1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Гуманистік педагогика (неопедоцентризм)



бет7/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.3.2 Гуманистік педагогика (неопедоцентризм)

Педагогикалық тұжырымдама атауын бір ғана терминмен жеткізу қиын, көптеген педагогтардың күш салып, бірігіп құрастырған теориялық тұтасығын көре алмаймыз, алайда ол сан ғасырлар бойы мамандарды қызықтырып келе жатқан ғылым ретінде бізге белгілі. Ең бастысы бұл бағыт тәрбиені сипаттайды, яғни баланың шығармашылық дамуына жағдай жасауға көңіл аударады.


20-ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон Дьюи (1859-1952) негізін салған педоцентризм, сондай-ақ, педагогикалық прагматизм атауларына ие болды. Ол 20-ғасырдың басындағы педагогикалық ізденістерде М. Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф педагогикасында «еркін тәрбиеде» орын алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс және басқалардың еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды. Олар психология бағытында білім саласында кеңінен құлаш жайған психологиялық қағидалар гуманистік психологияда тарады. Педагогикалық еңбектерде бұл гуманистік педагогика, неопедоцентризм деген атауға ие болды.
Джон Дьюи өзінің тәрбие беру теориясын жасағанда прагматизм философиясын негізге алған, яғни оның негізгі түсінігі  іс, тәжірибе. Мұнда адам өз шығармашылығын дамытуда өз тәжірибесіне сүйенеді деген мағынаны білдіреді. Объективті ғылыми білім, адамгершілік нормалардың заңдары мен ережелерінің бірыңғай жалпы мағынасын бермейді. Олар тек адамның табысқа кеңелу жолындағы шешім қабылдауы және жағдайлардың талдау құралдары. Жеке табыс  осы ғылым өлшемі, білім мен адамгершіліктің рөлі, шындық пен адамгершілік бұл нағыз табысқа әкелетін жол. Тәжірибе, «табиғи» түйсіктер және баланың қызығушылықтары, шығармашыл қабілеттерінің дамуы, шығармашылық арқылы оқыту  бұл Дж.Дьюи педагогикасының басты санаты. Ол дәстүрлі мектептегі мұғалімнің догматикалық, өктемдік бағытын, жады мен жаңғыртуға негізделген, оқытудың түсініктемекөшірмелі, түсіндіру әдістерін, оқушының жеке тұлғасына деген көңіл аудармаушылықты сынайды. Дж.Дьюи педоцентризмнің негізін қалады: педагогиканың барлық категориялары (оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері) баланың сұранысына, қызығушылығына сай анықталуы қажет. Оқу үрдісінің негізі  бала, мектеп пәні мен мұғалім емес. Бұл педагогикада шын мәнісіндегі жаңа қадам болды. Мұнда үлкендердің балалармен кенеттен жасалған шығармашалағын, білім алып, дамуына көмек көрсетуін меңзейді.
20-ғасырдың ортасында прагматизм салдарынан мектеп оқушыларының академиялық білім және адамгершілік даму деңгейлері онша жоғары көрсеткіште емес екендігі анықталды. Ғылымитехникалық революция білім деңгейін көтеруді, интеллектуалдық және адамгершілік дамуының өрлеуін мақсат тұтты. и Гуманистік психологияның өкілдері оқытудың технократикалық тұжырымдамасын, бихевиоризм, оқушыны технологиялық үрдістің бір бөлігі ретінде қарауы, мінезқұлық әрекетінің жиынтығы, айлалы әрекет нышаны үшін оқыту технологиясын сынай келе, тұлға көзқарасына көшуді ұйғарды. Гуманистік психология жеке тұлғаны күрделі, қайталанайтын жоғары құндылықты, қажеттілік иерархиясы қауіпсіздігіне ие, сүйіспеншілік, құрмет тұтатын қасиеттері бар адамдарды түсінеді. Тұлғаның жоғары сұранысы  ол өз мүмкіндіктерінің белсенді қалыпта іске асырылуы. (А. Маслоу). Көпшілік адамдар ішкі жан дүниесі қалыптасып, дамыған тұлға болуды қалайды.
К. Роджерс бойынша, «толғымен қалыптасқан адам», ол  өз сезімін, сұранысын, мойындайтын, барлық білім көздерін қабылдай алатын, өзінің табиғатына жауап беретін ісәрекетті тандай алатын, жауапкершілігі мол адам. Ол өзгерістерге және жеке тұлғаның өзіндік дамуы мен өсуіне дайын тұрады. Мұнда Дьюидің прагматизм мен педоцентризмінің «іздерін» көруге болады: тәжірибеге сүйену, табиғатына, қызығушылығына қарай қолдану, мектеп, қоғам тарапынан болатын теріс ықпалды қабылдамауы.
К. Роджерс оқушылармен педогогикалықпсихологиялық жұмыста атааналар мен мұғалімдерге психотеропевтік көмек көрсетудің қағидаларын, баланы қолдау, оны дамытуда көмек көрсету тәсілдерін анықтайды. Басты қағидалардің бірі  балаға деген қалтқысыз сүйіспеншілік, баланы сол қалпында қабылдау, оған оң көзбен қарап, дұрыс қатынас жасау. Баланың қылықтарына қарамастан, оны жақсы көретіндігін білуі қажет.Ол өзіне сенімді болған жағдайда дұрыс қалыптасуынанегіз бар, ал кері жағдайда, бала теріс бағытта қалыптасады. К.Роджерстің зерттеуі бойынша психолог, гуманистік ұстаз екі негізгі: эмпатия мен конгруэнтты қасиетті және актуалды тұлға болу керек. Конгруэнтты  бұл оқушылармен қарымқатынастағы шынайылық, өзіменөзі бола тұра, ынтымақтасуға да мүдделі болу. Эмпатия  өзгенің жағдайын сезініп, түсіне білу. Бұл екі қасиет ұстазактуализатор тұлғасының бойында дұрыс педагогикалық бағытты дамыту үшін көмек беруге дайын болуы керек.
Эмпатикалық қарымқатынас техникасында мынандай әдістер қолданылған: Мен  ойымды жеткізуші, белсенді тыңдаушы, баланы қолдауда көз және басқасы арқылы қатынас білдіруші. Олардың жәрдемімен баламен қатынас ұйымдастырылады, олар арқылы оның өзіндік санасезімдері мен өзіндік дамуын ынталандырады. К.Роджерс психотерапиялық қағидалары мен әдістері мектеп, оқыту, тәрбиеге бөледі. Гуманистік психологиясы өкілдерінің ұйғаруынша, оқушыны нысана еткен, оқытуға барынша ұмтылған мұғалім педагогикалық қатынасудың мынандай ережелерін берік ұстанулары қажет:
- Балалардың бойына сенімділік ұялату;
- топтар мен жеке адам алдына қойған мақсаттарды тұжырымдауды балаларға үйрету;
- балалардың бойындағы оқуға деген уәжге қарай бағамдау;
- оқушыларға барлық сұрақтар бойынша тәжірибе көзі ретінде бола білу;
- эмпатияға ие болу  оқушының жеке тұлғасын түсіне білу, ішкі көнілкүйін сезіну, және оны пайдалану;
- топтық өзара қарымқатынастарында белсенді қатысушылардың бірі болу;
- топта өзінің ойын ашық түрде жеткізе білу, оқытудың жеке дара бояуын келтіре білу;
- оқушылармен жылы қарымқатынаста еркін сөйлесе білу стилін меңгеру;
- өзөзіне о баға бере білу, бірқалыпты сезім күйін көрсету, өмірге деген құштарлығы мен қзіне деген сенімділігі мықты болу.
Батыста, әсіресе АҚШта бұл тұрғыда өзінөзі тәрбиелеу мақсатында мұғалімдер мен атааналарға арналған құралдар көптеп табылады. Педагогикалық ЖООда студенттерді гуманистік тұрғыда оқыту, атааналарға арналған көмек көрсету орталықтарында атааналарды оқыту жұмыстары жүргізілді.
Гуманистік педагогиканың нысанасы, ең алдымен, баланың ішкідүниесіне көңіл бөлуіне оқыту арқылы оқушы тұлғасының дамуына бағыт беру; екіншіден, бала оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіру. Алайда бұл жағдаяттардың қалыптан тыс ұлғаюы жетіспеушілікке әкеп соғады. Білім беру мен тәрбиені балалардың тек қана қызығушылықтары мен өнерпаздығын ескере отырып құруға болмайды. Бұл оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне және үлкендердің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік және моральдік тұрғысынан қауіп тигізуіне әкеліп соғады. АҚШ тәжірибелерінен аңғаратын жайт, бірнеше ұрпақтардың бейнесінен мінез-құлықтарындағы моральдік жауапкершіліктерінің төмендегенін көрсетеді, «мысқылдап айтқанда, жеке тұлғаға көңіл аударғанда дегумнизация үдерісінің күшеюіне әкеп соғады, яғни, адамдардың бір-бірінен алшақтануы» дейді сол бағытты ұстанушы көшбасшылардың бірі. Әрине, бұның көптеген әлеуметтік себептері бар, және олар біртұтас кешенді құрайды, өзін-өзі тежеудің, өзін-өзі тәрбиелеудің болмауы гуманистік педагогика салдарынан деп түсіндіреді.
Талдау барысында ғалымдар бұл сұрақты шешуде жеке тұлғаны қатал түрде басқару керек пе, әлде еркін тәрбие тиімді ме? деген екі жолды жан-жақты қарастырған болатын. Бірінші жағдайда жеке тұлғаны басып тастау қатері төнсе, екіншіде не оқытуға, не тәрбиелеуге мүмкіндік жоқ. Ғылымның басты ұмтылысы тәрбие беруде оңтайлы екі бағыттың да қатар жүруін қарастырды. Осы мәселе бойынша 70-жылдарда симпозиум өткен еді, онда «Адам әлеуметтік ортада дамуы үшін, ол өзін қоршаған ортада белсенді ұйымдастырушы ретінде көрсете білуі керек» деген тезис алға тартылған болатын. Қос ағым да жеке тұлғаның мынандай қасиеттерін анықтайды: эмпатия, өзін-өзі ұмтылу және басқалары. Бихевиоризм, қосымша күшпен бірігіп, гуманистік психологияның әдістерінде қолданылады: сезім рефлексиясы, психологпен баланың жылы қабылдануы. Гуманистік психология адамдардың өзара қарым-қатынастарындағы нақты операциялық әдістерге сүйенеді, ол дегеніміз педагогикада балаға неғұрлымм дұрыс бағытта әсер ету.
Мектеп тәжірибесінде оқушыларды тәрбиелеу ісінде екі тәсіл де қатар жүреді. Бұған нақты дәлел - американдық мектептеріндегі «Гайденс» қызметі. Бұл мамандар ұжымы оқушыларға оқу ісінде, әлеуметтік, кәсіби мәселелеріндегі қиындықтарды шешуге көмектеседі. Гайденс қызметкерлері оқушы өзін танып-білуге, өзара қарым-қатынас жасауға оқытады, өмірде кездесетін әр түрлі кикілжің мәселелердің шешімін табуына кеңес береді. Бұл сабақтар бұрынғы кездегі біздің сынып жетекшілеріміздің жұмыстарын еске салады. «Гайденс» қызметін каунслер-маманы, психолог, кеңесшң басқарады. Мектеп каунслері психотерапевтік (тәрбие) жұмысын жүргізу барысыда әр түрлі тәсілдерді қолдана алады: олар директивті және директивті емес.
Біріншісіне сай (бихевиоризмге сүйене отырып), каунслер байқаған нәтижелер мен деректерді зерттейді, «мінез-құлықтағы өзгерістерге көңіл аударылып, соның нәтижесінде іс-әрекеттердің түрлері ұсынылады», яғни, өзі үстемдік етеді. Екіншісі «директивті емес» тұрғысынан алғанда гуманистік психологияға сүйенеді: каунслер тыңдайды, сенім ортасын құрады, баланың белсенділігін оятады, оның мінез-құлық таңдауындағы өзіндік іс-әрекетін жігерлендіреді. Каунслер жағдайға байланысты екі тәсілді де қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет