1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы және Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы



бет3/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.1 Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы және Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы

Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі тәрбие сан түрлі тұрғыдан қарастырылады: дәстүрлі ресми тұрғыдан, сондай-ақ баламалы жүйелер де баршылық. Олардың барлығы азды-көпті коммунистік тәрбиені түбегейлі алмастыруға тырысады.


Коммунистік тәрбие жүйесі 1918 жылы В. Ленин, Н. Крупская, А. Луначарский, А. Макаренко және басқаларымен құрылған болатын. Ол Кеңес одағы кезінде 90-шы жылдардың басына дейін мемлекеттік жүйе ретінде өрбіді. Қазіргі кезде ол үлкен өзгерістерді басынан кешіруде, әйтсе де қазіргі заманғы білім беруде оның көптеген ережелері өз мағынасын сақтап қалған. Коммунистік тәрбиенің мақсаты жан-жақты дамыған, ұжымшыл азаматты, коммунизм мұрағияттарының өз ісіне берілген, саяси белсенді, отансүйгіш және интернационалистік, еңбекке коммунистік тұрғыдан қарайтын қасиеттері бар социалистік көзқарастағы тұлғаны қалыптастыру еді.
Тәрбие коммунистік бағытта және партиялыққа, коммунистік құрылыс пен өмір тығыз байланыста тәрбиелеу, ұжымда және ұжым арқылы еңбекке баулу, іс-әрекет пен сана-сезім бірлігі, педагогикалық басшылықтың ынта-ықыласы мен оқушылардың өнерпаздығының үйлесімділігі, саналы сұранысқа сай баланың жеке басына деген құрмет, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға оң ықпал ету, жүйелі және өзіне тиесілі педагогикалық ықпал, мектеп, отбасы және қоғам тарапынан біртұтас педагогикалық талаптар тәрізді ұстанымда жүрді. Тәрбиенің осындай талаптар жүйесі білім беру ошақтарында жан-жақты жүзеге асырылды. Ол тәрбие мазмұнын былайша сипаттады: идеялық-саяси, адамгершілік, еңбек, құқықтық және т.б. Тәрбие құралдары мектептегі тәрбие жұмысы, оқу және еңбек ұжымдары, ұжым болып еңбектену мен қоғамдық қызметтен құралды.
Ұзақ жылдар бойы ресми мемлекеттік мәртебеге ие болған осы тұжырымдаманы бағалауға келсек, оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуіміз керек:
- КОКП-ның саяси аппараты тәрбие жүйесі арқылы тұрғындардың идеологиялық бетбұрыстарын жүзеге асырды, бірыңғай ресми көзқарасты жүктеді;
- ұжым тұлғаны басу құралына айналды, конформистерді қалыптастырды;
- тәрбиенің мақсаты мен мазмұны тұлға үстінен қарауға, яғни тұлғаның емес, мемлекет пен өндіріс тұсынан құрылды;
- көбінде тәрбие ісінде авторитарлық әдістер пайдаланылды.
Қатаң идеологиялық тәрбие жүйесі кеңес заманындағы психология мен педагогиканың бай тәжірибесі мен объективті жаңалықтарын аша түскен жоқ. Л. С. Выготскийдың мәдени-тарихи мектебі, А. Н. Леонтьевтың теориялық қызметі, А. Макаренконың ұжымдық тәрбиесі, В. А. Сухомлинскийдің гуманистік педагогикасы және 60-80 жылдардағы жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесі әлемдік ғылымға үлес қосып, қазіргі заман педагогикасында өз маңызың сақтап отыр.
Тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдамаларының негізгі элементтері Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарында және басқа нормативтік құжаттарда да байқалады. Бұл көзқарасты тұлғаға бағытталған тәрбие негізіне жатқызуға болады, оның басты мақсаты тұлғаны өзін-өзі дамытуда ынталандыру, тұлғаның негізгі білімін және тұлғаның мәдениеттілігін әрі қарай дамыту, өмірде өзін-өзі билеу болып саналады. Тәрбиенің мазмұны тұлғаның бастапқы мәдениетімен сипатталады, оған өмірде өзін-өзі билеу мәдениеті, отбасылық қатынастар, қарым-қатынас мәдениеті, ақыл-ой және зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, дене, экономикалық, экологиялық, еңбек және құқықтық мәдениеті кіреді. Тәрбиенің әдістері мен формаларына: клубтар, балалар мен үлкендердің мүдделік бірлестіктері, оқытудың дәстүрлі және жаңа формалары және тәрбие жүйесіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы (демалыс орталықтары, қоғамдық қозғалыстар, өнерпаздық ұйымдар) жатады.
Бұл тұжырымдаманы сипаттайтын негізгі белгісі – тәрбиенің коммунистік идеологияға тәуелділігін жою; жеке тұлғалық бағыт-бағдарда тәрбиелеу – айқын мақсаттар қойып, мемлекет мүддесіне емес, оқушылардың сұранысы мен мүдделеріне қарай тәрбие мазмұны мен әдістерін икемдеу, оқытушылар мен оқушылардың қарым-қатынасында демократизм мен гуманизм әдістерін пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет