Дәріс №1. Негізгі түсініктер Дәріс жоспары



бет1/26
Дата12.09.2020
өлшемі0,58 Mb.
#78333
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Лекция
1-слив, Баймырзаев Н.Б, Нурсеитова К.ТТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ, primer referata, Учимся-писать-и-оформлять-рефераты, Биология 8 сынып КТЖ 2 сағ Атамұра, 1. Озгеше фигураны табыныз, 1. Озгеше фигураны табыныз

2. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:

Дәріс №1. Негізгі түсініктер

Дәріс жоспары

  1. Деректер базасы.

  2. ДББЖ.

  3. ДБ құрылымдық элементтері.

  4. ДБ модельдері.

  5. ДБ кестелері арасындағы байланыс.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Негізгі түсініктер

Деректер базасы

Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы деректерді өңдеу. Деректер базасы сөзін кеңінен алғанда – бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы деректер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады.

Деректер базасын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.

Құрылымдылық (структурирование) – бұл деректерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған деректерді айтамыз.



Мысал 1. Суретте студенттер туралы мағлұматтар бар (жеке іс-қағазының нөмірі, аты-жөні және туған жылы) құрылымдылық емес деректерге мысал келтірілген. Құрылымдылық емес түрде сақталған қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру өте қиын, ал мұндай ақпаратты сұрыптау мүмкін емес.

Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан 1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым 1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша 1981 ж.

Осы ақпаратты іздеуді автоматтандыру және жүйелеу үшін деректерді көрсету әдістері туралы қандайда бір келісімді анықтау қажет, яғни туған жылды әр студентке бірдей жазу керек, ол қалған ақпараттың ортасында бірдей ұзындық және орын алу керек. Бұл ескертулер қалған деректерге де қатысты (жеке іс қағаздың нөмірі, аты-жөні).

Мысал 2. 1 мысалда берілген ақпаратпен қарапайым құрылымын өзгерту кезінде мына суреттегідей түрге келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет