1 Тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі



бет9/65
Дата13.08.2017
өлшемі12,74 Mb.
#23681
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65

15 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Интерактивті тақтада мәтінді жазу және өңдеу жолдары
«Мәтін (текст)»құрылғысын таңдаңыз, парақ бетінің сол жақ бос аумағын 1 рет шертіңіз. Флипчартта жаңа мәтін редакторы пайда болады, олардың көмегімен сіз өзіңізге керекті стильді таңдай аласыз. Мәтін редакторының бірінші жолы шрифт атынан тұрады, сіз оны осы уақытта қолданасыз. 2. Шрифт атауының қасында «төмен» бағыттауышын басыңыз. Түсуші меню (мәзір) пайда болады. 3. Барлық шрифтерді көру үшін айналу бағыттауышын қолданыңыз. Arial – ды (немесе басқа шрифт), ACTIVpen көмегімен басып таңдаңыз.4. Сол әдісті қолдана отырып шрифт өлшемін 20-ға дейін өзгертіңіз. 5. Енді егер қасыңызда пернетақта болса, 1 санын теріңіз. Оны қайда қоямын деп, әзірше уайымдамаңыз. Егер қасыңызда компьютерге қосылған пернетақта болмаса, мазаланбаңыз, келесі тарауларда сипатталған тәсілді пайдаланып, санды басып шығарыңыз. 6. Мәтін (Текст) редактілеу терімін жабу үшін батырмасын басыңыз. Экранды пернетақта Басты панелде орналасқан «Текст» белгісін басыңыз, содан кейін сіз мәтінді орналастыруыңыз келген флипчарт бетін ашыңыз. Мәтінді редактілеу терімі тағы пайда болады. «2» санын экранды пернетақтада басу үшін “ACTIVpen” қолдаңыңыз. Бұны аяқтаған соң басқа парақты ашып, оған «3» санын теріңіз. Егер қаласаңыз, қосымша сандарды қосқан сайын, әртүрлі беттерге басыңыз. Олардың қайда орналасатынына мазаланба ңыз, кейін біз оны керекті жерге орналастырамыз. Экранды пернетақтаны, мәтінді редактілеу терімін ж әне «Power Tools» терімін жабыңыз. Парақ бетіне орналастыру 1. Белгілеу құралына басыңыз. Сандарды графиктің керекті жерлеріне орналастырыңыз. 2. Басты панелдің ең жоғарғы батырмасы «Басты меню»-ді басыңыз, меню пайда болады. «Флипчарт» сөзін басыңыз, содан кейін басқа меню пайда болады. Одан «Сақтау», содан кейін «Менің флипчарттым» менюін таңдаңыз. Барлық флипчарттарды бір жерде сақтау, бұл жақсы ой, оларды кейін тез тауып алуға көмектеседі. 3. «Флипчартты сақтау» терезесі шығады. Файлдың атын теріңіз де «Сақтау» батырмасын басыңыз. 4. Осы басшылықтың көмегімен сіздің шығарған беттеріңізді көру үшін «Алдыңғы бет» батырмасын басыңыз.5. “ACTIV studio” жабу үшін: басты меню - шығуды таңдаңыз. Ескерту: Егер сіз флипчартты қайта ашқыңыз келсе, ACTIVstudio-ны іске қосыңыз, содан кейін “Меню – Флипчарт – Ашу – Менің флипчарттарым” жолын таңдаңыз. Жаңа терезе пайда болады. Сіздің атыңызбен сақталған флипчартты таңдап, «Ашу» батырмасын басыңыз.
ACTIVinspire программасындағы мәзір қатарында орналасқан «орналастыру (вставить) » батырмаларының көмегімен флипчарт құр Осы уақытқа дейін біз бір бетпен жұмыс жасадық. Флипчарттың құралдар тақтасынан батырмасын шерткенде жаңа бет ашылады. Бұл тақта флипчарт бетіндегі қысқа кескіндер болады. Бұл тақта беттің шетінде немесе төменгі жағында пайда болуы мүмкін. Оны орналастыру үшін батырманың оң жағында шерту керек. Егерде ACTIVpen – ді қолдансаң, онда қаламды тақтадан бірнеше миллиметр қашықтықта ұстап тұрып, оң жақ батырманы басу керек. Мұны бірнеше рет қайталап жаттығыңдар. Тышқанның оң жақ батырмасын\қаламның батырмасын қолданып, тақтаны өзің қалаған жерге орналастыр. Бұл мезетте Келесі бетке өту батырмасында қаламның батырмасын шерткенде, беттің айналым эффектілерін қоюға болады. Кез келген уақытта басқа бетті активтендіру үшін батырмасын шерту керек. Ал бастапқы бетке қайтадан келу үшін батырмасын басу керек.
Сабақта интерактивті тақтаны қолданып ашық тест түрін жүргізу әдістері ACTIVote құрылғысы ACTIVboard –тың көмегімен мұғалімге, не дәріскерге сұрақтардың жауабын алуға арналған құрылғы. Бұл қолданушының жауабын бірден қабылдайтын байланыс құрылғысы болып табылады. Сұрақтарды алдын ала сұрақ шеберінің көмегімен алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Екі жағдайда да кері байланыс қамтамасыз етіледі. Кері байланысты экраннан бірден көруге боалды, сонымен бірге жауапты электрондық кестеге экспорт жасап, оны кейінірек талдаудан өткізуге болады. ACTIVote құралы бойынша тестіні үш режимде жүргізуге болады, атап айтқанда, көрсету (демонстрация), жасырын (анонимный), атаулы (именованный).
Интерактивті тақтада формаларды құру және оларды өңдеу Интерактивті тақтада графиктермен және мәтінмен жұмыс. Графиктің суретін салу. «Кітапхананы» ашып торға басыңыз, эскиздер панелінен торды таңдап оны флипчарттың басты бетіне апарыңыз. Кітапхананы жабыңыз. Қаламды басты менюдегі «Қалам» құралына апарыңыз, ACTIVpen бұрышында қызғылт батырма бар. Осы батырманы «Қалам» сөзіне тигізбей басыңыз. Бұл аспаптардың жаңа кешені ашылуына әкеледі. Қызыл түс пен сызудың негізгі енін таңдаңыз. Модификатор тізімінен – көлденең сызықты құралын таңдаңыз. Бұл құралдың көмегімен сіз біздің графиктің абциссасының осін сыза аласыз: 1. Сіздің сызығыңыз басталатын жерді басыңыз. 2. Қаламды тақта үстінде ұстай отырып, сіздің сызығыңыз бітетін жерге апарыңыз. 3. Аяқтау үшін қаламды жіберіңіз. 4. Енді “Тік сызық” құралына басыңыз және сіздің графигіңіздің ординатының осін сызыңыз. 5. «Тікбұрыш» құралын басыңыз. Осы құралды пайдаланып ба ғандық диаграмма салуға болады. 6. Көлденең және тігінен қиылысатын нүктені басыңыз.7. Диаграмманың бағанын салу үшін қаламды тақтада ұстай отырып, оны жоғары көтеріңіз. Көшіру кезінде бағанды көруге болады. Сіз қалаған баған болмайынша қаламды жібермеңіз. 8. Сіз кез-келген уақытта ұнамаған әрекеттеріңізді болдыртпауыңызға болады, ол үшін мына - құралды қолданады. 9. Жоғарыда көрсетілгендей, өзіңіздің диаграммаңызға тағы үш баған қосыңыз. 10. Барлық әрекеттерден кейін қаламның модификаторлар терімін жабыңыз.
ACTIVinspire программасындағы мәзір қатарында орналасқан «құралдар» батырмаларының көмегімен флипчарт құр Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.Келесі бет. Флипчарттың келесі бетіне өту. Флипчарттың соңына жаңа беттерді қосады.Алдыңғы бетФлипчарттың алдыңғы бетіне өту. Мәтінді тану.Қолмен жазылған жазуды машинаға ауыстырады.Форманы тану. Кез келген форманы дұрыс геометриялық формаға айналдырады.

Мультимедиалық сыныпта сабақ өткізуге байланысты ІТ құралдарын қолдану

Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді. Интерактивті – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі т үрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі – ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялы қ проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек. ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен «тыш қан» құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам «тышқан» құрылғысының қызметін атқара алады. ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда «rollover» және «hover» ат қаруға өте қолайлы.ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тесті ң нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақтайды. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.


Интерактивті тақтада сандарды енгізу және оларды өңдеу Құралдар тақтасында тағы да арнайы жасалған үш құралдар бар: бөлшек, экран пернетақтасы және циркуль. Бөлшек құру - батырмасын шерткенде «Фрагмент құру» жаңа терезе ашылады. Ескерту: бөлшек тақта немесе планшет компьютерге қосылғанда ғана жұмыс жасайды. Төменгі жоғарғы бөліміне 1 және төменгі бөліміне 2 санын жазыңдар да, «Флипчарт бетіне қосу» батырмасын шертіңдер. Бөлшекті экранға шығарғанда Мәтін қолданылады. Бөлшекті өшіріп бөлшек құру тақтасын жабыңдарACTIVstudio-ны іске қосыңдар және Менің флипчартымнан Флипчарт 5 ашыңдар. Бетті таңдап 7 бет құрыңдар. Қайталап сақтаңдар Флипчарт 6 атымен сақтаңдар. Сандар тақырыбын жазыңдар. Мәтінді редакторлеу құралдарын жабыңдар. Негізгі құралдар тақтасын іске қосыңдар. Сызғыш (см) құралын таңдап алыңдар. Сызғыш бетте пайда болуы керек. Сызғыштың төменгі жағына меңзерді қойсаңдар, меңзер+ таңбасына айналады. Бұл сызғышты қозғалтуға мүмкіндік беретін таңба. Сызғышты терезенің ортасына қойып, меңзерді оның жоғарғы жағына орналастырғанда меңзер айналдыру таңбасына ауысады.Сызғышпен жаттығыңдар, айналдыру бұрышына көңіл бөліңдер - сызғышпен горизонталь аралығында – сызғыштың ортасында көрінеді. Сызғышта екі рет шертіңдер, математикалық құралдар тақтасы ашылады. «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш ұзарады. «Объектінің көлемін кішірейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш қысқарады. Өшіру батырмасын шерткенде сызғыш жоғалады. 3. Сызғыштың көмегімен үшбұрыш салу. Қайтадан сызғышты (см) таңдап алыңдар. Құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты екі рет шертіп ұзындығын 16 см өзгертіңдер. Математикалық құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты флипчарт бетінің төменгі жағына қойыңдар. Негізгі құралдар тақтасынан Қаламды таңдаңдар. Меңзерді сызғыштың үстіне келтіріңдер, меңзер қарындашқа айналады түзу сызық жүргізуге болатын. 0-ден 16-ға дейін сызық жүргізіңдер. Сызғышты сағаттың бағытына қарсы айналдырып 40 градусқа 0-ден 16-ға дейін сызық жүргізіңдер. Сызғышты айналдырып үшінші сызықты салыңдар да: А,В және С әріптерімен бұрыштарын белгілеңдер.
ACTIVinspire программасында дыбыстық ақпараттарды қолданып флипчарт құр Таңдалған объекті мен ашық тұрған шолушыларымен бірге:1.«Ағымдағы белгіленгендер» («Текущее выделение") бөлімінен «Беттер қимылы» (Действия со страницей.) таңдаймыз. 2.Фон қою (Задать фон) батырмасын шертеміз.3.Өзгерісті қолдану (Применить изменения) батырмасын шертеміз.4.Қойылған қимылды тексереміз. Объектіге қаламды апарғанда «Фон қою» ("Задать фон") диалогтық терезесі ашылды. Фон мен компоновка таңдаймыз, ОК батырасын шертсек болды. Қосымша ақпаратты алу үшін:Сілтеме > Қимыл> Беттер қимылыСсылки > Действия> Действия со страницей. Объект қимылы – бүтін объектТаңдалған объекті мен қимылдар шолушысы:1.«Ағымдағы белгіленгендер» («Текущее выделение") бөлімінен «Объект қимылдары» (Действия с объектами) таңдаймыз. 2.Төмен жылжытып Белгілеу (Отразить) батырмасын шертеміз. 3.Қимылдар қасиетінен таңдау выбора батырмасын шерткенде, «Объектіні таңдау» ("Выбор объекта")диалогтық терезесі ашылады. 4.Объектіні таңдайық, біздің мысалда мәтінге арналған бұлттар. 5.Өзгерісті қолдану (Применить изменения) батырмасын шертеміз . 6.Қойылған қимылды тексереміз. Бұлтты мәтінге шерткенде айналу бейнесі шығады. Енді ол басқа бетті көрсетеді.

ІТ құралдарының мультимедиалық технологияларын пайдаланып электронды оқулықтар дайындаудың жолдары Электронды оқулықта кітапта жоқ қосымша материалдар беріледі. Электрондық оқулық арқылы оқушы білім көзіне өзі жетеді Электрондық оқулықтар ара-қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.Мультимедиялы энциклопедиялар электронды оқулықтар. Бұндай сабақтарды оқушылар мұғалімнің электронды оқулық тексіне сай құрастырған инструктивті карточканы алады. Онда сұрақтар көрсетіледі, электронды оқулықтан жауаптарды тауып, жұмыс дәптерлеріне жазады; сабақ тақырыбы бойынша қандай суреттерді салу керек екендігі және қандай мағлұматтарды тауып берілген таблицаларға енгізу керек екендігін көрсетеді.
Интерактивті тақтада объектілерді көшіру және оларды өшіру әрекеттері Редакциялаудың көптеген операцияларын орындау үшін (көшіру, орналастыру, өшіру) алдымен мәтінің керекті бөлігін ерекшелеу қажет.Мәтінді ерекшелеу үшін тышқанда, пернетақтада пайдаланылады. Мәтінің әр түрлі үзінділерін ерекшелеу үшін Word бағдарламасында көптеген еркешелеу әдістері бар:-Сөзді ерекшелеу үшін, оған тышқанмен екі рет шерту қажет;-Сөйлемді ерекшелеу үшін- оның кез келген сөзіне Ctrl пернесін басып тұрып тышқанмен шерту қажет;-Бір жолды ерекшелеу үшін- жолдың сол жақ өрісіне тышқанның көрсеткішін орналастырып, бір рет шерту қажет;-Ағымдағы абзацты ерекшелеу үшін- келесі әдістердің біреуін пайдалануға болады:oТышқанның сол жақ батырмасымен үш рет шерту;oБеттің сол жақ өрісіне тышқанның көрсеткішін орналастырып, екі рет шерту; -Барлық мәтінді ерекшелеу үшін- келесі әдістердің біреуін пайдалануға болады:oБеттің сол жақ өрісіне тышқанның көрсеткішін орналастырып, екі рет шерту;oCtrl+А пернелер үйлесімін басу;oБасты қосымшасындағы Редакциялау тобының лентасындағы Ерекшелеу батырмасын басу және менюден Бәрін ерекшелеу командасын таңдау;- Мәтіннің тік үзіндісін ерекшелеу үшін- тышқанмен ерекшелеген кезде Alt пернесін басып ұстап тұру керек;-Мәтіннің бірнеше бөлігін ерекшелеу үшін- тышқанмен ерекшелеу кезінде Ctrl пернесін басып ұстап тұру керек.Сонымен қатар Word бағдарламасында мәтінді ерекшелеуге өте ыңғайлы кеңейтілген ерекшелеу режимі бар.F8 пернесін басып кеңейтілген ерекшелеу режимін қосуға болады.Кеңейтілген ерекшелеу режимі қосылған кезде F8 пернесі пайдаланылады:- Курсор орналасқан жердегі сөзді ерекшелеу үшін бір рет басу керек;-Курсор орналасқан жердегі сөйлемді ерекшелеу үшін екі рет басу керек;= Ағымдағы абзацты ерекшелеу үшін үш рет басу керек;- Бүккіл құжатты ерекшелеу үшін төрт рет басу керек.Кеңейтілген ерекшелеуді өшіру үшін Esc пернесін басыңыз.
Microsoft Excel кестелік процессорында «Сөзжұмбақ» құру әрекеттерін орында Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа. Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б.2- Стандартты аспаптар тақтасы3- Форматтау аспаптар тақтасы. Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады. Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді. Excelде мәлімет енгізу және қорғауExcelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:1. Сан 2. Текст 3. Дата (мерзім) 4. Формула1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады. 2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді. 3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі. 4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.
Мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып сабақ өткізу Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады. Мультимедия (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы. Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі. Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.
Интерактивті тақтада гиперсілтемелермен жұмыс жасау Word құжатында немесе Web-беттерінде тек мәтін мен графика ғана емес, сонымен біре гиперсілтемелер деп аталатындар да болуы мүмкін. Web-беттеріндегі гиперсілтеменің түрі графика бейне де немесе ерекшеленген мәтін түрінде болады.Word гиперсілтеменің екі – ішкі және сыртқы түрін жасайды.Ішкі сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады.1.Берілген сілтемеге шертіп, оқырман көшуге тиісті мәтінді немесе графикалық объектіні таңдаңдар.Мысалы, егер сендер осы сілтеменің көмегімен Web-беттің төменгі жағына көшкілерің келсе, беттің төменгі жағындағы мәтінді ерекшелеңдер.2.Вставка Закладка командасын таңдаңдар. Закладка диалогтық терезесі пайда болады.3.Бетбелгінің атауын енгізіңдер және Добавить батырмасын шертіңдер.4.Ішкі сілтеме қызметін атқаратын мәтінді немесе графикалық объектні ерекшелеңдер.Егер сендер тақырыпты ішкі сілтеме ретінде пайдаланғыларың келсе, тақырыпты ерекшелеңер.5.Вставка Гиперссылка өрісін таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.6.Закладка батырмасын шертіңдер.Выбор места в документе диалогтық терезесі пайда болады.7.Сілтемені онда орнатқыларың келетін бетбелгі атауын шертіңдер.8.Добавление гиперссылки диалогтық терезесін алып тастау үшін ОК батырмасын шертіңдер.Сыртқы сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:1.Сыртқы сілтеме жасағыларың келетін мәтінді ерекшелеңдер.Бұл мәтін оның сілтеме болып табылатынын айқын көрсетуге тиіс және мәтіннен оның неге сілтеме жасайтыны көпе-көрнеу аңғарылуы керек. Немесе сілтемемен қатар сипаттама мәтінін орналастырыңдар, ол да осы гиперсілтеменің неге меңзейтіні туралы оқырманға бағдар береді.2.Вставка – Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.3.Введите имя файла или Web-страницы өрісін өздерің қосылғыларың келген Web-тораптың URL-ін (мекен-жайын) енгізіңдер. Мысалы, егер сендер Web-беттеріңді «Диалектика» баспасының бетімен байланыстырғыларың келсе, http://www.dialektika.com. мекен-жайын енгізіңдер.4.ОК батырмасын шертіңдер.Сілтемелерді алып тастау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:1.Гиперсілтемені ерекшелеңдер2.Вставка Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.3.Удалить ссылку (гиперсілтемені алып тастау) батырмасын шертіңдер.
Microsoft Excel кестелік процессорында тест құруға байланысты мәтіндерді енгізуді орында.

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады. Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.
Пән бойынша сабақ өткізуде Интернет желілік ресурсын қолдану.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың сол сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танылуылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі ушін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсай отырып,нәтижеге бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жете алуында.Мұғалім сабақ материалын презентация түрінде береді.Соныменқатар,материалдың құрамына кесте,диаграмма,сурет,графиктер қоса алады.Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете және өзгерте алады.Қолданылған материалды есте сақтап,қажет жағдайда қайталап қолдана алады.Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді.Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.Алдын ала дайындалған оқу материалдары презентациялар,мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін және ақпарат ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға,интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.”Прожектор”және “Шторка”құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған.Тақырыпты қорытындылау сабақтарында тест тапсырмасын бере отырып,дұрыс жауапты “Шторкамен” жауып,лезде дұрыс жауаптарға тексеруге,қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Оған қоса,бұл режимде оқушыларды түрлі сөздіктермен жұмыс жасауға үйретуге болады. Шетел тілі сабағында Интернет жүйесін қолдану қазіргі кезде дүние жүзінің дамыған елдерінде дұрыс жолға қойылған.Интернет арқылы оны қолданушылар электронды почта,телеконференция,видеоконференциялардан мәліметтер алып,іздеу және желіден сөйлесу жүйесіне ене алады.Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетітің оқытушысы Е.В.Сычаева өз тәжірибесімен бөлісе келе Интернет желісін қолдана отырып,оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге болатынын айтады:
-оқушылар бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы оқуға қажетті білік дағдылар қалыптасады;
-жүйеден алынған материалдар арқылы монолог және диалог түріндегі сөз біліктілігін жетілдіруге болады;
-әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып шәкірттер реферат дайындауға,шығармалар жасауға төселеді,яғни,жазу шеберлігін ұштайды.
Әлемнің барлық үлкен газеттерінің интернетте арнайы Web-беттері бар,сондай-ақ ВВС ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай,тыңдауға да мүмкіндік бар.Электронды почтаны қолдану барысында балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып,шетел тілін түрлі салада,түрлі деңгейде қолдануға жаттығады.Электронды почтаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді жақтары бар:
1)электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;
2)хат жазу арқылы оқушылар өз қателерін түзетуге дағдыланады;
3)e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылық арттылады;
Интерактивті тақтада мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану.

Интерактивті тақтамен өткен сабақтардағы тапсырмаларды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де балаларды білімді игеріп оны басқа да практикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады. 
Осындай сабақтардың өткізу барысында мынадай өзгерістер байқадым 
Дәстүрлі сабақтағы нәтиже Интерактивті тақтамен өткен сабақтартағы нәтиже 
Мәні Білім, ептілік, дағдыны меңгерту Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі 
Мақсаты Білім, ептілік, дағдыны игерту Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет қабілеттерін дамыту 
Дамытудың негізгі факторы Білім, ептілік, дағдының дәрежелері Соған қоса маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі 
Microsoft Excel кестелік процессорында тест құруға байланысты логикалық

функциялардың көмегімен тестің дұрыс жауабын шығаруды орында.

Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындауға
Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды. 
Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды. 
Кестеге жол, баған немесе ұяшық қосуды. 
Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды. 
Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды. 
Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды. 
Пайдаланушының өзі құрастырған формула бойынша немесе кестелік процессорда бар
Кесте деректері бойынша диограмма құруға және оларды кестеге кірістіруді. 
Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды. 
Microsoft Excel-ді іске қосу үшін Пуск – Программы –
Microsoft Excel іске қосылғаннан кейін оған ақпарат енгізілетін жұмыс
Сурет 1 Excel жұмыс кестесі және оңың элементтері 
Жұмыс кестесінің элементтері. 

Айналдыру жолағы – жұмыс кестесінің дәл қазір экранда көрінбей
Бөлудің кішкене бөлігі – кесте терезесін екі бөлікке бөледі,
Жол номері - әрбір жолды анықтайды және жол таңдау
Баған тақырыбы - әрбір бағанды анықтайды және баған таңдау
Кестелік меңзер – таңдалған ұяшықты көрсетеді. 
Таңбалар – жұмыс кітабында парақ таңдау үшін қолданылады. 
Стандартты аспаптар панелі – стандартты операцияларды орындауға арналған командаларды
Пішімдеу панелі – пішімдеудің стандартты операцияларын орындайтын батырмаларды, мысалы,
Формулалар жолы – активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. 
Қалып-күй жолы – EXCEL-мен жұмыс істеу барысында әр түрлі
Айналдыру батырмасы – жұмыс кітабы беттерінің таңбалары бойынша орын
Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беті
Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған


Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданып сабақ өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады
Интерактивті тақтадағы кітапхана ресурстарымен жұмыс жасау.

Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар


тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.

  1. Жалпы / Менің коллекциям
    2. Жалпы / Менің түсім
    3. Жалпы / Менің торым
    4. Жалпы / Менің кескінім
    5. Жалпы / Менің мәтінім
    6. Жалпы / Менің формам
    7. Жалпы / Менің сызбам
    8. Жалпы / Менің ескертпем
    9. Жалпы / Менің дыбыстарым
    10. Жалпы / Менің флипчартым
    11. Жалпы / Менің флипчарт беттерім
    12. Жалпы / Менің лентам
    13. Жалпы / Менің көрсеткіштерім
    14. Жалпы / Менің бейнем
    15. Жалпы / Менің веб-сілтемелерім
    16. Жалпы / Менің іс-әрекеттері


Microsoft Excel кестелік процессорында тест құруға байланысты макростың көмегімен тестің нәтижесін шығаруды орында.Microsoft Office Word бағдарламасында (Excel, PowerPoint,… үшін де) жиі қайталанатын амал-әрекеттерді Макросқа жазу арқылы автоматтандыруға болады. Макрос – бұл командалар мен нұсқаулардың біріктіріліп топтастырылып, автоматтандырылған бір командаға жинақталған түрі.
Макростар:
Өңдеуре, форматтауға арналған жиі қолданатын амалдарды тездету үшін

Бірнеше командаларды біріктіру үшін

Күрделі сатылы амал, әрекеттерді автоматтандыру үшін қолданылады.

Макорсты бағдарлама ішінде әрекеттеріңізді жазып отыру арқылы құрсаңыз да немесе Visual Basic бағдарламалау тілінде өзіңіз жазссаңыз да болады.
Visual Basic бағдарламалау тілінде өзім макрос жазып білмейтін болғандықтан ол жайында ештеңе айта алмаймын. Мен тек Офис бағдарлама интерфейсін қолдану арқылы макросты жазуды көрсетемі.
Модульдік оқыту технологиясын қолданып сабақ өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.

Қазіргі кезде арнайы оқу орындарында жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен, академик В.И.Монаховтың  технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», т.б.Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп тәжірибеден жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр оқытушы өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады. Мен өз оқушыларыма М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым — өз бетімен дами алатын, өмірдің әр түрлі қызықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат -оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.


PowerPoint редакторында дайындалған презентациялардан флипчарт дайындау жолдары
Microsoft Excel кестелік процессорында тест құруға байланысты логикалық функцияның көмегімен тестің нәтижесінен алған бағасын шығаруды орында
Жаңа педагогикалық технологияның түрлерін қолданып сабақ өткізуде интарактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.

Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар, технологияның
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені ХХІ
Мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған, оң нәтижесін танытып
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім
Мақсаты: 
1.Мектептегі педагоикалық технологиялардың мәнін ашу. 
2.Жаңа және дәстүрлі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері, түрлері, қызметтерімен
3.Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру. 
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, ІІ тараудан, оның әрқайсысы
І тарау. Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы
«Педагогикалық технология» ұғымының әртүрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің
Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos –
А) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың
ә) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе
40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру
оған түсінік берудің екі бағыты анықталды

Интерактивті тақтада ойын элементтерін қолданудың тәсілдері.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.Сонымен қатар, бастауыш сынып  сабақтарында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын » ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

Ойын – сауық

Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

Әлеуметтендіру

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.


Microsoft Excel кестелік процессорында тест құруға байланысты гиперсілтемелерді қоюды орында
IT құралдарын пайдаланып дидактикалық бірнеше мәселелерді шешу

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.Дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген,ал сондай-ақ  дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.Ақпараттық технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп  қарауға болады. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.Дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген,ал сондай-ақ  дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Интерактивті тақтадағы программалардың мәзір қатары

ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Active Inspire іске қосу:Пуск- Все программы – Active Software- Active Inspire- Active Inspire арқылы немесе Жұмыс үстеліндегі Active Inspire батрмасын шерту арқылы іске қоса аламыз.



ҚАЛАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ACTIVpen қаламы компьютерді, қолданбалы және операциялық программаларды басқарудан басқа, сыныпта презентация өткізуге немесе үлкен жиындар өткізгенде экранда жұмыс жасағанда, элементтерді немесе суреттерді таңдаған кезде ACTIVboard тақтасында қолданылады.Тақтада жұмыс жасау барысында ACTIVpen қаламы «өздігінен бапталады». Тақта жаңа қаламға бапталуы үшін оны тақтаға жайлап жақындату қажет. Қаламның ұшы тышқанның СОЛ жақ батырмасының қызметін атқарады. Ал жанындағы батырма тышқанның ОҢ жақ батырмасының қызметін атқарады.

66.ACTIVinspire программасымен оффистік программалардың байланысын орында

  • Менің ресурстарым бөлімін пайдаланып қажетті суреттерді қою жолдарын үйрету;

  • Беттерге сілтеме қоюды және сабақ жоспарларын құруды үйрету;


Кілттік сөздер: ресурстар шолушысы, беттер шолушы, ескертпе, бейне жазба т.б.

Менің ресурсым бөлімін пайдалана отырып, беттің фонын қойып, Word тан мәтіндерді аламыз. Ал анимациялы суреттерді Менің ресурсым бөлімінен таңдап қоямыз.

Бейне жазу жолдары:қосымша құралдар-экран бейне жазбасы құрылғысы-толық экран бейне жазбасы құрылғысы-бейне жазба құрылғысы файлын сақтау- қалай сақта-Бейне жазбаны сақтайды.Флипчарт бетінде жасаған сабақтарымыз және сызбалар барлығы толығымен жазылып сақталады.



67.Демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны  пайдаланудың тиімділігі

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
Жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;
Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;
Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға, баспаға беруге болады және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;Оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады;Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқытудың жаңа құралдарының бірі болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық, электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланылып отыр.Ақпараттық қоғамның негізігі талабы:оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру:логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту:ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру:ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту ар-қылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүние танымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:мектептің материалдық-техникалық базасына;ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;
педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;
оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді болуына;Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу-іне жағдай жасайды.Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы:
•пән бойынша базалық білімді меңгеру;
•алған білімді жүйелеу;
•өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
•жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
•оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадыны іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенін 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі.
Интерактивті тақтада ашық тест түрлерін дайындаудың жолдары

ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote2 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.



ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.


ACTIVstudio программасында кітапхана ресурсын қолданып флипчарт құр

Ресурстар көмегімен құруға болады. Яғни жаңа флипчарт бетіне Жалпы ресурстар бөліміндегі:

Действие и шаблоны – Шаблоны (ответ ученика) бөлімінен

Действие и шаблоны –Инструменты для разработки урока- Компоновка для вопросов және Области для вопросов деген бөлімдерінен өзімізге қажетті түрін таңдап орналастырамыз.


Дәстүрлі емес сабақтарда ІТ құралдарын пайдалану

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында ІТ – технологияларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Пайдаланып жүрген білімді ақпараттандыру құралдары мен форманың көптүрлілігі оқу үрдісінің дидактикалық тиімділігін максималды жетістікке жеткізілуі тиіс. Сонымен бірге, қазіргі кездегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жекелеген құралдарын әр түрлі сабақтарда, мәселен, математика, тәжірбиелік зерттеу және өздігінен оқуға, сондай - ақ оқушылардың ақпараттық өңдеу әрекетінде алған білімдерін көрсету кезінде кешенді түрде пайдаланған кезде ғана дидактикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.Білім беру үрдісіне электрондық құралдардың енгізілуі білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашатындықтан аса маңызды болып отыр. Электрондық оқулық - қазіргі таңда оқытудың барлық жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда. Бұл дәстүрлі оқыту түрін жоққа шығару емес, керісінше, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа түрлерімен толықтыру қажеттілігін уағыздайды. Ақпараттық технологияларсыз оқыту тиімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті оқу орны қатарына қосылу мүмкін емес.Тұтас дәуір демесек те технология ғасыры адамзат дамуының бір кезеңін қамтитын уақытқа жетіп қалды. Жүрдек пойыз жылдамдығын еске салатындай өте жедел қарқынмен дамып келе жатқан ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз пайдасына жаратып, бүгінгі таңда тұрақты пайдаланушылар саны 1, 5 млрд. адамнан асыпты.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет