1-тапсырма. Компьютердің құрылғылары туралы мәліметтерді енгізіп, есептеулер жүргізіңіз. Ол үшін Е2 ұяшығына =C2*D2 формуласын енгізіп, Enter батырмасына басыңыз. Барлығын есептеу үшін Бастапқы (Главная)лентасындағы Сумма батырмасын пайдаланыңыз.
10.7-сурет.
2-тапсырма.Қала билеттері туралы мәліметтерді енгізіп, есептеулер жүргізіңіз. Барлығы қатарын есептеу үшін Бастапқы (Главная) лентасындағы Сумма батырмасын пайдаланыңыз.
10.8-сурет.
3-тапсырма. y1=x2-1; y2=x2+1; y=k(y1/y2) функциясын есептеңіз. Мұндағы k=10.
10.9-сурет.
4-тапсырма. Фирманың жалпы пайдасы саудалық кірістен саудалық шығыстың айырымына; барлық шығын жалақыға кеткен шығын, жарнамаға кеткен шығын және фирманың қосымша шығындарының қосындысына; өндірісітік кіріс жалпы пайда мен барлық шығынның айырымына тең. Сонымен қатар жылдық қорытынды есептеңіз.
10.10-сурет.
Ұяшық адрестерінің 3 түрі бар. Олар: салыстырмалы, абсолютті және аралас.