№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты


Бензол және толуолға тотықтырғыштардың әсері



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2
1-бөлім-WPS Office, ICT Laboratory work 15-16, Кептертәрізділер — Уикипедия, ИКГ СЕССИЯ
5.
Бензол және толуолға тотықтырғыштардың әсері. 
Реактивтер:
Бензол, толуол, калий перманганаты, бром суы және күкірт қышқылының 
ерітіндісі.
Екі пробиркаға 1 мл калий перманганатының сұйытылған ерітіндісін құйып және 1 мл күкірт 
қышқылының сұйытылған ерітіндісін қосады. Содан кейін бір пробиркаға бірнеше тамшы бензол, 
екінші пробиркаға бірнеше тамшы толуол қосады. Екі пробирканы да қатты араластырыңдар. 
Бензол және толуолың тотықтырғышта қалай еритіндігіне көңіл аударыңдар. 
Реакция теңдеуін 
жазыңыздар.
6. Нитробензолды алу 
Реактивтер: 
Бензол, конц. күкірт қышқылы және азот қышқылы.
 
Кішкентай колбаға 2 мл. конц. күкірт қышқылы (р=1,83) мен 1,5 мл конц. азот қышқылын 
(р=1,14) құйып нитрлеуші қоспа жасайды. 
Концентрлі қышқылдармен жұмыс істегенде 
қауіпсіздік ережесін сақтау керек. 
Қоспаны салқындатып оған 1 мл бензолды 3-4 бөліп қосады. 


Бензолдың әрбір бөлігін қосқан сайын колбаның аузын шыны түтікше кигізілген тығынмен 
тығындап шайқайды. Егер колба қатты қызып кетсе оны сумен салқындатады. Колбаны қоспа бір 
текті болғанша 5-7 минут қозғайды. Сонан соң қоспаны салқыңдатып, колбаға 10-15 мл су қосады. 
Түзілген нитробензол колбаның түбіне түседі. 
Реакция теңдеуін жазыңыздар.
 
7 . С у л ь ф и р л е у
Р е а к т и в т е р
: Бензол, толуол, ксилол, концентрлі күкірт қышқылы. 
Қ ұ р а л ж а б д ы қ т а р
: пробиркалар, мензурка, сулы жылытқыш, спирт шамы. 
Бензол, толуол, ксилолдан үлкен пробиркаға 1 мл құйып, олардың үстіне 3 мл 
концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Қоспаны су жылытқышта қыздырады. Бензолы бар 
қоспаны бензол ұшып кетпейтіндей байқап қыздыру керек (бензолдың қайнау 
температурасы 80,1° С). 
Толуол мен ксилол күкірт қышқылында біртіндеп ериді. Екі пробиркадағы қоспа толық 
еріген кезде, су жылытқыштан үшеуін де алып, пробирканың сыртынан салқын сумен 
салқындатып, әр қайсысына 10-15 мл суық су құяды. Бензол бар пробиркада бензол су бетіне 
шығады, ал толуол мен ксилол сульфоқосылыстар түзу нәтижесінде, біртіндеп ыдыстың түбіне 
шөгеді. Толуол мен ксилолдың сульфирленуі метил радикалына байланысты. Ол бензол 
сақинасындағы пара- және орто- жағдайдағы сутегінің, қозғалғыштығын арттырады. Соның 
нәтижесінде толуол мен ксилол 
п-о
-толуол немесе ксилол сульфоқышқылдарын түзеді. Ал 
бензол концентрациясы өте жоғары қышқылда аз да болса, сульфирленеді, бірақ толуол мен 
ксилолға қарағанда сульфирлену өте баяу жүреді. 
Реакция теңдеулерін жазыңыздар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет