1-тапсырма. Көп мағыналы сөздерді тауып, қолданылуына назар аударыңыз



бет2/5
Дата30.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#116140
1   2   3   4   5
Байланысты:
6-сынып. Доп.урок №2
19-9 20-11 экотур3, Қмж 2-сынып 130, Қмж 2-сынып 130, Қмж 2-сынып 130
Емтихан кезінде
Әйгілі профессор шетел әдебиетінен емтихан қабылдап отыр. Студенттерге көңілі пәс. Әсіресе мына қызға ренішті. Ол кеңпейіл, мейірімді кісі болғандықтан студент қызға ұрыспады. Әртүрлі сұрақтар қойып қызды жетелеп отыр.

– Бальзактың «Шегрен былғары» (Шагреневая кожа) романы туралы өз ойыңды айтшы, қарағым.

– Мен оны әлі оқып үлгере алғаным жоқ.

Олай болса, «Горио атай» туралы айт.

– Ол кітап кітапханада жоқ екен.

– Өкінішті, өкінішті, – деді профессор бас шайқап. Қабағы түйіліп кетті.

Ұялды ма, жоқ әлде екілік алып қаламын деп қорықты ма, қыз жылап жіберді.

Профессор абыржып қалды.

– Жә, жә, қой, қарағым. Мен сені қинамай-ақ қояйын, білгеніңді айт. Бальзактың қандай шығармасын оқып едің?

– «Адамзат комедиясын», – деп қыз қуана дауыстап жіберді.





Мәтінге сөздік:

кеңпейіл – добродушный

мейірімді – милосердный

көңілі пәс – здесь: недовольный

ренішті – здесь: быть огорченным

ұрыспады – здесь: не стало ругать

қабағы түйілу – нахмуриться

ұялды ма – здесь: то ли от стыда

абыржып қалу – приходить в замешательство

қинамай-ақ қояйын – не буду мучить



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет