1 тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары Дәрістің мақсаты



бет3/7
Дата12.09.2020
өлшемі253,7 Kb.
#78267
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Конспект лекций. Маркетинг

2 тақырып. Маркетингтік зерттеулер

Дәрістің мақсаты: Маркетингтік зерттеулерді қарастыру

Дәрістің сұрақтары:

1. Маркетингтік зерттеудің түсінігі. Мақсаты, объектісі мен маркетингтік зерттеулердің типі.

Маркетингтік зерттеулердің үрдістері: мәселені қарастыру мен зерттеудің мақсатын анықтау, зерттеудің жоспарын толықтыру, мағлұматтар жинау, зерттеу жоспарын іске асыру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.

2. Маркетингті әлемдік ақпараттық ресурстар базасындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

3. Алғашқы және қайталанбалы мағлұмат: түсінік, мәні, қайнар көзі, жетістіктер мен кемшіліктер.

4. Маркетингтік зерттеу кезіндегі мәліметтерді жинау әдістері: анкета, механикалық және электрондық құралдар. Анкетаның қалыптастыру әдістері. Байланыс түрлері: пошта, техникалық және жеке байланыс.



Маркетингтік зерттеулердің мәні: міндеті түрлері, объектілері, әдістері.

Маркетингті зерттеулер – бұл фирма алдында тұрған маркетинг жағдаятына байланысты деректер жиынтығын анықтау, оларды жинау, талдау және нәтижесінен есеп беру.

Кешенді маркетинг зерттеуінің көмегімен келесі мәселелер анықталады: нарық сипаттамасын оның мүмкіндіктерін зерделеу; фирмалар арасында нарық үлесін талдау; бәсекелестер тауарын, жаңа тауарға реакциясын зерттеу; баға саясатын зерттеу.

Маркетинг зерттеулерінің объектісі болып – микроорта, макроорта және ішкі ортадан тұратын маркетинг ортасы танылады.

Іс жүзінде маркетингтік зерттеулер маркетингтік шешімдердің анықсыздығын төмендету мақсатында мәліметтерді талдау және оларды өңдеу, жинау болып табылады.

Нарықтық зерттеу оның дамуының ұзақ мерзімді тенденцисын болжау үшін қажет. Болжауды жасау-мақсатты құру үшін, стратегияны жасау үшін және фирма іс-әрекетін жоспарлау үшін база болып табылу қажет.

Зерттеудің нәтижелілігі және тиімділігі ғылыми тұрғыдан кешенді, жүйелі және зерттеудің алгоритмінің бар болуын қалайды.

Маркетингтік зерттеудің алгоритмі:



  • мәселені анықтау;

  • ақпаратты талдау;

  • алынған мәліметтерді талдау;

  • сәйкес және ұсыныстарды өңдеу;

  • ұсыныстарды тарату.

Маркетингтік зерттеулер нәтижесін анықсыздықтың деңгейін төмендету мақсатында және шешім қабылдау тәуекелділігін төмендету мақсатында менеджерлер қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет