1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектілері



бет9/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка
The best place in the world, волонтеры Эконом, Инструкция по модулю ССВ для студентов, ПЕД технологиялардан тапсырма
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектілері. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың мазмұны –азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше( А. А. Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: Жалпы және арнайы.
Жалпы объект- сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық- құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы)
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері, олардың жіктелуі.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет те бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынас субъектілері- бұл азаматтық іске қатысушы және онда процессуалдық мүддесі бар тұлға. Азаматтық процеске қатысатын тұлғалар, азаматтық құқықтық қатынасқа түсе отырып, негізгі процессуалдық мәртебеге ие болады: талапкер, жауапкер, үшінші тұлға, маман, қуәгер және т.базаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілерін мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. сот билігін жүзеге асырушы тұлғалар: судья, сот мәжілісінің хатшысы, сот орындаушысы, сот пристав.
2. іске қатысушы тұлғалар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, өзге тұлғаның құқығын қорғап азаматтық іс жүргізуге қатысушы мемлекеттік орган, жергілікті өзін -өзі басқарушы орган, ерекше өндіріс бойынша арыз беруші, ерекще талап өндірісінде шағым беруші тұлға.
3. сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесуші тұлғалар: куә, аудармашы, сарапшы, маман, өкілдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет