1 Тарау. Құқықты талқылау және оның сипаттамасы



бет1/4
Дата04.05.2024
өлшемі204 Kb.
#201762
  1   2   3   4
Байланысты:
Курстык жумыс КУКЫК НОРМА
Диплом банкротство

Мазмұны

Кіріспе
1 Тарау. Құқықты талқылау және оның сипаттамасы


1.1. Талқылау түсінігі және мәні 5
1.2. Талқылаудың философиялық аспектілері 10

2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы заң актілерін талқылаудың ерекшеліктері


2.1. Қазақстан Республикасы Конституциясын талқылаудың ерекшелігі 13
2.2. Құқық қолдану органдарының актілерін
талқылау және оның маңызы 17
2.3. Қазақстан Республикасы Конституциясын талқылау тәртібі 20

Қорытынды 26


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28


Кіріспе

Құқықты талдау заң ғылымдарының дәстүрлі мәселелерінің бірі болып табылады. Нормаларды талқылау қажеттігі көптеген жағдайлармен байланысты соның ішінде құқық нормаларының сыртқы сипаты безендіру , олардың тілдік – логикалық ойлау жүйесімен , нормалардың жүйелі құрастыруы және оларды ерекше қасиеттеріне, қызметіне байланысты сәйкестендіру.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында,әсіресе меншікті заңдық базамызды күрделенуде біздің Қазақстан еліміз үшін ерекше маңызды. Бұл мәселе мемлекетіміз үшін ерекше, себебі: ол өзінің заңдық негіздерін құру және құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі заңның жоғарылығы қағидасы екендігі мәлім, яғни заңның “ведомстволық нормалардан” жоғары тұруын көрсетеді. Бұл толық түрде құқықты талқылау мәселесіне жатады.
Заңдық әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жұмыстар қарастырылып, қорғалғанымен құқық нормасын талқылау теориясын талдау, дайындау, қазіргі кездегі заңдық тәжірибеде толық қанды қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Құқық нормасын талқылау барысындағы көптеген мәселелер әлі де болса даулы, ал кейбір сұрақтар тіпті әлі зерттелмеген.
Мұндай мәселелердің қатарына ресми талқылау актілерінің құқық қолданушы органдар үшін маңызды екенін айта кетуге болады. Заң әдебиеттерінде ресми талқылауға байланысты екі түрлі ой қалыптасады. Бірінші, мұндай талқылаулар нормалардың қолданылуын жеңілдетеді, ондағы қарама-қайшылықтар мен түсініспеушіліктерді реттейді. Екіншіден, ресми талқылаулар норманы ауыстырады, сонымен қатар оның мазмұнын өзгертеді. Әкімшілік- басқарушылық жүйеде министерстволар мен ведомстволардың талқылау және түсіндіру тәжірибесі заңдардың, үкімет қаулыларының мағынасы мен мәнін жоққа шығарды, себебі бұл актілер аппарат құрылымдарының мүдделеріне сай жасалған акті ретінде есептеді.
Қазіргі кезде талқылау, түсіндіру тәжірибесі қысқартуды талап етеді, оның ішінде талқылау формасының тиімді түрі аутентикалық талқылау болуы керек. Төменгі тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерге талқылау жасауы көбейген сайын, сапасы жоғарылай түседі. Осыған сай, төменгі заңдық күші бар актілер жоғарғы заңдық күшке ие.
Негізінен талқылау теориясы көптеген әдебиеттерде енді талдауда, себебі бұл тақырыпта құқық нормасының жалпы түсінігі, оның түрлері,әдістері меннысандары ғана қарастырылған.
Кеңес одағы кезінде де құқық актілерін ресми талқылау оның заңдық табиғатын зерттеуден басталды,құқықтық актілердің нақты түрлері, олардың қызметі, құқық нормаларының түсінігі, мәні мемлекет және құқық теориясымн қатар басқа салалық заң ғылымдарда да құқық нормасының мәнін талқылау, түсіндіру, анықтау өз кезегінде қызмет нәтижесін объективтендіруде көрініс табады.
Сонымен, құқық нормаларын талқылау- мемлекеттің құзыретті органдарының қызметі және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі құқық нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау үрдісінде норма әрекеттерінің жағдайы, құқықтық қатынастың мүшелерінің заңды құқықтары және міндеттері белгіленеді, сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.
Талқылау құқық нормаларының іске асырылуын толық және жан-жақты жүргізу, атқару органдарының қызметінде, сот және прокуратура органдарында, азаматтардың және ұйымдардың өздерінің, заңды құқықтарымен міндеттерін орындау кезінде қамтамасыз етілу қажет болады. Соған байланысты, талқылау құқық нормаларының барлық әрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге және қолдануға ықпал жасайды, әр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты және біркелкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Құқық нормаларының мәнін анықтау, оның талабын дұрыс түсінуге қажетті алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде яғни, түсіну процесінде оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда, құқық нормаларының мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру қажет болады. Барлық құқық нормалары анықталады,ал сөйлеу жөніндегі дәлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процесс кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті және жетімдегі тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады. Талқылаудың тиімділігі, талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты болады. Құқықтық сана деңгейі жоғары адам, түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз болады, жеке адамның құқығымен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады
Бұл жұмыста автор талқылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдардың құзыретіне байланысты болжамдар, тұжырымдар мен көзқарасын айтады.
Жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі ретінде, ресми талқылау актілерінің құқықтық табиғатын және олардың қоғамдық қатынастарды реттеуде құқық қолданушы органдар үшін маңыздылығын ашып көрсетуді алға алып отыр. Заң ғылымының бұл бөлігін теориялық жағынан жан-жақты қарастыру құқықтың дұрыс қолданылуын, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың орнатылуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет