1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Педагогикадағы экзистенциализм



бет9/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.3.4 Педагогикадағы экзистенциализм

Классикалық экзистенциализм – еуропалық зиялы қауымның қайғылы философиясы. Дегенмен оның басты ережелері тәрбиемен және оның теориясымен қатар қолданылуы сирек кездессе де, осыған қарамастан ол экзистенциалды педагогиканың әдістемелік негізі болып саналады.


Экзистенциализм бойынша, адам болмысы экзистенция кейпінде айқындалады – адамның өзіндік Меніне назар аударуы. Болмысты экзистенцияны танып–білу өзінді тану, өз өмірін үшін қимылдау, уайымдау және жауапкершілікпен қарау арқылы жүзеге асады. Дүние ақыл–парасатпен емес, сезіну арқылы, сезімнің көмегімен танылады; әлем бір қалыпты емес, оның объективті заңдары жоқ. Тұлға бірегей келеді, және оларды әр қайсысының өз шындығы бар. Адам өзінің ішкі Менімен санасуы қажет, бұл оның тәжірибесі, білімі, шығармашылғының көзі. Қоғам, әсіресе ұжым бірізділікке бағыттайды, шынайы өмірде еркіндік болмайды. Міне, дәл осылар арқылы экзистенциализмнің педагогикалық ережелерін шығаруымызға болады.
Тәрбиенің ғылыми теориясы болуы мүмкін емес, себебі жеке тұлға және оның мінез–құлқы қайталанбас, бір–біріне ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді. Сондықтан мектеп жеке тұлғаны белгілі бір қасиеттерге жіктемеуі керек. Мектептің міндеті – оқушының өзін–өзі танып–білуіне жағдай жасауы қажет, күрделі әлемде өзінің өмір сүруінің мағынасы мен тәсілінің анықтауына, өзінің ешкімге ұқсамайтын жеке қасиеттерін аша түсуіне жол ашу. Мұғалімнің міндеті – адам этикасын түсіндіру, экзистенция болмысының негізін, моральдік таңдаудың өзектілігін, өмірде өзін–өзі анықтап, іздеп–табуына ықпалдасу. Мұғалім дәстүрлі мектепте жүзеге асатындай тек өз пікірін ортаға салып, оқушылардың құндылықтары мен көзқарастарының дамуына міндеттеу түрде әсер етуге болмайды.
Тәрбиенің басты әдісі – диалог, қысқа да нұсқа, танымдық әңгімелесу, мұның нәтижесінде өзін–өзі талдау, өзін–өзі түсінуге деген ұмтылысы өрбиді және өмірге тікелей сыни көзбен қарауға үйретеді.
Экзистенциалды педагогика ұжымдық тәрбиені жоққа шығарады және мойындамайды, себебі жеке адам әлемде қайталанбайды және әр қайсысы өз тағдыры мен ар–ожданын құруда өжет келеді. Көпшілік әрқашан кескінсіз әрі сұрықсыз, ал жеке тұлғада өзіне тән ерекшелігі мен шығармашылық бастауы орын алады. Мұндағы мектеп міндеті – жеке адамның шығармашылық бастауына қолдау көрсетіп, оның әрі қарай дамуына ықпал жасап,оқушының креотивтілігін ынталандыру түсу.
Неміс экзистенциалисті О. Ф. Больнов 50-ші жылдары «жағымды экзистенциализмін» ұсынды – былайша айтқандағ жеке тұлға этикасының оңтайлы нұсқасы деп санаған. Оның ойынша,сондай–ақ классикалық экзистенциализмді жақтаған Ясперс, Сартер және басқалары айтқандай, адам күйзеліске ұшыраған жағдайда уайымдау, кінә тағу, ашыну арқылы емес, адам (мектепте осыған үйрету керек) байсалды ақыл–парасатымен шешіп, өмірге шыдамдылықпен қарап,бар қиындыққа төтеп беруге дайын болуға, оның тағдырын ұлы күш анықтайды деген сеніммен алға жылжып, өмірге, ортасына, тағдырына деген бойында сенімділігі ұялап, қанағат тұтушылықпен өмірді сол қалпында қабыл алуы. Больновтың ұйғаруынша сенім, үміт, қанағат – осы үш адамгершілік құндылық классикалық экзистенциализмде тығырыққа тірейтін көзқарас. Ол негізгісін ысырып тастамайды: экзистенциалды тәрбие адамның жеке дара бағытын айқындаған, топқа қарсы тұра алатын, қоғамды жоятын, өзін–өзі тапқан және өзінің өмір сүру мағынасын білетін адамды қалыптастырды.
Бұған австриялық психолог-экзистенциалист В. Франкелдің логотерапиясы жақын келеді. Оның ойынша, адамның өмір сүруі (экзистенция) оның өз болмысының мағынасын табуына тәуелді. Бұл оның пікірінше, білім беруде басты қағида болып саналады: «... білім берудің негізгі міндеті дәстүрлер мен ілімнің берілумен қанағаттанудан тұрмайды, адамдардың таңғажайып мағыналарды ашуына мүмкіндік жасауы үшін қабілеттерінің өсіп–өрбуінде».
Оның ойынша, экзистенциалды кеңістік кезінде білім беру жүйесінде «түпнұсқаға тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті» дамыған. (4.295. інде
Тәрбиенің мұндай тұрғысында көптеген тартымды, әсіресе нәзік еуропалық зиялы қауымға: тоталитаризм мен конформизмге қарсы тұратын тұлғаның терең жеке дара қалыптасуы. Басқа жағынан алғанда, «экзистенциалды» тұлғаның қызығушылығы мен іс әрекеті шеңберінде өзіндік рефлексиясы шектеулі, өзінің ішкі Меніне бағытталған, шын мәніндегі өмірде адамды түрлі жұмыстардан белсенділігінен айырады. Бұл экзистенциалды педагогиканы таңдаулы педагогикаға айналдырады. Сондай ақ мұның педоцентризммен көп ұқсастығы табылады, және оның кейбір бөліктері білім саласының құндылықтары мен шет елдегі тәжірибеге әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет