1 Тарау. Құқықты талқылау және оның сипаттамасы



бет3/4
Дата04.05.2024
өлшемі204 Kb.
#201762
1   2   3   4
Байланысты:
Курстык жумыс КУКЫК НОРМА
Диплом банкротство
Қорытынды
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңдегі экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің түпнегізді өзгеруін Республиканың өзінің құқық жүйесін өңдеу керектігін ұсынып отыр.
Дәл қазір Қазақстандық заң ғылым алдында және жеке жалпы теориялық құқық алдында сот органдарының, прокуратураның, құқық қолдану практикасының жаңа жүйесін құру барысында қандай құқықтық концепцияны ұстану керектігі жөнінде сұрақ туып отыр.
Қазіргі таңда республикамызда бүкіл заңнаманы жаңарту процессі іске асып жатыр. Бірақ, экономикалық тұрақсыздық, әлеуметтік қатыстығы тұрақсыздық және нақты заңшығарушылық акт қабылдау – оңай іс емес, бұл ғалымдардың, үлкен талпынысы ғана емес, сонымен қатар ірі қаражат бөлуді де талап етеді.
Қайта қабылданған заңдарда ақтаңдақтар, дұрыс құрыстырылмауы табылып жатыр, бұл оны қолдану барысында қиындық туғызады. Заңшығарушыға заңға түзетулер мен өзгертулерді жедел енгізуге өте қиын, сондықтан берілген этапта құқықты талқылау институтының маңызы зор. Оның органын қолдану арқылы, біз нормаларға жетуші және тар талқылау бере аламыз, сонымен қатар нормалардың мағынасын және оның өзгертулерін дұрыс түсіне аламыз. Бұның бәрі қоғамдық қатынасты тұрақтандырады. Бұл қоғамның радикалды қайта құрылуын керек ететін мемлекетке заңдылық пен тәртіптілікті бекітуге жағдай жасайды. Еліміздің Ата заңында «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп айқын көрсетілгені бәрімізге аян. Сондықтан да мемлекетіміздің, қоғамымыз-дың тіршілігіндегі қарым-қатынас нормаларының жүргізілуі,яғни, заң саласына қатысты құжаттар (нормативтік актілер, заң жобалары, ережелер,т. б. ) түрлеріне тән синтаксистік қүрылымдардың қолданыс ерекшелігін анықтау,жүйелеу, саралау,екшеу сияқты актуалды мәселелерді көтеру өмір – қажеттілігінен туындаған заңды қүбылыс.
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясының тлселей әрекет ету қағидасы қоғам омірнің жай ғана әшекейі емес. мемлекеттік оргаидар, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер басшылыққа алуы тиіс, іс жүзінде әрекет ететін заңға айналуы керек. Сондықтан да бүл қағиданы қоғам мен мемлекеттің күнделікті қолданым тәжірибесіне енгізу қажет, ал ол үшін ең алдымен қоғамдық сананы, мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің кәсіби санасын және халықтың құқықтық сауаттылығын дамыта түсу керек-ақ. Отандық қүқықтану саласында бүл мәселеге барынша улкен көңіл бөлінуі тиіс
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау органы сот органы болып табылмайды. Дегенмен, еліміздегі конституциялық өндірістің жалпы ТМД елдеріндегі конституциялық сот өндірісіне қарағанда айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Конституциялық Кеңестің қүзырына қатысты барлық реттеуші нормаларды, соның ішінде Ата Заңымызды түсіндіру бойынша да, құқықты оң қолдануды регламенттеу сияқты қажетті процедурасынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
ҚР Конституциялык, Кеңесінің Конституция ережелерін түсіндіруін регламенттейтін материалдық-техникалық нормалар ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының, сондай-ак, ҚР Конституциялық Кеңесі Регламентіндегі тарауларда қамтылған реттеуші нормаларға қатысты процедуралық қосымшалар түрінде бекітілген. Жалпы қүқықтык про-цедуралар теориясы бойынша, материалдық-техникалық процедураларды белгілейтін нормалар заң шығарушылық жүйеде өздері жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін реттеуші нормаларға мейлінше жақындатылуына тиіс. ҚР Конституциясын ресми түсіндіруді қамтамасыз ететін процедуралық нормалар негізгі нормалар қамтылған ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар "ҚР Констиіуциялық Кеңесі туралы" Жарлығында бекітілген. Сөйтіп, негізгі және процедуралық нормалардың уақыт жағынан сәйкес пайда болуы қамтамасыз етілген.
Бірақта, автордың көзқарасы бойынша бұл жақсы тәсіл емес, өйткені талқылау актісінің заңды күші бар болатындықтан, атқарушы билік органдары заңшығарушыны ауыстырады. Қазақстан құқықтық мемлекет құруды шешкендіктен, заңды талқылау құқығын тек сотқа ғана беру керек. Соттағы сот рөлін үнемі көтеріп отыру керек. Сот тек заңға ғана бағынатын билік тармағы болу керек.
Сот рөлінің өсуіне байланысты, доктриналды талқылауды зерттеп, оны ресмиге жақындату керек.
Қорытындылай келсек, талқылау тақырыбы өте кең және дискуссиялық, сондықтан беріліп отырған жұмыс проблеманы толық зерттеуге мүмкіндік жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет