1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет86/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

4.Қарыз қаражаттарын алу әдістері

ҚР заңнамаларына сәйкес кәсіпорынның ақшалай қаражаттары банктерде міндетті сақталуға жатады. Ақшалай қаражаттардың сақталуы және есеп айырысулардың жүзеге асуы үшін банктер кәсіпорындарға әртүрлі шоттар ашады.

Кәсіпорын өзіне есептік-кассалық қызмет көрсету үшін банкті дербес таңдайды.

Келісім шартқа сәйкес банк клиент ретінде кәсіпорынға есеп айырысу және басқа шоттар ашады; оларға кәсіпорыннан және кәсіпорынға түсетін ақшалай қаражаттарды кірістейді; кәсіпорын шотынан оның тапсырмасы бойынша жетікзушілердің, кредиторлардың, сәйкес бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың шоттарына аударады.



Есеп айырысу шоты меншік формасынан тәуелсіз, заңды тұлға құқы бар кез-келген кәсіпорынға ашылуы мүмкін. Бұл шот кәсіпорынның негізгі шоты болып табылады.Ол басқа кәсіпорындармен және банктермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет. Кәсіпорын тек бір ғана есеп айырысу шотын ашуы мүмкін.

Өзінің тұрған орнынан тыс құрылымдық бөлімшелері бар кәсіпорын олардың тұрған жері бойынша кәсіпорын атына есеп айырысу субсчеттарын ашады.



Ағымдағы шоттар кәсіпорындарға, олардың филиалдарына, бөлімшелеріне ашылады.Ағымдағы шоттар бойынша еңбекке ақы төлеумен және әкімшілік-шаруашылық шығындармен байланысты шектеулі есеп айырысу операциялары жүргізіледі.

Экономикада есеп айырысулардың негізгі бөлігі қолма-қол емес тәртіпте банк мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Алайда кәсіпорын өз қаражаттарының бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде пайдаланылуы мүмкін.

Есептік-кассалық қызмет көрсету процесінде кәсіпорын мен банк арасында ақшалай қаражаттардың қозғалысымен қатар жүретін және кәсіпорын мен банктің табыстарын қалыптастыруға ықпал ететін белгілі қаржылық қатынастар қалыптасады.

Банктік несиелеу – бұл ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарында кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.

Несиелік қатынастар әртүрлі форманы қабылдайды. Олар мынадай формада ұйымдастырылуы мүмкін:


  • Банк несиесі;

  • Коммерциялық несиелендіру. Мұнда кәсіпорындар арасындағы қатынастар вексельмен рәсімделеді.

Әдетте тура және жанама банктік несиелендіруді ажыратады. Тура несиелендіруде кәсіпорынның несиелік қатынастары басынан бастап банкпен қатынас ретінде туындайды. Ал жанама несиелендіруде бастапқыда кәсіпорындар арасында несиелік қатынастар туындайды, содан соң вексель бойынша жедел ақша алу тәсілін іздеуде банкпен қатынасады.

Несиелік операциялар банк бизнесінің ең табысты статьясы болып табылады, оның есебінен банктердің таза пайдасының негізгі бөлігі қалыптасады.

Кәсіпорындарға несие беру несиелік келісімшарт негізінде жүргізіледі. Онда ұсынылған несиенің сипатын және кәсіпорынның қаржылық жағдайын есепке ала отырып кәсіпорын мен банк арасында құқықтар мен міндеттер анықталады, келісімнің шарттарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі орнатылады. Несиелік келісімшартта мыналар анықталады:


  1. несиелендіру мақсаты, несие мөлшері;

  2. қарызды беру және қайтару мерзімдері мен негізгі шарттары;

  3. неселік міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері;

  4. несие үшін проценттік ставкалар;

  5. несиелендіру үшін қажетті есептеулер мен мәліметтер тізімі.

Берілетін қарыз мерзіміне байланысты несиелер қысқа мерзімді (1жылға дейін), орта мерзімді (1жылдан 3жылға дейін), ұзақ мерзімді (3жылдан жоғары) болып бөлінеді.

Несие ұсыну туралы шешім қабылдамастан бұрын банк кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдайды.



Кәсіпорынның несие қабілеттілігі дегеніміз несиені алу және оны уақытында қайтару үшін алғышарттардың болуы. Кәсіпорынның несие қабілеттілігі оның алдында алынған несиелер бойынша есеп айырысу кезіндегі ұқыптылығымен, ағымдағы қаржылық жағдайымен және қажет кезінде әрқилы көздерден ақшалай қаражаттарды шоғырландыра алу мүмкіндігімен анықталады.

Әрбір банк кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалауда өз жүйесін пайдаланады. Бағалау жүйесі несие қабілеттіліктің үш категориясын пайдаланады: сенімді (несие қабілетті), тұрақсыз (шектеулі несие қабілетті), сенімсіз (несие қабілетсіз).

Егер кәсіпорын несиелендіру шарттарын бұзса, онда банк оған санкциялар қолданады.

Несиені ұсынудың негізгі принциптері:



  1. Несиенің қайтарымдылығы. Бұл принцип кредитордан алынған қаржы ресурстарын қарыз алушымен пайдалану аяқталған соң өз уақытында қайтару қажеттілігін бейнелейді. Ол өзінің тәжірибелік бейнесін нақтылы қарызды сәйкес ақшалай қаражаттарды оны ұсынған несие ұйымның шотына аудару жолымен өтеуден табады, мұның өзі банктң жарғылық қызметін жалғастырудың шарты ретінде оның несие ресурстарының қайтадан қлпына келтіруін қамтамасыз етеді.

  2. Несиенің мерзімділігі. Ол несиені қарыз алушыға ыңғайлы кез-келген уақытта емес, несиелік келісімшартта көрсетілген дәл анықталған мерзімде қайтару қажеттігін бейнелейді.

  3. Несиенің ақылылығы. Бұл принцип қарыз алушымен банктен алынған несие ресурстарының тек тура қайтарылуын ғана емес, оларды пайдалану құқығына төлеу қажеттілігін бейнелейді. Несие үшін төлемнің экономикалық мәні оны пайдалану есебінен алынған қосымша пайданы қарыз алушы мен кредитор арасында бөлінуді бейнелейді.

  4. Несиенің қамтамасыз етілуі. Бұл принцип қарыз алушымен өзіне алынған міндеттемелерді бұзған жағдайда кредитордың мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігін бейнелейді және кепілге қарыз беру немесе қаржылық кепілдіктер сияқты несиелендіру формаларында көрініс табады.

  5. Несиенің мақсатты сипаты. Кредитордан алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану қажеттілігін бейнелей отырып, несие операцияларының көптеген түрлеріне таралады. Берілетін қарыздың нақтылы мақсатын орнататын несие келісімшартының сәйкес бөлімінде, сондай-ақ бұл шартты қарыз алушының сақтауына банктік бақылау процесінде көрініс табады.

  6. Несиенің дифференциациялық сипаты. Бұл принцип потенциалды қарыз алушылардың әрқилы категорияларына несие ұйымы тарапынан дифференциацияланған бағытты анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет