1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері



бет32/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері
Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:
1) тарихи принцип. Мұнда жетекшінің тұрпатын (типіи) дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады;
2) ықпал ету көлеміне қарай жалпыұлттық, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді;
3) таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;
4) қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді;
5) қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының касиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді;
6) бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.
Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы - М. Вебер. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі (имиджі) бойынша былай жіктейді:
1) ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан окиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндістанда ұлт-азаттық козғалыстың басшысы болған Махатма Ганди, негрлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқының көсемі Аятолла Хомейни;
2) қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Мысалы, Л.И.Брежнев, К.У.Черненко, Д.А.Қонаевтар Коммунистік партияның сондай өкілдері болатын;
3) саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі - алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде. Мысалы, Американың 40-президенті Р.Рейган, Ресей президенті Б.Н.Ельцин.
4) өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. Мысалы, Д.Буш, Б.Клинтон, Я.Арафат.
Әрине, өмірде бұл көрсетілген төрт түрі теориядағыдай таза қалпында емес, көбіне аралас күйде кездеседі.
Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлық және демократиялық жетекші деп бөлінсді. Авторитарлык, жетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялық жетекші болса, аддағы мақсатты белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.
Түріне қарай "формальды", "формальсыз" деп бөліп жүр. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері таңдайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, әлбетте, формальды басшылар болады. Мысалы, әскер басшылары, кәсіподақ, корпорация басшылары және т. б. Саяси қауымдастықтың жоғарғы құрылымы - үкімет болып есептеледі.
Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:
1) "диагностикалық" міндет: саяси серкелер қалыптасайын деп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; яғни "диагноз" қояды;
2) саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;
3) іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға тырысады. Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек. Соның арқасында оны жүзеге асыруға жұмылдырылады.
Қоғам болған соң, оның өзіне тән қиыншылықтары, қайшылықтары болмай қоймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезінде шара қолданып, өрістетпеуге тырысады. Бірақ бүкіл мәселе оңай шешіле бермейді. Кейде мәселенің түйіні шешілмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бірінші байқап, мәселені көтереді. Олар жағдайды өзгертудің жолын көрсетеді. Егер олардың ұсынған жолы көпшілік жүрттың көңілінен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда болуы мүмкін. Оны басқаратын серкелердің шығуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай қозғалыстардың өрісі ауқымды болып, түбегейлі жетістіктерге жетсе, қоғамнын саяси мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер де болуы ықтимал.
Әлеуметгік жүйенің, қандай субъектісі болмасын - жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы басқа ұйымдар сияқты қоғамдық, құрамалар - жетекші бола алады. Жетекшіліктің күші өз жақтастарының түпкілікті мақсат мүддесін іске асыра білуінде.
Саяси серке адамдардың көңіл-күйін, ой-арманын, үмітін, ұмтылысын, зәрулігін қай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол басқаларға жақын жолдасындай қарап, халықтың мұқтаждығын қанағаттандырарлықтай қамқоршыл болса, қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.
Нағыз саяси серке шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау-жанжалдардың алдын ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау-дамайға қатысушылардың өзін-өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелесті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.
Нағыз серке осының бәрін есепке алады. Ол шиеленісті шешудің ең қолайлы тәсілі - оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста болатындай жағдайды іздестіру керектігіне олардың көздерін жеткізе білуде. Ол үшін жетекші саяси кикілжіңге қатысушылардың назарын тек өзінің ғана емес, сонымен қатар басқаның да пайдасын ойлайтындай жағдай тудырады. Тіпті, қиын жағдай болса ол, тым болмаса, саяси тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
Қоғамдық процесті басқаруға қатысушылардың бәрі бір-біріне барынша қатал, сын көзбен қарайды. Бірақ одан орынсыз күдік, шүбәлану немесе қызғаншақтық тумауы тиіс. Әлемдік тәжірибеде саясаттың қайсыбір субъектісі болмасын қоғамдық-саяси қажеттілігі, пайдалылығы бар деген ұғым бар. Әрбір субъект, қандай ресми тұлға не топ болсын, егер оның іс-әрекеті заңға сәйкес келмегендігі немесе қоғамға зиян келтіретіндей құзыретсіздігі дәлелденбесе, саяси қызметке еркін араласа алады.
Серкенің рөлі, әсіресе өзгерісті дәуір, өтпелі кезеңде зор болады. Мұндай жағдайда оған нақтылы мақсаттарды дұрыс түсініп, жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Сонысымен көзге түседі.
Саяси серкеге қандай қызметтер лайықты? Олардың ішінде негізгілері мыналар: белгілі бір топтың көзқарастарын ескеру, білдіру және қорғау; қоғамның мүддесін өзінен жоғары қою; іс-әрекеттерді ұйымдастыра білу; білімділік; көрегендік; шешендік; саяси мәдениеттілігі, әдептілік, әзіл-оспақты түсіне білуі; өзіне назар аудара білушілік және т. б.
Сонымен қатар әр түрлі дәуір, әлеуметтік топтар мен таптар әртүрлі қасиеттері бар жетекшілерді қалайды. Айталық, футбол командасының капитанына бір қасиеттер жарасса, ғылыми ұжымды басқаруға олар ыңғайсыз болуы мүмкін, ал саяси ұйымдарға жетекшілік етуге үшінші касиеттер қажет болады.
Саяси қайратқерлердің мәртебесі (статус) бірдей болғанмен, олар өз рөлін әр түрлі түсінуі мүмкін. Біреулері шын мәніндегі саяси серке болса, біразы соларға ұқсампаз болады.
Үқсампаздар өзінен артық, ақылдырақ біреудің рөлін ойнайды. Ондай саяси қайратқерлер ең алдымен қалай да жұртка ұнау, соның арқасында өзіне пайдалы саяси бейне (имидж) жасау үшін қам жейді. Ол халықарасында кең тараған ой-пікірлерді жылдам қағып алады, оның ойынан сөзі жүйрік келеді. Мұндай адамды көбіне популист деп атайды. Ол күрделі мәселелерді сырттай қарағанда тартымды ұрандармен түсіндіруге тырысады. Әдетте, өз бағдарламасына тоқталмай, қарсы жақты, саяси бәсекелесін аяусыз сынайды. Сайлау алдында орындалу, орындалмауына қарамай уәде бергіш келеді.
Саяси серкелікті сөз еткенде қоғамның қозғаушы күшіне тоқталмауға болмайды. Көптеген шетелдердің ғалымдары ондай күшке ұлы тұлғаларды жатқызады. Мысалы, Американың фәлсафашысы Дж.Дьюи: "Қоғам өзінің дамуында ұлы көсемдерден серпін, қозғаушы күш алып, бір сатыдан екінші сатыға көтеріледі. Сондықтан ол кездейсоқ себептерге байланысты дамиды" деп пайымдайды. Сол елдің фәлсафашысы Синди Хук "Тарихтағы батыр" деген еңбегінде тарих ұлы адамдардың еңбегінің нәтижесінде дамиды және оған тек серкелер ғана әсер ете алады деп есептейді. Фрейд батырға табыну жастық шақтан қалыптасады деген болатын. Хук соның сөзін қайталап, бала ең алдымен ата-анасынан, одан соң мұғалім немесе қойған сұрақтарына жауап беретін басқа адамнан тәуелді келеді. Сондықтан тобыр өзін бастайтын көсемді іздейді. Ол отбасында әке қандай рөл атқарса, қоғамда серке сондай рөл атқарады деп тұжырымдайды.
Шетелдерде бұған жақын "элиталар" теориясы бар. Ол жөнінде біз бұрынырақ сөз еткеміз.
Марксистер тарихтың қозғаушы күші халық дейді. Шын мәнінде, ұлы тұлғалар белгілі жағдайда шешуші рөл атқаратынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол объективтік жағдайды өз бетімен қалай болса солай өзгерте алмайды.
Ұлы тұлғаларды шексіз дәріптеу жеке басқа табынуға әкеліп соқтырады. Ол азаматтардың демократиялық құқыктары тапталған елдердс дамиды. Тарих көрсеткендей, қандай басшы болмасын оның ақыл-ойы миллиондаған адамдардың тәжірибесіне жетпейді.
Жеке басқа табыну көбіне бірпартиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, оларға жататындар: Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким-Ир-Сен, БрозТито, Энвер Ходжа және т. б. Жеке басқа табынушылыктумауы үшін демок-ратаяны барынша дамыту, адамзаттық, құқықтық мемлекетті орнату қажет.
Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Саяси элита дегеніміз не? Ол не үшін керек?
2. Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?
3. Саяси элиталар жөнінде қандай теориялар бар, олардың ерекшеліктері қандай?
4. Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайында саяси элитаның кызметінде тиімді бағьгттарға нелерді жатқызасыз?
5. Қазіргі Қазақстан элитасына кімдерді жатқызар едіңіз?
6. Топ бастаушы (лидер) болу үшін қандай қасиеттер керек? Неге байланысты олардың рөлі арта түседі?
7. Саяси лидердің қызметтері қандай?
8. Лидердің басқарушыдан айырмасы неде?
9. Қазақстанға қандай лидер керек деп ойлайсыз?
9 - т а р а у. АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ. САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет