1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет14/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
Mathcad для студента, OK MU MathCAD RU 2009, Создание отдельных элементов графического интерфейса, 1 Зертханалық жұмыс (1), эссе, Силлабус, Физика Жауаптар-2, ответы с 14 -25 теория, 1-6 Билеты, Изотермиялы процесс те деуі (m=const; T=const), педагогикалық мамандыққа кіріспе Силлабус-1, алгебра 7-12, тест каз мол 300 тестов, 1лек ИИ
Материалдық емес активтер – бұл өндірісте немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуда, әкімшілік мақсаттарда және басқа компанияларға жалға беруде ұзақ мерзімді уақыт бойына пайдалануға арналған физикалық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұл активтерді олардың компаниямен бақыланатындығынан және болашақта оларды пайдаланудан компания экономикалық тиімділік алуды күтетіндігімен анықтауға болады.
Материалдық емес активтерге лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, авторлық құқықтар, басқа жақтан сатып алынған тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, лицензиялар жатады.
Материалдық емес активтерді төрт топқа бөлуге болады:

  1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», өндірістік ақпаратты пайдалану құқығы, ЭЕМ-ді бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасы, интегралды микросхемалар технологиялары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы түрін пайдалану, өнеркәсіптік үлгілер;

  2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауарлық белгілер, тауарлардың шығу тегі енеді;

  3. Пайдалану құқығымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа өнертапқыштық құқығы, пайдалану құқығы, лицензиялар, франшизалар жатады;

Материалдық емес активтердің басқа түрлері. Бұл топқа «гудвилл» (фирманың бағасы, іскерлік репутациясы), интеллектуалдық меншік жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі). Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі

  2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы

  3. 16 ХҚЕС «Негізгі құралдар»

  4. Ұлттық қаржылық есептілік стандарты. -2013, 31 қаңтар

  5. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары.

  6. Дуламбаева Р. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2011

  7. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т.,Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2008

  8. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2011

  9. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, ТОО РПИК «Дәуір», 2015

  10. Экономика предприятия. Учебник под ред. В.Я.Горфинкеля. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012

  11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: - Алматы: Қазақстан- аудит орталығы, 2002





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет