 жас аралығыныдағы кәмілетке толмағандарда жартылай әрекет қабілеттік болады.
Заңдық факт- бұл процессуалдық қатынастардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуымен байланысты азаматтық құқық қатынас нормаларымен қарастырылған өмірлік мән –жайлар.
Процессуалдық құқыққатынастар азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларымен реттелген болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет