1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы



бет7/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
Mathcad для студента, OK MU MathCAD RU 2009, Создание отдельных элементов графического интерфейса, 1 Зертханалық жұмыс (1), эссе, Силлабус, Физика Жауаптар-2, ответы с 14 -25 теория, 1-6 Билеты, Изотермиялы процесс те деуі (m=const; T=const), педагогикалық мамандыққа кіріспе Силлабус-1, алгебра 7-12, тест каз мол 300 тестов, 1лек ИИ
2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Тақырып негізгі капиталдың экономикалық мәнін, негізгі түрлерін, негізгі құралдарды бағалау әдістері мен амортизацияны есептеу әдістерін, негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштерін мазмұндайды.
Кілт сөздер: негізгі өндірістік қорлар, өндірістік емес негізгі құралдар, амортизация, физикалық тозу, моральдық тозу, қор қайтарымы, қор сиымдылығы, еңбектің қормен қарулануы, материалдық емес активтер.


Дәріс жоспары

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

  2. Өндірістік негізгі қорлардың жіктелуі

  3. Негізгі құралдардың тозуы, негізгі түрлері.

  4. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.

  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері.

  6. Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері.

  7. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары мен жолдары.

  8. Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері.

1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы


Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық потенциалының маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты амортизациялық аударым мөлшері аясында біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көп жылдық екпе ағаштары т.б.), машина мен құрал-жабдықтар, беріліс қондырғылары, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыс малы мен өнім беретін мал, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.
Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі капиталға жатпайды.
Кәсіпорында негізгі капиталдың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі капитал, тауарлық-материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Жердің табиғи байлығының, пайдалы қазбалардың және басқа да құндылықтардың табиғаты ерекше қызығушылық туғызуда. Өз бетінше табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді. Бірақ оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да, осылайша олар өндірістік қорларға жатқызылады.
Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі тәуелді болады.
Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары да пайда болуда. Осының барлығы оларды дұрыс жіктеуді қажет етеді.
Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары – функционалдық міндеті, тозу қарқыны және қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі, кәсіпорын жұмысына ықпал ету дәрежесі, техникалық жаңалығы, халық шаруашылық саласы, меншік иелігі. Негізгі капитал жеке капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы құн ішіндегі үлес салмағы негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды, ол өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет етуі мүмкін.
Негізгі құралдардың құрылымында активті және пассивті бөлімді ажыратады. Активті бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін анықтайтын, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Кең мағынада активті бөлікке еңбек затына кез келген түрде әсер ететін және осы процесті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары құрайды.
Пассивті бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей «өнім өндіруші» болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөлікке ғимараттар мен құрылымдар, беріліс қондырғылары, көлік құралдары және инвентарь енеді.
Негізгі өндірістік құралдардың құрылымына әсер ететін маңызды факторлар мыналар болып табылады: шығарылатын өнім сипаты, өнім шығару көлемі, автоматтандырылу мен механикаландырылу деңгейі, мамандану мен кооперациялану деңгейі, кәсіпорындардың орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары.
Негізгі өндірістік құралдардың құрылымын жақсарту төмендегілерге мүмкіндік береді:

  • Жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;

  • Прогрессивті станоктар мен машиналар түрлерінің, автоматтық және жартылай автоматтық станоктардың, универсалды агрегаттық станоктардың, автоматтық линиялардың, сандық бағдармаламалық басқару станоктарының үлесін ұлғайту есебінен жабдықтардың құрылымын жетілдіру;

  • Үйлер мен ғимараттарды жақсы пайдалану, бос аумақтарға қосымша жабдықтарды орнату;

  • Құрылыс жобасын дұрыс әзірлеу, кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғары сапалы орындалуы;

  • Артық және аз пайдаланылатын жабдықтарды жою, жабдықтың жекелеген топтары арасындағы дұрыс пропорцияны қамтамасыз ететін жабдықтарды орнату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет