1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 3. Саяси жетекшілік туралы ұғым



бет31/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 3. Саяси жетекшілік туралы ұғым
Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтын мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайратқерге лайықты касиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға койған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады. Сонымен қатар топ бастаушы өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялылық парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толассыз жүріп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен, жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес, қулык-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ деп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым - саяси бастаушы, көсемсымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т. б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.
Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.
Өмір дәлелдегендей, кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының іскерлігі, абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уакытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті. Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі, нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білместік жөне т. б. себептер өндірістің құлдырауына, халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырды. Мүның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
ТМД елдеріндегі ереуілдер көрсеткендей, саяси бастаушы болу онай да, сенімсіз де. Себебі "сүйікті" деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп, дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс-әрекет жасаса, сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес. Оның негізгі ерекшелігі - саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
XIX ғасыр аяғында-ақ саясатқерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған. Егер халық көсемнің идеяларын толығымен түсініп, қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп, өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әрқашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың мақсат-мүддесін жай ғана біліп, жинап, құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып, дамытып, дәлелдеп, түзетіп отыруы керек.
Саясатқердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімінде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.
Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікте тойтарыс бере аларлықтай "күшті" болуы үшін мынандай талаптарға жауап беруі керек. Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып, олардың қолдауын қамтамасыз ететін, бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс. Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалған жағдайда ол әрбір сайлаушыға, отбасына, ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет