№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2
1-бөлім-WPS Office, ICT Laboratory work 15-16, Кептертәрізділер — Уикипедия, ИКГ СЕССИЯ


№1
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН СИНТЕЗДЕУ 
 
Сабақтың мақсаты: 
Зертханадағы негізгі қауіпсіздік ережелерін органикалық 
қосылыстармен жұмыс ережелерін меңгеру. 
Циклді қосылыстардың галогентуындыларын синтездеу:
 
хлорциклогексан, иодбензол, 
бензолсульфохлорид. Бензол сақинасы бойынша электрофильді орынбасу реакциясымен танысу. 
Хлорциклогексан 
Реактивтер: 
циклогексанол– 15 г, тұз қышқылы (ρ=1,19 г ⁄см
3
) – 23,5 г, кальций хлориді. 
Құрал жабдықтар
: дөңес түпті колба, кері салқындатқыш (айдауға арналған қондырғы), 
бөлгіш воронка. 
Жұмыс барысы:
Дөңес түпті колбада 15г циклогексанолды 23,5 мл концентрлі тұз 
қышқылында ерітеді. Барлық жұмысты тартпа шкафта жүргізеді Ерітіндіні суықта хлорлы 
сутегімен қанықтырып 2 сағат кері салқындатқышпен жалғанған колбада қайнатады. 
Қайнатқаннан кейін қоспаның жоғарғы жағын сумен бірнеше рет жуып бөліп алады да кальций 
хлоридімен кептіреді. Соңынан айдайды. Шығымы 12 г. (70%). Қайнау температурасы 141
о
С. 
Қосымша өнім ретінде аздаған мөлшерде циклогексен түзіледі (қайнау температурасы 80-82
о
С). 
Дәл осындай әдістеп бром және иодциклогександы алуға болады

Циклогексанон синтезі 
 
Реактивтер: 
эфир– 15 мл, 12,5 г циклогексанол, 11,5 г натрий бихроматы, 19 г концентрлі 
күкірт қышқылы, су. 
Құрал жабдықтар
: араластырғыш, дөңес түпті үш мойынды колба, кері салқындатқыш 
(айдауға арналған қондырғы), бөлгіш воронка. 
Жұмыс барысы:
Араластырғышпен, тамшылатқыш воронка және кері салқындатқыш 
жабдықталған сыйымдылығы 500 мл үш мойынды колбаға 15 мл эфир құйып, 12,5 г 
циклогексанол ерітіндісі қосылады. Колбаның ішіндегі қоспа 10-12 °C дейін салқындатылады. 11,5 
г натрий бихроматынан, 19 г концентрацияланған күкірт қышқылынан және 125 мл судан 
дайындалған тотығу қоспасы 4 °C дейін салқындатылады және циклогексанол ерітіндісіне 
температура 5°C-тан жоғары көтерілмейтіндей жылдамдықпен араластырыла отырып қосылады. 
Ерітіндіні 3 сағат араластырып, бөлме температурасында 1 түнге қалдырады. Содан кейін бөлгіш 
воронкада жоғарғы қабаты бөлінеді, төменгі қабатын эфирмен экстракциялайды (4×25 мл). Эфир 
экстрактылары кальциленген калиймен шайқалап, натрий сульфатымен кептіріледі. Эфирді 
айдағаннан кейінгі қалдық вакуумда айдалады. Шығымы- 10,5 г (теориялық 85%).
Циклогексанон- өзіне тән иісі бар түссіз майлы сұйықтық, қайнау температурасы 47°С/15 мм 
сын.бағ., 155-156°С / 760 мм сын. бағ., ρ 0,948 г/см
3
.

Диэтил эфирі мен этаннолда жақсы, суда 
нашар ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет